сезінеді. Себебі оларға мəтіннен белсенді түрде өзінше мағына шығаруға
көмектесетін мəдени, тарихи, əдеби яки теориялық дискурстарға қол
жеткізу мүмкіндігі жетіспейді. Ал егер оқытушы өз пікіріндегі мəтінді
студенттерге түсіндіруге септігі тиер, бір көмегі болар деп санап, бастапқы
білімді жай ғана «бере» салса ше? Онда олардың барлығы бірдей абыржып
қалуы кəдік. Білім берудің бұл екі əдісі де əдеби мəтінді жұмбақ етуі
мүмкін. Студенттерді «мұндай тылсым əрі трансцедентті білімге толы
əдеби мəтінді оқуға қауқарсызбыз» деген сенімсіздік билеп алуы ғажап
емес. Ал егер студенттерге əдеби мəтінді немесе кез келген мəдени оъектіні
мистикадан арылтатын шығарманы туындату мен қабылдауға қатысты
теориялық дискурстарға қол жеткізу мүмкіндігі берілді делік... Содан соң
нақты мəдени-тарихи талдау жасау үшін дискурстық кеңістікпен
қамтамасыз етілсе, онда олардың мəтін дүниеге келген немесе талданған
тарихи шарттарға қатысты өздерін жəне бір-бірін оқытып, дамытатын
қабілеттеріне жол ашылар еді. Бұдан бөлек, бұл дискурстық кеңістікте
мəтінге қатысты өздерінің мəдени-тарихи негіздегі сұрақтарын ойға ала
алады. Сөйтіп, мəтінді өзіндегі тарихи күйге назар аударуға мəжбүрлейді.
Қайшылықты оқып-үйрену үлгісіне орныққан «дискурсаралық пəндер»
(Морлей, «Мəтіндер» 164) секілді белсенді рөлдерді иеленіп, мəтінді қайта
туындату процесіне араласады.
Енді дəрісханадағы жағдайға оралайық. Бұл жерде қазіргі (
модерн
)
романды туындату мен қабылдау курсынан сабақ беру үшін туындату мен
қабылдаудың əдеби һəм медиа теориясын қолданамын. Джон Фаулздің
«Маг» (
Достарыңызбен бөлісу: