Қалыптасқан әлеуметтік құрылымдар
Бұл, біріншіден, əлеуметтік ғылымның əлеуметтік əлемді құрастыруда
төмендегідей айғақты назарда ұстайтынын білдіреді. Бұған сəйкес,
агенттер өзінің қарапайым тəжірибесінде əлеуметтік əлемді құрастырудың
субъектілеріне айналады. Əйтсе де ол, жекелей алғанда, осы құрастыру
принципінің əлеуметтік тегін (генезисін) сипаттауды көздейді. Осы
принциптердің əлеумет əлеміндегі негізін іздейді.
3
Ол əдетте білімнің
белсенді қасиетінің танылуына жол ашатын антигенетикалық соқыр
сенімдермен бірге күйрейді. Десек те меншіктің объективті бөлінісінде,
əсіресе материалды нəрселерде (барлық нəрсені таңдау мен жіктеу керек
деп ұйғаратын санақ пен зерттеулер арқылы ашылады), жіктеу жүйелерінің
негізінде көрінеді. Мұнда агенттер өз-өздерін жіктеумен ғана шектелмей,
барлық заттарға да қолданылады. Кейде «когнитивті» тəсіл (
approach
) деп
те аталып жүрген этнологиялық форма (құрылымдық антропология,
этноғылым, этносемантика, этноботаника т.б.) мен əлеуметтік форма
(интереакционизм, этнометодология т.б.) менталды құрылым мен
классификацияның тегі туралы мəселені елемейді. Керісінше, əлеуметтік
ғылымдарды бөлу принциптері мен əлеуметтік бөлудің (жынысы мен буын
арасындағы т.б.) арақатынасына, бұл принциптерді сай қолдануға
(статистиканы пайдалануға) көбірек мəн береді.
Əлеуметтік агенттердің (
social agents
) практикалық білімі арқылы
орындалған əлеуметтік əлемнің когнитивті құрылымы «жүріс-тұрыс
элементтерін
қабылдаған»
(
internalized
)
,
«қалыптасқан»
(
embodied
)
əлеуметтік
құрылымдар
саналады.
Əлеуметтік
əлем
жайындағы
практикалық білім бар жерде таптарға (жас айырмашылығына, жынысына,
əлеуметтік мəртебесіне байланысты) объективті түрде бөлудің нəтижесінен
туындаған жəне сана мен дискурстың деңгейінен төмен жүретін жіктеу
схемасымен (коннотацияны есептемесек, басқа жіктеу формалары,
менталдық құрылымдар, символдық формалардың бəрі бір-бірінің орнын
баса алады) қабылдап, түсінудің тарихи схемалары «саналы» түрде
жасалады. Əлеуметтің іргелі құрылымдарын біріктіретін бөлудің бұл
принциптері əлеуметтің барлық агенттеріне ортақ саналады əрі жалпыға
бірдей түсінікті (
meaningful
)
,
адамдардың ақылға сыйымды əрекет ететін
əлемін (
common-sense world
)
қалыптастыруға септігін тигізеді.
Мұндай əлеуметтік формациядағы субъектілердің бəрі қосылып,
қабылдаудың негізгі схемасын түзеді. Ал ол схема бастауын əдетте əртүрлі
салада тұлғаларды жіктеу мен саралау үшін қолданылатын антагонистік
сипаттағы заттандырудан алады. Жоғары (биік, асқақ, таза), төмен (аласа,
таяз, қарапайым), рухани һəм материалды, көркем (нəзік, сұлу), дөрекі
(ауыр, семіз, қатыгез), жеңіл (қу, пысық, икемді, сұңғыла), ауыр (баяу,
толық, епсіз, ақымақ, қиын), еркін (мəжбүрлі, кең, тар) сияқты антонимдер
мен бірегей (сирек, көрнекті, айрықша, дара, жаңа), жалпыға ортақ
(қарапайым,
əдеттегі,
ұсақ,
бірсарынды),
озық
(интеллектуалды),
қарабайыр (түсініксіз, іш пыстырарлық, дарынсыз) деген ұғымдар
күнделікті өмірімізден орын алатын сипаттамалар. Бұл сипаттамалардың
астарында қоғамда қалыптасқан тəртіп жатыр. Мұндай қарсы мəндегі
ұғымдар желісі үстем «элита» мен бағынышты, ынтымағы нашар, тек
статистика үшін ғана есепке алынатын «бұқара» арасындағы қарама-
қарсылықтан бастау алады. Бұл желінің мифтік түбірі келер ұрпаққа да
жетіп, буржуазия үйлері «тегістік», «қарабайырлық», «біртектілік» сияқты
апокалипсистік кертартпа əрекеттер мəңгі қоғамды ақтау (
sociodicy
) ретінде
қайта-қайта қайталанып отырады. Буржуазия құлдырағаннан кейін, оның
жеке кеңістікке ыдырауы біртектілікке, ұқсастыққа, сан мен мөлшерден
қорқатын сипатқа ие болады.
4
Əлеуметтік мифологияның ішіндегі ресми қайшылықтардың басым
көпшілігі əлеуметтік тəртіптің шеңберіндегі ең ірі сəйкессіздіктен бастау
алады. Олар еңбек бөлінісіндегі үстем һəм бағынышты тараптар
арасындағы
қарама-қайшылықтан,
еңбек
үстемдігіне
негізделген
алшақтықтан тұрады. Үстемдіктің зайырлы һəм рухани екі принципінің,
үстем жəне бағынышты екі күштің, материалды əрі интеллектуалды
тараптардың арасындағы т.б. қайшылықтан арна тартады. Олай болса, оған
əлеуметтік кеңістіктің картасына субъектілер қабатында саналы түрде
орныққан, адамзат қауымдастығы арасындағы қатынастарда тарихи
қалыптасқан жəне белгілі бір санатқа жататын нақты кестесі ретінде
қарауға да болады. Жіктеудің осындай схемасы (жəне айтылған бірін-бірі
терістеу) поляр позициясының өрісінде əлеуметтік таптардың ұқсас
қайшылықтарының əлеуметтік топтар мен гомологиялық мəдени өнім
саласында басымдық беретін құрылымын жаңғыртады һəм онымен сəйкес
(
homologous
) болып саналады (мысалы, буржуазия мен авангард театр
арасындағы сəйкессіздікте). Негізгі алшақтық екінші, үшінші немесе n-ші
қайшылықтарды ушықтыра түседі (этикалық-эстетикалық тұрғыдан «пəк»
сезімін жоғарылатып яки төмендетіп, сұлулық туралы түсінігін атүсті не
күңгірт етіп, стилін жеңілдетіп я болмаса ауырлатып т.б.), өзі де үлкен
эвфемизмге айналады.
Осылайша ауыр мен жеңіл арасындағы қайшылық, бірқатар жағдайда,
əсіресе схоластикалық тұрғыда қолданылғанда, танымал немесе ұсақ-
буржуазиялық талғамды буржуазиялық талғамнан ажыратуға көмектеседі.
Үстем таптың үстемдік көрсетіп отырған бөлігі қанаушы дидактизмге
ұшыраған
«интеллектуалдық
театр»
мен
оның
биязылығы
мен
сыпайылығы үшін мақтауға бейім буржуазия театры арасындағы
арақатынаста
қолданылады.
Керісінше,
«интеллектуалды»
сын
құндылықтарды өзгерте отырып, оның дəл сол сəйкессіздіктің өзгерген түрі
екенін, жеңіл, қиындығы жоқ қайшылық екенін білдіреді. Сол сияқты, оң
мен сол арасындағы қайшылық та, түптеп келгенде, үстемдік пен
бағыныштылықтың арақатынасын көрсетеді. Үстем таптың өз арасындағы
үстем бөлігі мен бағынышты бөлігі арасындағы арақатынасын сипаттайды;
бұл жерде оң мен сол сөздері «Оң жағалаудағы театр», «Сол жағалаудағы
театр» дегенге саяды. Бұл «дереализацияның» келесі деңгейінде,
авангардтық көркемөнер мен əдебиет топтары бəсекеге түскен екі
тенденция арасындағы айырмашылықты табуға қызмет етуі де мүмкін.
Бұл екі топты жеке-жеке қарастырғанда, екі топтың да талғам жайындағы
тұжырымдық дəйектеу құралдарының жүйесі өте-мөте жұпыны жəне
екіұшты екенін аңдауға болады. Дəл осы себептен де бұлыңғыр əсер
қалдырады. Осы жұптардың бірін нақты қолданудың мəні əркез бір-бірінен
ерекшеленетін, əдетте бұлыңғыр сипатта көрінетін ғаламдық сұхбатқа
қатысына қарай толығып, көркейе түседі. Өйткені бұл – сөйлеушінің
стратегияларын анықтайтын аймақтағы өз-өзінен түсінікті айғақтар мен
ұйғарымдар жүйесінің мəселесі. Бірақ қолданысына қарай айқындалатын
осы жұптардың əрқайсысы тек бір рет жұмсалып қалмай, басқа да
жерлерде кəдеге жарауы мүмкін. Өйткені мұнда бір аймақтан екіншісіне
өтуге мүмкіндік беретін сəйкестіктер бар. Сонымен бірге бір-бірінен аздап
ерекшеленетін контекстерде өз араларында, өз пішінінде немесе екі түрлі
мəнде өзгеріске түсуге қабілетті басқа да жұптар (мəселен, жеңіл/ауыр үшін
əдемі/дөрекі секілді) бар.
Қарапайым тілде жинақталған жартылай құралған қайшылықтар
(
oppositions
) əлеуметтік əлемнің үстем көрінісінің негізі ретінде ұқсас
құндылықтарға
ие.
Таптарға
бөлінген
əлеуметтік
формацияда
(«адамдарды» шексіз құмарлық пен сексуалдық объект ретінде көру
тенденциясын қарастырайық) адам таптық қоғамның бəрінде де дəл сол
негізгі қатынастар, оның ішінде, басты тəртіп (жоғары/төмен, күшті/əлсіз
т.б.) болып, барлық таптық қауымдар арасында қалыптасады. Жорж
Дюбидің өзі əлеуметтік құрылымдардың заңдылығы бойынша тамыр
жайған феодалдық қоғам жағдайындағы сəйкессіздікті ашып көрсетті.
Ол Жорж Дюмизель зерттеген дəстүрлі үштік құрылымды қайта зерделей
келе, феодалдық қоғамның негізі болып отырған əлеуметтік құрылым сол
қоғамға заңды сипат беретінін айтады.
5
Оның ұйғаруынша, мұндай қоғамда
инвариантты қайшылыққа толы қарым-қатынастың басымдығы айқын
көрініс табады. Одан əрі, ол мұндай қоғамда кез келген таптық қоғамдағы
таптық бөлініске тəн екі принциптің тоғысатынын, яғни үстем тап пен
бағынышты тап арасындағы бөлініс пен үстемдік орнатуға тырысып
отырған топтар (
bellatores
) мен шешендер (
oratores
), бизнесмендер мен
интеллектуалдар арасындағы айырмашылық анық көрініс табатынын тілге
тиек еткен.
Достарыңызбен бөлісу: |