Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет233/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

(ежелгі грек сөзі – аспап, құрал-жабдық дегенді білдіреді.
Философияда дұрыс зерттеудің құралы ұғымында қолданылады. Оны


ғалымдар Аристотельдің логикалық еңбектерінен алып жүр. – Ред.)
ретінде қызмет етуі тиіс кез келген теориядан талап етілетіні сияқты
неғұрлым сенімді жəне күмəнсіз болуы керектігі. Осы сенімділікті
барынша нанымды ету үшін дұрыс деп тапқан ұстанымымызды айқындап
беретін жағдайды мысал етіп көрейік.
Кеңістік пен уақытты өздігінен объективті деп көңілге тоқып қоялық та,
оларды өзіндік мəнге ие заттың мүмкін болуының шарты болады деп
алайық. Біріншіден, екеуіне де байланысты көптеген 
априориларға 
қоса,
даусыз аподейктік жəне синтетикалық пайымдаулар туындайды. Бұл –
əсіресе осы зерттеуде айрықша назарымызды аударатын, кеңістік ұғымына
қатысты алғанда байқалатын бұлжымас шындық. Олай болса, мен
геометриялық 
пайымдаулардағы 
априори 
синтетикалық 
болып
келетіндіктен, əрі аподейктік айқындыққа ие болғандықтан, мұндай
пайымдауларға қалай табан тіредіңіз жəне түсінік ұғымы неге сүйеніп,
қажеттілігі абсолют һəм əмбебап іске асатын шындыққа қарай ұмтылады
деген мəселені көтерер ем. Мұны белгілі бір түсінік пен аңдау арқылы
ұғына аламыз. Одан басқа жолы жоқ. Оларға 
априори
немесе 
апостериори
арқылы ғана қол жеткіземіз. Олар бұдан кейінгі формасында, нақтырақ
айтсақ, 
эмпирикалық 
түсінік ретінде, бұған қоса, 
эмпирикалық
аңдауға
негізделгендіктен, түсінік те, аңдау да қандай да бір синтетикалық
пайымдау ұсынбайды. Тек қана өзіндік зат ретінде қарапайым, яғни
эмпирикалық тəжірибе бола алады. Бірақ барлық геометриялық
пайымдауларға тəн боларлықтай қажеттілік пен абсолютті əмбебаптыққа ие
бола алмайды. Ал мұндай білімге қол жеткізудің алғашқы һəм жалғыз
тəсіліне келсек, анығырақ айтқанда, қарапайым түсініктер арқылы немесе
аңдаумен алынатын 
априори 
білім туралы айтар болсақ, қарабайыр
түсініктерден синтетикалық емес, аналитикалық білім алынатыны айқын.
Мысалы, «екі түзу сызық бір кеңістікті қамти алмайды, яғни олармен қатар
бірде-бір фигураның болуы мүмкін емес» деген пайымдауды алып, оны
түзу сызықтар мен екі санды ұғымнан шығаруға тырысыңыз. Не болмаса,
«үш сызықты түзу сызығы бар бір фигура болуы мүмкін» деген пайымды
қабылдап, оны да сəйкес ұғымдардан шығаруға тырысыңыз. Сіздің барлық
еңбегіңіз бекер, оған қоса, сіз əрқашан геометрияда жасалып жатқан тəрізді
аңдауға жүгінуге мəжбүр екеніңізді білесіз. Сондықтан аңдау объектісін
қабылдаңыз. Бірақ бұл аңдаудың қай түрі? Бұл таза 
априори
аңдауы ма,
əлде эмпирикалық аңдау ма? Егер эмпирикалық аңдау болса, одан əмбебап
жарамды пайым шықпайды. Əсіресе 
аподейктік 
пайымның туындауы тіпті


де мүмкін емес. Өйткені тəжірибе мұны ешқашан да бере алмайды.
Аңдауыңызда 
объектіні 
априори
түрде 
қабылдап, 
синтетикалық
пайымыңызға негіздеуіңіз қажет. Ішіңізде априоридің аңдау қуаты болмаса
жəне бұл субъективті жағдай формасына қатысты алғанда, бір уақытта осы
сыртқы аңдауыңыздың объектісі ретінде өздігінен мүмкін болатындай
əмбебап 
априори
шартқа да айналмайды. Объект (үшбұрыш) сізге қатысты
кез келген қарым-қатынастан тысқары өзіндік бір зат болса, онда
үшбұрышты құрудың субъективті шарты ретінде ішіңізде бар болуы тиіс
субъектіні үшбұрышқа міндетті түрде қатысты болуы керек деп қалай
айтар едіңіз? Бұдан пайымыңызға (үшбұрышқа) объектіде міндетті түрде
болуы тиіс бір нəрсе ретінде жаңа бір өрнек қоса алмайсыз ғой. Өйткені
бұл объект сіздің танымыңызға бұған дейін-ақ, білім жинау жолымен емес,
көрініс ретінде берілген. Кеңістік (ол уақытқа да қатысты) сіз үшін тек қана
белгілі бір нəрселердің тек сыртқы объектілері бола алады. Онсыз сыртқы
объектілердің субъективті шарттары өзіндік зат ретінде ешқандай маңызға
ие болмайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет