ойларын адам жынысы жайлы мəдениетке кіріккен түсініктердің маңызды
қорытындыларына, сонымен қатар ғасыр тоғысындағы дублиндік əйелдер
турасындағы
қайшылықты
түсініктердің
нақты
талдауына
əкеліп
тоқайластырды. Біз «Пенелопа» тарауын оқыған сəтте осы пікірталасқа
қайта оралғанымызды ұқтық. Бұл жерде тек қана Молли Блумның неліктен
бұлай суреттелгенін (төсекте, етеккір келген кезде, көбіне қате ақпар алған
болып шығады т.б.) ұғу үшін ғана емес, бұған қоса, Молли жөнінде
сыншылар тарапынан айтылған кереғар пікірлерді сарапқа салып, оған
тарихи тұрғыдан баға беру үшін де осылай жасауды ұйғардық.
Сөйтіп, бұл мақала педагогикалық тұрғыдан да, теориялық жағынан да
сəтті дүние болып шықты. Студенттер өздері оқыған əртүрлі ирланд
тарихына қатысты теориялық материалдардан мысалдар тауып қана қойған
жоқ, біржақты теоретиктерді оқып, ұғына алмай айран-асыр болған
дүниелерді де игерді. Өз білімдерін ұштап, байыбына да бара білді.
Кітапты оқып, зерделеуде теория маңызды негіз болар тұста ғана оларға
теорияны тəжірибеге енгізу һəм білім алу мен үйренуге қатысты
жауапкершілікті өзара бөлісіп арқалау ұсынылды. Олар пассив шəкірт
рөлінен белсене білім туындатушы рөліне ауыса алды.
«Өндірістік» сипаттағы эсселердің барлығы дəл осы секілді соншалықты
терең мəнге ие бола қоймас. Əйтсе де, олардың дені дəрісханамызға жаңа
білім қорын алып келеді. Оны студенттер барынша еркін отырып
талқылайды. Сұрақ қойып толықтырады. Өйткені бұл эсселерді оқытушы
емес, өздері секілді студенттер ұсынған еді. Содан да болар, олар батыл.
Кейде студенттер мен білмейтін кітаптар мен мақалаларды да оқып келеді.
Сондықтан мен де сұрақтарымды көбіне студенттің көзқарасына
орайластырып қоямын. Курстың ізденісіне қарай барынша көп студент
жоба алып, белгілі бір салада тəжірибе жинайды. Фрейрдің: «Оқытушы
бұдан былай тек оқытатын адам ғана болып қалмайды, студенттермен
диалог барысында кері байланысқа түсіп, бір-бірін оқытады», – деп
жазғаны бар. Сол деңгейде оқу жағдайын ұйымдастыру мүмкін болады
(67).
Мен талқыға салуды ұйғарған «туындату» жайындағы эссе жазу тек
тапсырма күйінде ғана жүзеге асып отырған жоқ, есесіне, курстың кейбір
күтілген теориялық болжамдарын да суреттеп берді. Енді мен дəрісханада
барынша диалектикалық сипатта өрбіген туындыны «қабылдау» жайлы
эсселерге үңілгім келеді. «Наусикая» (
Достарыңызбен бөлісу: