сынның алдында мейлінше борыштар. Əртүрлі, əйтсе де, бір-бірімен
қиюласып қалатын əдістер бойынша Терри Иглтон, Пьер Мачерей,
Фридрих Джеймсондар тарихи формацияларды зерттеудің маңызды екеніне
назар аудартты. Бұл жазылған мəтіннің қатыстылығы күмəнсіз саналатын
контексті түсіну үшін ғана емес, мəтін дүниеге келген һəм көбіне
бейсаналы түрде мəтінде орын алған əлеуметтік формацияның қарама-
қайшылығы мен шиеленісін
симптомдық
(
symptomatically
)
тұрғыда оқу
үшін де маңызды. Мачерей мəтінде жоқтығы айқын, бірақ сонда да мəтін
тарихының бір бөлігі саналатын «жоқ болулар» туралы айтады. Оның өз
сөзімен келтірсек, мəтін: «
қалаған
дүниесін айту үшін баяндауға
мəжбүр
болады» (94). Сын осы «жоқ болуларды» артикуляциялауда күткендей,
мəтіндегі тіршіліктің адам төзгісіз қайшылығын електен өткізуге мүдделі.
Оған қоса, идеологиямен келісімге қол жеткізу үшін осы «жоқ болулар»
қалдырған ізді табатын əдісті ойлап табуға мəжбүр еді.
Алайда маркстік сын əдеби мəтінді қабылдаудағы материалдық һəм
тарихи жағдайлар жөнінде жарытымды ештеңе айтпайды. Ол, негізінен,
олардың туындау жағдайларына бағытталған. Мысалы, «Сын жəне
идеология» (
Достарыңызбен бөлісу: