келген нақты оқу əрекетінде мəтінде пайда болуы мүмкін көптеген сыни
пайымдарды қозғамайды.
Марксизмнің неліктен қабылдауды ауқымды түрде талқылаудан қашуын
болжау өте қызық. Дегенмен ол мəселені толық қарастыру бұл мақаланың
аясына кірмейді. Сондықтан біз оған тереңдеп баруды мақсат етіп
отырғанымыз жоқ. Бəлкім, Иглтонның «тұтынушылыққа шоғырланған»
(86) деп атаған шығармаға қатысты пікірлері бейне бір мəтіннің
«түпнұсқалылығын» қамтамасыз етіп, оқырманды өз-өзімен мəмілеге
келуші тұлға ретінде сипаттайтын либерал гуманистік түсінікке бой
алдырып алмау қаупінен туған болса керек (86). Əйтсе де, америкалық
рецептивті эстетика сынының, əсіресе жетпісінші жылдары оқырманды
автоном тұлға ретінде қарастыруға бейіл болғаны рас һəм оқырманның
мəтінге қатысты «субъектив» пікіріне басымдық берді (Блэйч). Медианы
қабылдау теоретиктері жасағандай, субъект теориясын автономия мен
əлеуметтік құрылыс арасындағы тепе-теңдік секілді жасап шығу да толық
мүмкін жағдай. Бірақ субъект жайлы мұндай белгілі түсінікті дамыту үшін
маркстік сынның негіздерін, бəлкім, қайта қарау керек шығар.
Əртүрлі көзқарастар тұрғысынан Тони Беннет пен Ганс Р. Яусс мұны
қайта қарап, ой елегінен өткізуге тырысқаны байқалады. Əдеби жəне
бұқаралық мəдениет талдауын қамтитын еңбекте Беннет пен Дженет
Вуллакотт «туындыны туындату мен оны қабылдау бір-бірін қыспаққа
алатыны соншалықты – «мəтіннің өзі» жайлы айту мүмкін емес» деп түйді;
«мəтіннен тыс» пен «мəтін ішіндегі» арасында да айқын шекара жоқ;
сəйкесінше, алғашқысы екіншісіне қысым жасап, оны қайта құруына жол
бермеуі ақылға қонбайды, олай болуы мүмкін емес» (263). «Формализм
мен марксизмде» (
Marxism and Formalism
) Беннет бəрінен бұрын Мачерей
мен Иглтонды сынға алады. Олар еріксіз түрде əдеби шығарманы жоқ
болулар мен қайшылықтардың маркстік «ашылымдарының»
(
discoveries
)
қайнар көзі етті. Бұған қоса, маркстік сын жақтаған аталмыш оқу əдісі осы
қайшылықтарды қабылдауға мүмкіндік береді: «Бұл [маркстік сын]
«əрдайым
мəтінде»
болады,
бірақ
көзге
көрінбейтін
қарама-
қайшылықтарды қалпына келтірмейді;
маркстік сын мəтін ішіндегі
қарама-қайшылықтарды оқиды
» (146). Оқудың кез келген тəсілі өз алдына
қызықты саналғандықтан, оқу процесі қалай болғанда да тарихиланады.
Достарыңызбен бөлісу: