Талғам адамға «əлеуметтік кеңістікте өзіндік орнын бере отырып», сол
адамның жеке басының сұранысы мен қажеттіліктерін айналасындағы
заттарға, іс-қимылдарға таңа бастайды. Талғамға қарап əлеуметтік
кеңістіктегі іс-əрекеттердің құндылығын, мəнін, қоғам мүшелері мен
материалдық дүние арасындағы сəйкестіктер туралы ой түюге болады.
Сондықтан да əлеуметтанушылар жіктеген əлеуметтік агенттер жіктеудегі
жетекші субъектілер ғана емес, сондай-ақ жіктеу əдісінің негізін
қалаушылар да болып саналады. Əлеуметтік қатынастарды түсіну үшін ол
қатынастар туралы практикалық білім қажет, əрі ол білім əлеуметтік
қатынастарға ішінара да, толықтай да біржақты қарауға болмайды деген
идеяға негізделуі тиіс. Һабитус схемасында білімнің объектісі өз кезегінде
субъектіге айналатыны һəм бойындағы білімді объектіге таңа алатыны
айтылады. Бірақ бұл жерде адамның білуге талпынатын бүкпесіз əлеміне
оралу жайлы, əлемнің айқын сипатына жол ашатын білім (сонымен бірге
оларды көрсететін күштер) туралы да əңгіме болып отырған жоқ. Бұл осы
білімге түпнұсқа (төл) құраушы күштің берілуін де білдіреді. Бірақ
объективті қасиетке тəн объективті концепция осы күшті терістейді. Ол
жалпы білімді немесе теориялық білімді шынайы əлемнің жай ғана
көрінісіне айналдырады.
Маркс «Фейербах жайлы тезистерінде» (
Theses on Feuerbach
), сынмен
түйрегендей, енжар (
passive
) жазбалармен ғана білім жасап (яғни білімді
енжар жазумен ғана шектеп), идеализмге қатысты білімнің «белсенді
қасиетін» тəрк еткен еді. Алайда білімнің материалистік теориясын
тудырып жатырмыз дегендер барлық білімнің, тұтастай əлеуметтік білім
əлемінің ой мен лебізді жүзеге асыру құрылымының əрекеті екенін,
тіршілік пен тəжірибенің немесе түсінік шарттарының арасына күрескіш
құралдардың белсенді қабілетінің килігетінін ұмытып кетеді. Ол
механикалық түрткілермен механикалық тұрғыда əсерлесуден жырақ
тұрып, əлемнің үндеуіне яки қауіптеріне жауап береді. Аталмыш құралдар
осы əлемнің мəнін тудыруға көмектескен. Дегенмен осы əрекеттің
принципі интеллектуалды жəне антигенетикалық идеализмнің қағидасы
яки əмбебап формалар мен категориялар тəрізді емес. Бірақ ол ұжымдық
тарих пен тəжірибеге арналған (тек білім үшін емес) практикалық күйдегі
функция барысында құралатын, игерілген, пайда болған схемалар жүйесіне
ұқсайды.
Достарыңызбен бөлісу: