Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет258/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Being and Nothingness
)
шығармасынан алынған үзіндіде айқын көрінеді. Аталмыш туындыны
интеллектуал кісінің адамды құтқаруға деген жанталасы деуге болар. Ол
өзінің жеке туындысынан өрбіп шыққан, адамның мəртебесін жалпы
құбылысқа, 
типке, 
тапқа 
дейін 
төмендетуге 
тырысатын 
əрбір
тұжырымнан бас тартады. Бұл еңбекті адамды «Құдайға айналуға»
жетелейтін һəм «жоғары нəрсені төмен нəрсемен түсіндіретін əрі Конт
материализм деп айтқан» пайымға қарсы «Меннің» ұлы қасиетін
(трансценденциясын) дəлелдейтін жаралмаған жасампаз ретінде оқуға
болады.
8
Жіктеудің практикалық шеберлігінің бір мезгілде үйлесімді жəне
əлеуметтік шындыққа сай келетін таксономияны құру үшін талап етілетін
рефлексиялық шеберлікпен ортақ ештеңесі де жоқ. Əлеуметтік кеңістіктегі
позиция туралы тəжірибелік «ғылым» дегеніміз не? Ол «алыс та емес
(«жырақ болу»), тым жақын да емес («жақын болу») тəжірибелік саралау
түрі арқылы дұрыс арақашықтықта орнығып, сол арақашықтыққа мəн
беруге тырысады («жат», «тəкаппар» кейіпте). Оны «тапты» иеленетін əрі
бөлінетін адамдар символдық түрде терістеу («қолжетімді», «достық»
кейіпте) арқылы объективті арақашықтықпен ойнап, өз мүдделеріне
тоғыстырады. Сол мүдде барысында «қажет болған» мінез-құлық өнерін де
игеруін құзіретке қол жеткізу мүмкіндігіне балауға болады. Ол кез келген
жүйелік жолындағы осы жіктеу мен оның принциптерінің күйін
сипаттаудан төмен тұрып, жіктеуде (əлеуметтік таптар жайлы көптеген
зерттеулердің адамға міндеттегеніндей) біреуді айқын көрсету қабілетін
меңзейді.
Стратегияның авторына құрбандарда байқалатын олардың шынайы
иеленген орны мен қабылданған мінез-құлық арқылы ойда белгіленген
орынды алайық (мəселен, француз тілінде бізге таныс «сіз» сөзінің
қолданысы). Осы жерде олардың арасындағы саңылаудың тəжірибелік
білімін бірдей меңзейтін кішіпейілдік стратегиясына қарағанда, біреудің


иеленетін орны мəніндегі функцияны бақылау мүмкіндігі артық көрінеді.
«Табиғи түрде» Ролл-Ройспен, цилиндрмен немесе гольфтің биік
баскиімімен (4-қосымшаға 
қараңыз
) теңестірілген адам метроға мінгенде,
жаздық баскиім киіп сəнденгенде (мəселен, поло жағалы), футбол
ойнағанда, оның əдістері шынайы тəсілдерді бейне-бір оның қасиетіндей
əсірелей бастайтын мəртебені еншілеуден өз мəнін ала бастайды. Бірақ
Чарльз Бэлли адресатқа сəйкес, дауыс мəнеріндегі айнымалылар яки
cұхбаттастар арасындағы əлеуметтік кетікке (сұранысқа) орай, сөйлеу
стилінен байқаған айнымалыларды да ойда ұстау керек: сөйлеуші,
шамамен алғанда, жоғарғы дəрежелі адресаттың «екпініне» жақындай
түседі немесе оның қарапайым екпініне мəн беру арқылы одан аулақтай
береді.
9
Біреуге айқын жолмен тіл қату арқылы оны бір тапқа телумен жүзеге
асатын тəжірибелік «еншілес пайымның» (осылайша, осымен бір уақытта
біреуді тапқа теліп) концепт арқылы жəне концепт үшін туындайтын
таптардың көрінуі мен айқындалуын білдіруге қатысты саналық бастауды
меңзейтін интеллектуалды қарекетке еш қатысы жоқ. Жіктеудегі қарама-
қарсылықтарды (бай мен кедей, жас пен кəрі) кез келген жерден бастап
қолдануға болады жəне олар кез келген көлемді қамти алады (толысқан
ақыл бізге біреудің, басқаға қарағанда, əрдайым байырақ не кедейірек
болатынын, басқаға қарағанда, кемел не кемшін болатынын, басқаға
қарағанда, оңшыл яки солшыл болатынын айтып тұрады, бірақ бұл
қарапайым релятивизмді жетелеп кете алмайды).
Таптық-айқындаушы пайымның негізінде жатқан əлеуметтік кеңістіктің
практикалық мəнін күйретуге болатыны таңғаларлық нəрсе емес.
Респонденттердің өз сөздеріне қарсы келуін, таптардың бар екенін
терістеуге таптырмайтын уəж ретінде пайдаланатын əлеуметтанушылар,
жай ғана олардың бұл «сезімнің» яки өздері іске қосқан жасанды
ситуацияның қалай əрекет ететіні жайлы ештеңені де білмейтіндігін
көрсетеді. Шын мəнінде, ол біреуді əлеуметтік кеңістікте болмаса басқаның


орнына қоюға қолданды ма, жоқ па, ол жағын ашып айтпайды. Өйткені
əлеуметтік кеңістік сезімі əрбір тəжірибелік сезім сияқты əрдайым өз
тəжірибесін бағыттауға міндетті нақты жағдайға қатысты өрбиді. Осыдан
таптар туралы сауалнаманы кішігірім қалада («Əлеуметтік зерттеу»)
жүргізу 
мен 
мемлекеттік 
деңгейде 
жүргізу 
арасындағы 
қарама-
қайшылықты түсіне аламыз.
11
Бірақ респонденттер белгілі бір топтағы
жіктеудің тəсілімен келіспесе, сауалнаманың практикалық логикаға сай
болмағаны. Сондай-ақ, тағы бір себебі – яғни адамдардың иммиджін
олардың функциясымен байланыстыруы да əбден мүмкін.
Сөйтіп, таным əрекетінен ештеңе де жойылмайды. Себебі танымның бұл
түрін əлеуметтік құрылым ретінде ғана емес, сондай-ақ зияткерлік дəстүр
ретінде де қабылдаймыз. Талғам сөзі «дəмін білу» мен «эстетикалық
құндылығын мойындау қабілетін» де білдіреді, яғни табиғи əлеуметтік
қажеттіліктің екінші орынға ысырылуын меңзейді. Осының бəрі – өз
денесімен ұзаққа созылған жалпылама қарым-қатынасын, денесін
көтерудің, оны басқаларға таныстыру, оны қозғалысқа түсірудің, оған
кеңістікті қалыптастыруға ұмтылғаны сияқты əлеуметтік шарттардың
көпшілік өмір сүріп отырған əлеммен берік һəм жинақталған қатынастары
бар болу тенденциясымен байланысты. Оның денесі өзінің əлеуметтік
физиономиясын (тұлғаның бет-əлпеті не өрнегі, əсіресе кейіпкердің
этникалық шығу тегі туралы мəселе) береді. Мысалы, өз денесіне
көзқарасы, денесінің қозғалысы, денесіне кеңістік беруі – осының бəрі
оның əлеуметтік физиономиясын қалыптастыруы болып саналады.
Əлеуметтік бағдарлау сезімінің негізгі өлшемі – тəнді таңбалау (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет