Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет175/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

individualization
) айрықша сəттерін
көрсетеді. Тіпті, бүгін де, біз концепция, əдеби жанрлар не философия
мектептерін қайта құрылымдап жатқан кезде, мұндай категориялар автор
мен туындының мызғымас һəм іргелі бірлігімен салыстырғанда біршама
əлсіз, екінші дəрежелі кейіпке айналып, солғын тартып қалады.
Мен мұнда автор тұлғасын əлеуметтік-тарихи тұрғыдан талдауды мақсат
еткенім жоқ. Біздің мəдениетімізде автор қалай дараланды, қандай мəртебе
иеленді, шығарманың түпнұсқасы мен өңделген нұсқаларын анықтау қай
кезде басталды, авторлар қандай құндылықтар жүйесінің қалыптасуына
үлес қосты, біз қашан қаламгердің кейіпкерлеріне емес, өзінің өмірбаянына
ой жүгірте бастадық, «автор мен оның туындыларын қарастыру» дейтін
іргелі категория қалай басталды деген сұрақтардың қалыптасу үдерісін
зерделеу қызғылықты болар ма еді, кім білсін? Дегенмен мен əзірге тек
автор мен оның мəтінінің арасындағы өзара байланысты қарастырып,
мəтіннің, қалай болғанда да, мəтіннен тыс немесе одан бұрын тұрған
«бейнені» меңзейтін тəсілдерін зерттегім келеді.
Беккет мен сөз еткелі тұрған тақырыпты керемет сипаттаған: «Кім айтып
тұрса да, бəрібір емес пе? – деген еді ол бірде. – Сөйлеп тұрса болды емес
пе?» Осы парықсыз сөзден заманауи əдебиеттің басты этикалық
ұстанымдарының бірі (
écriture
) көрінеді.
Мен «сыпайылап» айтып жатырмын. Өйткені немқұрайдылық, расында
да, адамның айту мен жазу тəсілін сипаттайтын белгіге жатпайды. Оны
имманентті (ішкі) қағида дегеніміз оң болар. Ол қайта-қайта қайталанып,
ешқашан толықтай жүзеге аспайды. Жазуды толымды, аяқталған құбылыс
ретінде көрсетпейді, бірақ оны тəжірибе жүзінде билеп төстейді. Мұның
ұзақ талдауды талап ететінін білетіндіктен, осы имманентті қағиданы екі
негізгі тақырыптың ізімен үйлестіруге болады.
Бəрінен бұрын, біз қазіргі əдебиетті бейнелеу талабынан құтылды деп
айта аламыз. Енді əдебиет өз-өзіне бағытталады. Тек өзінің ішінде
шектеліп қалмай, əдеби шығармашылық өзінің ашылған мəнімен теңеседі.
Бұл оның таңбалар мазмұнына қарағанда, оларды таңбалаушының
табиғатына сай əрекеттесетінін білдіреді. Əдеби шығармашылықтың мəні
өзінің жеке ережелерінің шеңберінен шығып, шектеулерін бұзатын ойын
(
jeu
) ретінде ашылады. Ол – шығарманың жазылу үдерісін ашу немесе
көрсету емес, əрі субъектіні тілдің құралдарымен бекіту де емес, бəрінен


бұрын, жазушы мұнда субъектінің əрдайым ішіне сіңіп кететін кеңістік
жасау мақсатын көздейді.
Екінші тақырып – əдеби шығармашылық пен өлімнің байланысы бізге
жақсы таныс. Грек эпостары үлгісінде дамып, қаһарманға өлмейтін қасиет
дарытқан көне дəстүр құрдымға кетті. Ол бұрын жастай ажал құшуға
дайын болса, оның киелі һəм дəріптелген өміріне енді ажал келмейтін
сипат дарыды; баяндаудың өзі осы өлімді қамтып өтеді. Мəселен, араб
дəстүріндегі «Мың бір түн»
 
(
The Thousand and One Nights
) ертегісінде
өлімнен қашуға болады. Өлім жазасын кейінге қалдыру үшін күн сайын
патшаға ертегі айтып, өмірін ұзартқан əйел соңына ұрпақ қалдырып
үлгереді. Шахерезада ертегілері – өмірінің аясын кеңейтіп, өлімнен сақтап
қалу мақсатында əр түн сайын жаңғырып отыратын əрекет.
Біздің мəдениетімізде əдеби шығармашылықты өліммен күресудің
құралына балайтын баяндау жайлы түсінік өзгеріске ұшырады. Əдебиет
құрбан болу жəне өзін-өзі құрбан ету идеяларымен сабақтаса бастады. Енді
осы ерікті жанпидалықтың кітап кейпіне енуі міндетті болмай қалды,
өйткені ол автор концепциясының өзінде өте бастады. Бір кездері өлместік
(
immortality
) сарынын сипаттауға тиіс болған еңбектер енді өлтіру
құқығына ие болды. Ол тіпті өзін тудырған автордың жендетіне айналды.
Біз мұны Флобер, Пруст немесе Кафканың өмірінен көреміз. Бірақ мəселе
мұнымен ғана шектелмейді, əдебиет пен өлім арасындағы жаңа қатынас
жазушының жеке қасиетінің жоғалуынан да көрінеді. Өзі мен туындысы
арасына айла-шарғыдан қамал тұрғызған қаламгер жеке мінезінің
белгілерін өшіруде. Сөйтіп, шығармадағы автордың қолтаңбасы оның
жоқтығын білдіруге ұласады. Əдеби шығармашылық ойынында автор
өліктің рөлін ойнайды.
Мұның бəрі кеше ғана болған жоқ. Сын мен философия саласы автордың
жоғалғанын яки өлімін əлдеқашан байқаған болатын. Бірақ осы
жаңалықтың салдарын жете ұғынған жан аз. Əрине, оның мəні де жан-
жақты бағаланбады. Автордың үстемдігін терістеуге бағытталған кейбір
ұғымдар, шын мəнінде, оның үстемдігін сақтап отыр. Оған қоса, оның
шығармада жоғалып кетуінің түпкі мəнін зерделеуге мүмкіндік берер емес.
Мен осындай екі ұғымды қарастырамын, екеуі де бүгінгі таңда айрықша
маңызды.
Біріншісі – шығарманың идеясы (
oeuvre
). Автор мен шығарманың
байланысын анықтау, ондағы ойлар мен сезімдерді жаңғырту сияқты
сынның міндетіне кірмейтін көзқарас жақсы таныс. Сынның міндеті


шығарманы оның құрылымы, құрылысы, ішкі формасы мен оның ішкі
байланыстар ойыны арқылы талдаудан көрінеді. Осы жерде мынадай
сұрақтар туындайды: «Шығарма деген не? Осы «шығарма» деп аталатын
қызықты дүниенің мəні не? Ол қандай бөлшектерден тұрады? Жазушының
жазған дүниесі осы емес пе?» т.б. дегендей. Алайда осылармен қатар
қиындықтар да басталады. Егер автор адам болмаса, оның жазған-сызған,
айтқан, мұрағатында сақтаған барлық дүниесін, мемуаршылар бізге
жеткізген көзқарастарын оның «шығармалары» деп айта алар ма едік?
Маркиз де Садты жазушы емес десек, оның қолжазбаларының құны қандай
күйде болады? Əлде ол түрмеде отырған кезде, шығармасы қиялдарын
ақтарып, үздіксіз қаттаған жай қағаздар орамасы болып қана қалды ма?
Тіпті адам жазушы ретінде мойындалса да, «оның жазған, айтқан
дүниесінің бəрі, қағазға қаттаған ойларының баршасы жеке шығармасы
санала ма?» деген сұрақты əр кез қойып отыруға тура келеді. Бұл мəселенің
теориялық жəне техникалық сипаты бар. Мəселен, Ницшенің жарық көрген
еңбектерін бажайлағанда, қай жерден тізгін тартқанымыз мақұл? Бəрі де
жариялануы тиіс сияқты, бірақ «бəрі» деген сөздің ауқымы қандай? Нені
қамтуға болады? Бəрі дегенде, əрине, Ницшенің өзі жариялаған дүниелерін
айтамыз. Оның туындыларының нобайларын (бастапқы нұсқалары) да ма?
Міндетті түрде. Оның қанатты сөздерін ше? Иə. Қағаздағы белгіленген
үзінділер мен ескертулер ше? Оны да. Ал егер нақыл толы жұмыс дəптеріне
қандай да бір анықтама, кездесу жайлы жазба, біреудің мекенжайы, кір
жуатын үйден келген есеп түссе ше? Бұл шығарма ма, жоқ па? Егер
болмаса, неліктен шығарма емес? Міне, осындай бітпейтін сауалдар алдан
шығады. «Шығарманы» адамның артында қалған миллион ізден қалай
ажыратып алуға болады? Шығарманың теориясы жоқ, сондықтан да
шығармалар жинағын өңдеуге тəуекел еткендердің бəрі осы теорияның
жоқтығынан зардап шегеді.
Əрі қарай жалғастырар болсақ: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет