пен уақыт ішінде тіршілік етуші шынайы болмыс ретінде əлемде һəм біздің
өмірімізде нығаяды деп түсіндірді.
XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы теориялық оқиғалар
бұл түсініктерді тереңдете түсті. Эммануэль Левинастан Жак Деррида мен
Марта Нуссбаумға дейінгі бірқатар ойшылдар біздің басқалармен қарым-
қатынасымыз адамдық əрекетіміздің ең маңызды қыры саналады деп түйді.
Дəл осы ойшылдардың көзқарасы бойынша, абстракт қағидалармен
салыстырғанда, адам баласының басқалармен қарым-қатынас жасауында
этиканың маңызы елеулі болды. «Басқалар» біздің өзімшілдігімізді
шектейді əрі бізді өзгелерге жауапкершілікпен, түсіністікпен қарауға
міндеттейді.
Білімнің дүние тіршілігі контексінде орын алу сезімі əдебиеттің уақыт
ағымында қалай тіршілік ететіні жайлы түсінікті туғызды. Əдеби
шығармаларды жарыққа шығаруға да, жариялауға да болады, бірақ оның не
екенін, нені көрсететінін оқырманның оған қалай қол жеткізетіні ғана
анықтайды. Оқырманның немесе қабылдаушының санасында шығарманың
қалай өңделгені – оның құрылымының ажырамас бөлігі. Міне, сондықтан
да əдебиет табиғатында оған деген қатынасқа тəуелді һəм құбылмалы.
Əртүрлі тарихи жəне əлеуметтік жағдайдағы адамдардың оны қабылдау
деңгейі өзгеше болса, сол əдеби шығарма бір ғана бұлжымайтын дүниені
білдіреді деп тұжырымдау ақиқат емес.
Вольфганг Изер («Өрелі оқырман» («
Достарыңызбен бөлісу: