байланыс өзінің аясында санмен де, ұғыммен де сипаттауға келмейді.
«Басқа» шексіз трансцендентті, шексіз бөтен болып қала береді. Дегенмен
оның Тəңірлік сипатынан куəлік беретін һəм менімен тілдесетін келбеті
біздің тіршілігіміз арқылы жетіліп, біз үшін ортақ болуы мүмкін Əлемнен
ажырайды. Оның іргесін аулақ салған əлемі біздің табиғатымызда бар əрі
ол біздің өміріміз арқылы ғана көркейіп дамиды. Бірақ сөз абсолютті
ерекшеліктен
келіп шығады, нақтылап айтар болсақ, абсолютті ерекшелік
тектен (
genus
) түрлерге (
species
) берілетін логикалық байланыс өзімен
үйлеспейтін мəліметпен қайшы келетін сипаттау үдерісінде тумайды.
Мұндай ерекшелік логикалық иерархияға тəуелді болып қалады. Демек,
ерекшелік логикалық тізбектен өрбіп шығып, ортақ түрлер негізінде өмір
сүреді.
Формалды логика ұғымымен түсіндіруге келмейтін абсолютті ерекшелік
тек тілдің көмегімен қалыптасады. Тіл тектің бірлігін күйрететін ұғымдар
арасындағы байланысты жүзеге асырады. Сөз, ұғымдар, сұхбаттастар
байланыстан
ажырайды, кейде байланыс ішінде қалады. Тілді болмыс не
тарихтың жалғаспалы сипатын үзуге қабілетті күш ретінде анықтауға
болатын шығар.
Біз жоғарыда айтып өткендей, «Басқаның» сұхбатқа қатысуының
түсініксіз сипаты теріс сипатталмайды. Бір сəтке тілдің трансцендентті
құбылысты көрсетумен түйінделетін формалды əрекетін тоқтату қажет, сол
кезде оның мəні əлдеқайда терең байқала түседі. Тіл – жекелеген ұғымдар
арасындағы қарым-қатынас. Əрине, біреулер үшін ол тақырып болып
көрінуі мүмкін, бірақ оның қатысуы тақырып төңірегінде шектеліп
қалмайды. «Басқаны»
сипаттайтын сөз, əлбетте, «Басқаны» өзіне қосып
алады. Бірақ, міне, ол сұхбаттас ретінде өзін қамтитын тақырыптың
шегінен шығып, айтылған сөзден кейін бой көрсететін «Басқамен»
байланысқа түседі. Сөз үнсіздік орнаған кезде де естіліп тұрады, оның
салмағы «Басқаның» сұхбаттан жалтаруын сезінуге мүмкіндік береді.
«Басқаны» қамтитын таным сол сəтте сөзге орын береді. Осы сөз арқылы
мен «Басқаға» тіл қатамын. «Басқамен» байланыс құратын амал – сөйлеу,
«болмысқа жол ашу емес». Сөз көріністен ерекшеленеді. Танымда я
болмаса көріністе көрінген объект, əрине, əрекетті анықтауы мүмкін, бірақ
бұл – көрінген құбылысты өзіне бейімдейтін, оны əлеммен біріктіретін,
оған мəн дарытып,
ақыр аяғында, оны айқындайтын, сөзбен білдіретін
əлем. Сөздік сұхбат барысында менің сұхбат тақырыбым ретінде көрінетін
«Басқа» мен тақырып аясына сыймайтын, менің сұхбаттасым ретінде
көрінетін «Басқа» арасында күмəнсіз бой көтеретін айырмашылық менің
сұхбаттасыма берілген мəнді тексеріп-тергейді. Осымен тілдің формалды
құрылымы «Басқаның» этикалық мызғымас сипатын, оның «киелі»
қасиетін жариялайды.
«Келбет» дискурс арқылы менімен қарым-қатынас орнатады деген уəж
оған «Бірдей», ұқсас сипат беруге жол бермейді. Ол қарым-қатынас кезінде
де абсолют болып қала береді. Бұл жағдай – «Басқа»
бірдей қасиеттің
тұтқынында қалды» деп əрдайым күмəнданатын солипсистік сана
диалектикасының күні өтті деген сөз. Шын мəнінде, сөздік сұхбат,
байланыс мəнін білдіретін этикалық қарым-қатынас «Меннен» шұғыла
шашып шығып жатқан сананың алуан түрлі қасиетіне жатпайды. Ол
«Менге» күмəн келтіреді. Сондықтан осы күмəннің түпкі себебі де
«Басқадан» бастау алады.
«Бірдей» қасиет аясына кірмейтін, бірақ оның шегінде орналасқан
болмыстың сұхбатқа қатысуы өзінің «шексіздік» мəртебесін нығайта
түседі. Осы шексіздік əрекеті «шарасынан шығу»
деп аталады, ол кесенің
жиегінен төгілген сұйықтан ерекшеленеді. Өйткені мұндай өз шегінен
шығып кететін үдеріс ұқсастық, келбет алдындағы позиция ретінде жүзеге
асырылады. Қарсы алдындағы позиция, яғни қарсы келу тек моральдың
арқасында ғана орын алуы мүмкін. Мұндай қозғалыс «Басқадан»
басталады. Шексіздік идеясы шексіз түрде тұрақты «Келбетке» қатынас
түрінде нақты жүзеге асырылады. Шексіздік идеясы ғана «Басқаның»
«Бірдей» қасиетпен қатынасындағы сыртқы сипатына қолдау көрсетеді. Ол
осы қатынасқа қарамастан жүзеге асады. Сондықтан мұнда онтологиялық
дəлелге балама байланыс пайда болады. Атап айтқанда, адам болмысының
сыртқы сипаты оның маңызына енген. Алайда мұнда сана əрекеті туралы
сөз болып жатқан жоқ, «Келбеттің» эпифаниясы жайлы баяндалып жатыр.
Мүлдем
«Басқаны»
білуге
деген
метафизикалық
талпыныс
интеллектуализмге шабыт бітіріп (немесе сыртқы əлем
жайлы қағидаға
сенетін радикалды эмпиризм), өз қуатын «Келбетпен» табысуға не
«Шексіздік»
идеясына
бағыттайды.
«Шексіздік»
идеясы
менің
қабілеттерімнен асып түседі. Бірақ оның əлеуеті менің қабілетімнен сандық
жағынан басым емес, ол менің қабілетіме күмəн келтіреді. Ол біздің жан
дүниеміздің тереңінен бастау алмайды, өйткені ол табиғатымызға тəн
(априорлы) қасиет емес; демек, ол – тəжірибемен келетін қасиет.
Канттың шексіздік ұғымын сана идеалы, оның тылсым əлемге деген
талабының көрінісі, кемшін болмысты кемелдендіретін құбылыс ретінде
түсінеміз. Бұл сəтте кемшін (аяқталмаған, толыспаған)
болмыс айрықша
шексіздік тəжірибесімен қайшылыққа түспейді əрі онымен қайшы келіп,
өзінің шектеулі сипатын көрсетпейді. Осыдан бастап шектеулі əлем
шексіздікке ұласпайды. Керісінше, шексіздік шектеулі əлемді тоқтаусыз
ұлғайтады (оның үстіне, бұл шектерге өту немесе бұл көрініс өзіне
Декарттың енгізген нəтижелерін қосып алады жəне көрініс (проекция)
идеясы болып көрінеді). Канттың шектеулі болмысы Хайдеггердің «ажалды
болмыс» тұжырымы тəрізді сезімдік əлемде оң бағаланады. Шектеулімен
үйлесетін шексіздік Кант пен Хайдеггер философиясындағы өте күшті
Достарыңызбен бөлісу: