Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет248/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Мəтіннің 
концепті нақты жəне құбылмалы, «мəтін» бетпе-бет келген əрі
оны қорыту барысында əртүрлі анықтамалар үстелетін тарихи айрықша
функциялар 
мен 
эффектілердің 
концептімен алмастырылуы қажет (148).


Беннеттің еңбегі оқырмандар мен оқу процесінің орнын бағамдауда тарихи
материалистік модельдің айтарлықтай озық үлгісі саналады. Осы мақалада
мен оны сипаттап шығамын. Рецептивті эстетика маманы Яусс əдеби
шығармаларды қабылдау тарихына қатысты айтарлықтай ауқымды талдау
ұсынады. Оның түсіну жайлы пікірі Гадамер герменевтикасынан алынған.
Ол мəтін мен оның өткен тарихы арасындағы «көкжиектің бірігуін»
білдіреді, яғни олар нормалар, болжамдар, құндылықтар мен оны күтіп
тұрған сыни қабылдаулар һəм қазіргі мəдени перспективалар.
Яусс: «Əдебиет тарихы дегеніміз – қабылдау қабілеті жоғары
оқырманның, ойлы сыншының жəне оны əрдайым туындатып отыратын
авторының һəм осылардың əрқайсысының əдеби шығармаларды пайдаға
асыратын өзіндік орны бар эстетикалық қабылдау мен туындату процесі», –
дейді. Əдеби оқиға əрекет етуін тек одан кейінгі біреудің келіп үн қатқан
кезінде немесе қайталап үн қатқан шағында жалғастырады. Мұны қалай
түсінсек болады? Яғни бұрынғы шығармалар мен авторларды қайтадан
лайықты түрде басып озғысы, оларға еліктегісі немесе оларды жоққа
шығарғысы келетін оқырмандар табылған сайын əдеби оқиға да өміршең
бола түседі» (21–22).
Осылайша, Беннет секілді, Яусс та əдеби мəтіндердің мəні мен əсері олар
оқылған кездегі шарттарға тəуелді болатын тарихи белсенді тіршілік иесі
саналады деп көрсетеді. Бірақ Яусс: «Мəтінді қабылдауда өте ірі
идеологиялық мəселелердің де маңызды екенін мойындаймын», – деп
тұжырым жасағанда, «Əдебиет тарихының міндеті… тек əдебиетті
туындату ісі «жалпы тарихқа» өзінің айрықша қатынасы бар «ерекше
тарих» ретінде қарастырылған кезде ғана аяқталады» деп түйеді (39).
Əдеттегідей оның еңбегі тек эстетика тарихына ерекше ден қоюмен
ерекшеленеді. Ол оқырманды барынша ауқымды мəдени жүйелердің
субъектісі ретінде емес, көбіне мəтіннің субъектісі яки басымдыққа ие
эстетикалық код ретінде көреді.
Осыған байланысты, мен Беннет пен Яусстан кейбір пункттерді алып,
оны Морлидің еңбегімен һəм басқа да субъектив жайлы пікірлермен
ұштастырып, оқуды теориялық тұрғыда қарастыратын тəсіл ұсынғым
келеді. Оны шығарманы туындату мен қабылдаудың арасында терең
айырым жасайтын осы мақалада ғана қағазға түсіре аламын. Бұған қоса,
қабылдауды шығарманы туындатудың бір формасы ретінде қарастыруға
болады. Оқу процесін диалектикалық əрі тарихи процесс ретінде зерттеуге
һəм оқырманды еркін тұлға ретінде емес, мағынаның белсенді құрушысы


ретінде қарастырған жөн. Сонда одан туындыға қатыстылықтың белгілі бір
деңгейіне иелік ететін тарихтағы субъектіні көруге болады.
1
«Туындату» мен «қабылдау» терминдерін салыстырудың өзі «туындату»
терминін коннотациялық белсенділігі мен онтологиялық артықшылығына
сəйкес басым терминге айналдырып, иерархияны қалыптастырады. Ал
қабылдау, керісінше, «өзінен белсенді түрде ертеректе жаратылған
дүниенің» қабылдаушысы болып, пассив саналады. Тіпті біреу «қайта
туындатуды» «қабылдауға» алмастырғанның өзінде де, əлі де дəл сол
дилеммамен бетпе-бет келеді. Өйткені «қайта туындату» бастапқы
туындату жүзеге асуы мүмкін сəтке айрықша əсер танытады. Ол бұған
дейін жасалғанның тек қайталауы болып қана қоймай, белгілі бір жолмен
оның жасанды көшірмесіне айналады. Шамасы, бұл саналы айырым түрі
«мəтіннің өзін» жəне «мəтіннің мағынасын» немесе «автордың ниетін»
оқырманның «түйген мағынасына» қатысты жігерлендіру дəстүрінің
негізінде жасалатын ежелден келе жатқан тенденция болса керек.
Оқу процесі объективті дүниені пассив түрінде қабылдамау үшін өткен
шақ пен осы шақ арасындағы əрдайым өзгеріп тұратын диалог болады,
өйткені осы шақ оқырмандарды мəтінге қатысты сұрақтарды қоюға
итермелейді. Мұны өткен шақта қою, бəлкім, «заңдылық» ретінде көрінбес
еді. Беннет мəтін, оқу мен контекст арасындағы байланысты ашып көрсету
үшін «оқып-үйрену үлгісі» деген терминді енгізді (яғни, оқырман
студенттердің бірнеше топқа бөлініп, мəтінді терең талдап зерттеп-үйрену
үлгісі). Бұл тарихтың кез келген сəтіндегі оқу əдістерін анықтайды (7–11-
мəтіндер). Оның оқып-үйрену үлгісі жайлы концептісі Яусстың «үміт
көкжиегіне» ұқсас. Бірақ оның артықшылығы ірі əлеуметтік əрі тарихи
күштерді айқын көрсетеді. Бұған қоса, кейде эстетиканың да шеңберінен
шығып кетеді. Беннет оқумен байланысты жағдай қоғамдық тұрғыдан
болсын, дискурстық қырынан болсын анықталып қойғандықтан, белгілі бір
мəтін түрлері яки белгілі бір əлеуметтік факторлардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет