«Басқаны» кейіптейтін Келбет бұдан мүлдем бөлек, ол «Бірдейді»
терістемейді, оны қинап мəжбүрлемейді. Ал көзқарас не билік немесе
таңғажайып жаратылыс бірдей болмысты жоққа шығаруға ұмтылады. Ол
өзін жылы қабылдаған жанмен тең дəрежеде, дүнияуи күйінде қалады.
Мұндай түсінік, ең алдымен, күш көрсетуден жырақ, өйткені ол менің
еркіндігімді жаншудың орнына, оны жауапкершілікке үндейді. Күш
көрсетпеу қағидасы «Бірдей» мен «Басқаның» айырмашылығын қолдайды.
Күш көрсетпеу дегеніміз – бейбітшілік. «Басқамен» яғни «Бірдеймен»
ортақ белдеуі жоқ, мүлдем бөтен жанмен байланыс жеккөрініш сезімінен
ада. «Бірдей» мұндай сезімді тұтастық жағдайында бастан кешіреді.
Гегельдің диалектикасы да осыған негізделеді. «Басқа» «Бірдейді»
диалектикалық қозғалысқа түсіретін ақылға қарсы тұрмайды: ол – алғашқы
саналы білім, барлық білімнің шарты. «Басқаның» ақылмен жалған
текетіресі өзінің еркіндігіне сенімді, өзін батыл көрсететін «Бірдейдің»
байсалды бірегейлігін танытады. «Басқа» болса «Бірдейді» ұялтып, оны
шектейді. «Менде» тəуелсіз түрде өмір сүретін əрі барлық қатысу əрекетіне
жат мұндай мінсіз бірегейлік, «Басқада» «Бірдеймен» қақтығысудың
орнына, онымен тең дəрежеде пайда болып, сұхбаттасады, яғни өзін сұхбат
пен келбет арқылы танытып, биіктен көрінеді. Сол кезде еркіндік өзін
шектейді. Ол қарсылыққа тап болудан емес, өзінің билігін, өзінің кінəсін
түйсінуден қорқып, осы қадамға барады. Алайда кінəмшілдік сезімі оны
жауапкершілік деңгейіне дейін көтереді. Кездейсоқ, яғни иррационалды
нəрсе енді одан тысқары емес, онымен біте қайнасып кеткен құбылыс
ретінде көрінеді. Кездейсоқ құбылысты басқа бір нəрсе шектей алмайды,
оны өзінде жоқ эгоизм қасиетін ақтау шектейді. «Басқамен» жəне оның
трансценденциясымен (шексіздігімен) байланыс, яғни оның шұғыл əрі
кездейсоқ имманентті сипатын сынға алатын байланыс менің «Меніме»
осыған дейін болмаған қасиетті дарытады. Бірақ менің еркіндігіме деген
мұндай «əсер» күш көрсету мен кездейсоқтыққа нүкте қояды һəм Ақылды
негіздейді. Егер мұғалім насихаттайтын ақиқаттың ұшқыны оқушының
бойында болса ғана адамдағы қандай да бір қасиетпен байланысып, оның
ойымен үйлесуге жол ашылады деп түйіндеу – майевтиканы (адам
бойындағы жасырын білімді қосымша сұрақ қою арқылы ашу өнері) заңды
қолданыс аясынан шығарып тастау деген сөз. Менің бойымдағы шексіздік
идеясы Мен өзінің шегінен шығып кететін мазмұн қасиеті
Достарыңызбен бөлісу: