нəсіл немесе əлеуметтік тапқа (Морли,
Nationwide
; Хобсон,
«Housewives»,
Crossroads
) қарай талқылайды. Автономия мен детерминизм арасындағы
осы тепе-теңдіктің сипаты əлі де болса теориялық тұрғыда ойластырылады.
Мысалы, Морли соңғы этнографиялық зерттеуінде «мəдени ресурстардың
органикалық диапазонынан (осы мəдени ресурстардың құрылымы оған қол
жеткізу мүмкіндігін сыйлайды) белсенді түрде мағына өрістетіп жатқан
адамды көре алатынымыз жайлы позициямызды қалыптастыруды» басты
мақсат
етеді
(
Family
Television
43).
Дейдре
Прибрам
«Əйел
көрермендердің»
(
Female
Spectators
)
кіріспесінде
субъективтілік
теориясының осылайша ұлғаюын фильм зерттеулеріне қосқанын атап
өтеді: «Көрермендердің белсенді қатысуын білдіретін фильмді көру
процесі – фильм кодының балама түрде қолданылуын қамтамасыз ететін
шығарманың да, тұтынушының да атсалысуымен жүзеге асады дегенді алға
тартатын анализ əдісі» (5). «
Əйел көрермендер
» мақалалар топтамасында ол
нəзік жаратылысты көрермендерді əртүрлі субъективті позицияларда, яғни
тұлға ретінде де, тарихи тұрғыдан қалыптасқан топ күйінде де, нақты бір
мəтіннің көрермендері ретінде де зерттейді (5).
Аудиторияның дискурстық позицияларын теориялық тұрғыдан қайта
іздестіру білім беру тəжірибесіне айтарлықтай ықпал етті (Мастерман;
Жиру, Симон жəне мен т.б.). Мысалы, Лен Мастерман: «Медиалық білім
беру аясындағы аудитория жауабының маңыздылығына туындының
ықпалы болғанмен, өз құқықтарының шеңберінде мағына мен мазмұнды
студенттер өздері жасамайынша жетістікке жету қиын. Белгілі бір
ақпараттар мен идеяларды қабылдаушылар ретінде ғана қарастыратын
мұндай педагогиканы бұдан əрі жалғастыру мүмкін емес», – деп түйді (30).
Аталмыш мақаланың нысанына іліккен басты нəрсе – əдеби туындыны
оқытуды теориялық тұрғыдан қайта ойластыру мен басқа да осы секілді
педагогикалық
салдарлар.
Телевизия
көрермені
–
əдеби
мəтін
оқырмандарынан кем түспейтін, «белгілі бір əлеуметтік формацияның
əртүрлі əлеуметтік тəжірибесі аясында тіршілік ететін» субъектісі (Морли,
«Мəтіндер» 170). Бір жағынан, əдебиет оқырманы мағына жасау
барысында автономия мен детерминизация арасындағы тепе-теңдікті
сақтайды. Бұдан кейін, студент оқырмандар белгілі бір əдістің көмегімен
автономия мен детерминизация арасындағы тепе-теңдікте сыни мəліметпен
қарулану арқылы жұмыс істей алатын теориялық жəне тəжірибелік
негіздерді алға тартамын. Бұл оларға əдеби мəтіндерді өз көзқарастарына
сай, қорыта
Достарыңызбен бөлісу: