алмасатынын білдіреді. Шайпұл қол алысу арқылы алынады. Бұл шартқа
келісуінің өзі Грейстің əлеуметтік дəрежесінің төмен екенін аңғартады.
Шын мəнінде, даяшы шайпұл алуға дағдыланған. Сонымен қатар бұл оның
қандай қызмет атқарғаны я болмаса атқаратыны туралы да сұрақ тудырады.
Қалған сөйлемдер «Сөйлемнің орын тəртібі» мен «Нормативті орын
тəртібінде» бірдей реттілікті сақтайды. № 4 негізгі тармақта ақшамен бəрін
де сатып алуға болатындығы анықталды. Оны мистер Треверстің Грейсті
тиын-тебенмен сылап-сипап жатқаны да айқын түсіндіреді. Ол Грейске
Оттавадан кетуді, кедейліктен қашып құтылуды ұсынады. Грейстің бұл
мүмкіндіктен бас тартуға қабілетсіздігі жабу тармағын толықтырады.
«Ақыр соңында», біз Грейсті Т-7 сөйлемінде кездестіреміз, онда кейіпкер
детерминизмі адамгершілік биікке ұмтылу жайлы армандайтын жанның
қиялына тұсау салғандай болады. Бұл – үнемі өз жолын кеңейту
талпынысына қуат беретін жолайрығын таңдаған қыз. Оның шайпұлдан бас
тартарлық ешбір ұстанымы да, ерік-жігері де жоқ. Шайпұл, шын мəнінде,
пара, сонымен қатар үстеме пайда; Грейс деп аталатын жобаға көрсетілген
қайырымдылық. Бұл тұжырымның өзіндік логикасы бар. Ол нормативті
сценарийге таныс сюжеттік желіге синхронды түрде ілеседі: шағын-қала-
қыздың өмірін-жақсартады; бейкүнə пəк күй, өмір тəжірибесіне айналады.
Оқырмандар өздерінің ұласқан шағын əңгімесінде қабілетін байқап көріп,
əңгімені Грейстің ашкөздікке жол беруіне, өзін-өзі қамтамасыз етуді
ұйғаруымен аяқтауын қалады.
Алайда Манро бұлай жасаған жоқ. Қазір автордың таңдаған сөйлем
тəртібіне назар аударалық.
S-1. Сонан соң, ол кетуі керек екенін, əлі де шаруалары көп екенін айтты.
S-2. Оның қолын қысып, қоштасып тұрып, конвертті ұстатты.
S-3. «Екеуміз де бұны қуанышыңызға пайдаланарсыз деген үміттеміз», – деді ол.
S-4. Чек мың долларға жазылыпты.
S-5. Оған сол кезде қайтарып жіберу немесе жыртып тастау туралы ой келген болатын, ал кейде
дəл солай істегенім жөн деп те ойлады.
S-6. Дегенмен бəрібір олай істей алмас еді.
S-7. Бұл ақша оған жаңа өмір бастау үшін жеткілікті қомақты қаржы еді.
3-сурет. Оқиғаның орын тəртібі
«Соңында» деп басталатын сөйлем əңгіменің соңында емес. Енді бір
сөйлемнің өз уақытынан бұрын орналасуы, байқағанымыздай, көптеген
оқырмандардың дұрыс пайымдауына қайшы келді. Бірақ Манро үшін бұл
стратегиялық тұрғыдан орынды болды. Ол сөйлемнің жабылу тармағын
(
Достарыңызбен бөлісу: