Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет271/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

intelligibility
) тығыз идеалды қатынастар жүйесін
құрайды. Оның субъект алдындағы міндеті мынау: субъект осы тəртіпке
қосылып, идеалды қатынастарға сіңісіп кетеді. Субъектінің ішкі
ресурстары түгел 
ұғынықтылық 
қасиеттің сəулесінің астында еріп кетеді.
Оның қалауы – оның санасы, ал бұлай жіктеудің өзі қиял кейпінде өрбиді
(тіпті қиял тудыру қабілеті субъективті, жоқ дегенде, 
ұғынықты қасиет
құрғатып жібере алмайтын құпия қайнардың бар екені жайлы куəлік берсе
де).
Идеализм өзінің шеткері мəнінде этиканы саясатпен тоғыстырады.
«Басқа» мен «Мен» мұнда идеалды есеп бірліктері ретінде қызмет етеді.
«Басқа» «Меннен» өз болмысының шындығын табады һəм олар бір-бірімен
идеалды қажеттілік əсерімен жанасады. Бұл қажеттілік оларды барлық
жағынан көктей өтеді. Олар жүйенің бастауы қызметін емес, құрамдас
бөліктері рөлін ойнайды. Саяси қоғам жүйенің құрамдас бөліктерінің
алуандығын білдіретін плюрализм ретінде пайда болады. Мақсаттар
үстемдік құратын жəне тұлғалар ерік-қалау ретінде айқындалатын əрі
əмбебап тəртіппен анықталатын жерде, адамның ерік-қалауы, жоқ дегенде,
практикалық қасиеті бойынша санамен тайталасқа түсетін жерде алуандық,
яғни плюрализм, шын мəнінде, тек бақытқа сену сезіміне негізделуі
мүмкін. Бақыттың жабайы (жануарға тəн) принципі деп аталатын һəм ерік-
қалау практикалық санадан бастау алса да, оны сипаттауға күмəнсіз
қатысатын осы сезім ойлаушы қоғамдағы плюрализмге қолдау көрсетеді.
Алуандықтан ада болған осы бір əлемде тіл өзінің əлеуметтік мəнін
жоғалтуда, сұхбаттастар да өзінің біртұтас қасиетінен бас тартуда. Бұған
себеп – біреудің басқаны қалауы емес, барлығының да əмбебап қасиетті
аңсап шөліркеуі. Тіл рационалды институттардың жасалуында бірдей
мəнге ие. Сөйлеуші тұлғалар бойында əрекет етіп, олардың нақты


шындығын қолдайтын ырықсыз сана бейтарап һəм белсенді сипатқа енеді;
əр адам өзін басқалардан дара сезінеді, алайда оның қалауы немесе
бірегейлігі бастапқыда əмбебап я болмаса саналы қасиетке талпынумен,
яғни өзіне тəн ерекшеліктерді терістеумен түйінделеді. Бірақ тіл өз
дискурсының мəнін жүзеге асырған жағдайда, басқаша айтқанда, абсолютті
байланысқа түскен кезде, əмбебап мемлекет идеясын да жандандырар еді.
Бұл идея алуандық қасиетін жояр еді, ал мұнда сұхбаттастар
болмағандықтан, дискурс та толастар еді.
Егер біз осында жарқын идеяларға бағытталатын не əмбебап қасиетке
құрмет көрсетумен анықталатын қалауды ғана ізгі қалауға балауға
ниеттенсек, бұл мүлдем болмыстағы немесе біртұтас тұлғадағы алуандық
сипатты əрі қалауды формальды жіктеу мен ұғынықты қасиетті, қалау мен
ақылды қолдауға жол ашпайды. Егер қалау, қалай болғанда да, ақылға
қарай талпынатын болса, онда мұны ақылдың өзіне балауға болады. Ол өз-
өзін іздеп, өз-өзін сомдап шығады. Мұндай қалаудың шынайы мəнін
Спиноза мен Гегель егжей-тегжейлі талдаған. Идеализмнің мəнін құрайтын
қалау мен ақылдың осындай бірегейлігіне адамзаттың барлық патетикалық
(шабытты) тəжірибесі қарсы тұрады. Ал идеализм – мейлі Гегельдің
идеализмі болсын, мейлі Спинозаның идеализмі болсын, субъективті
аймаққа немесе қиял аясына тиесілі. Осы қарсылықтың мəні ақыл мен
жүйені терістейтін жекенің мəжбүрлеу қасиетінде емес, қарсылығында
жатыр. Жүйелі дискурс бұл мəжбүрлеу қасиетінің үнін сендіру күшімен
тұншықтыра алмайды. Іс жүзінде, қарсылық əрекеті адамның өзіндегі
кемшілік түйсігінің, өз мұқтаждығы мен жалғыздығының алдын алу үшін
жəне батыл түрде тəкаппар мінезге мойынсұнбау үшін болмысқа көз жұма
қарап, санасыз түрде басыңды дуалға соққылаумен түйінделмейді. Ол
кемел, қарекетсіз яки өзін əрекет үстінде көрсететін болмысқа қатысты
кейбір артықшылық қасиет бар деген сенімге негізделеді. Бұл артықшылық
болмыстан бөлектенген əрі сонымен бірге болмысты қалайтын тіршілікті
құрайды, яғни шексіздікпен байланыста туатын басы артық нəрселер
шексіздіктің шексіз сипатын жүзеге асыратын толассыз артықшылық
қасиетіне ие. Қалау мен ақылды теңестіруге қарсылық өзін-өзі билеудің
пайдасына шешілмейді. Ол өзінің абсурдты һəм моральдық емес
сипатымен мұндай теңдестікті бірден ақтап алған болар еді. Бұл түсінік тек
өзін ғана ойлайтын кемел əм мəңгілік идеалды өмір үшін «Қалауды»,
қоғамды жаңартуға қабілетті, енді қалыптасып келе жатқан құбылыс үшін
онтологиялық эталон қызметін атқара алмайды деген сенімнен бастау


алады. Өмір тек қана құлдырау, кему ретінде, не болмыстың ұрығы, немесе
оның мүмкіндігі ретінде ұғынылмайды. Индивидуалды жəне тұлғалық
қасиет өздерін қалыптастыратын əмбебап қасиетке тəуелсіз əрекет етеді деп
ұйғарылады. Қалай болғанда да, олар индивидуалды тіршіліктен бастау
алады, оның қалай пайда болатынын түсіндіру мүмкін емес. Индивидуалды
жəне тұлғалық қасиет «Шексіздіктің» өзін шексіздік ретінде жүзеге асыруы
үшін қажетті.
8
Өмірді өзінің барлық күшімен болмысқа тəуелді етіп
түсіндірудің мүмкін еместігі Бергсонның шығармашылығында көрініс
тапқан. Мұнда түбінде құлдырайтын өмірдің ұзақтығы қозғалыссыз
мəңгілікпен мүлдем ұқсамайды. Немесе Хайдеггерге жүгінсек, ол мұнда
ἒργoν («əрекет жемісі ретіндегі тіл») δὐναμις («күш») ретінде еске алмайды.
Хайдеггер өмірді мүмкіндіктер əрекетіне қарай тартатын, абсолютті мəнге
ие құбылыстан бөлектеп алады. Бұл, мейлі, болмыстан асып түсетін я
болмаса одан жоғары орналасқан бір нəрсе болсын, шығармашылық
ұғымында көрініс табады. Яғни осы ұғым əрдайым өз болмысына
қанағаттану қасиетінен асып түсетін Құдайдың сипатынан көрінеді. Алайда
мұндай «болмыстан үстем болмыс» түсінігі теологияда туындамайды. Егер
ол Аристотельден бастау алатын Батыс философиясында ешқандай рөл
ойнамаған болса, онда Платонның Игілік идеясы оған бөлек философиялық
мəн дарытты. Олай болса, мұны қандай да бір Шығыс даналығына
жатқызудың қажеті жоқ.
Егер субъективті қасиет тек болмыстың кемшін формасы ғана болса, онда
қалау мен ақыл арасындағы айырмашылық, іс жүзінде, «Менде» ұрық
кейпінде ғана тұрған не онда мүлгіп жатқан ақылды жай ғана терістеу
ретінде болса, «Менді» терістеу жəне өз-өзін мəжбүрлеу ретінде, қалауды
адамның өзін-өзі билеуі ретінде түсінуге жеткізер еді. Егер, керісінше,
субъективті қасиет мүлдем бөгде құбылыспен немесе «Басқамен»
байланыста тұратын жеке болмыс ретінде анықталса, «Келбет» алғашқы
мəнді білдірсе, онда рационалды қасиет туды деген сөз. Бұл жағдайда қалау
маңызды түрде ұғынықты қасиеттен ерекшеленеді. «Қалау» ұғынықты
қасиетті өзіне қосып алмауы тиіс, онымен сіңісіп кетпеуі тиіс, өйткені осы
ұғынықты қасиеттің ұғынықты сипаты нақты этикалық мінезде, яғни
жауапкершілік сезімінде жатыр. Ол қалауды осы жауапкершілік сезіміне
үндейді. Осы жауапкершілікті қалай қабылдау қалаудың еркінде, бірақ
қалау жауапкершіліктен бас тарта алмайды, өзіне «Басқаның» «Келбеті»
енгізген ақыл əлемінен жырақтау оның еншісіне жазылмаған. «Қалау»
«Келбетті» қабылдап, ақылмен бетпе-бет жүздеседі. Тіл ойлау қабілетінің


барлық қасиеттеріне ортақ 
майевтикалық 
серпіліспен шектелмейді. Ол
барлық ақыл үшін ортақ іштей кемелденуді тездетпейді. Ол жаңаша
ойлауға баулиды, соны мəлімдейді; жаңаша ойлауға кіріспе, шексіздік
идеясы, міне, ақылдың əрекеті. Түбегейлі жаңа – бұл «Басқа». Рационалды
қасиет тəжірибеге қарсы тұрмайды. Абсолютті тəжірибе, қандай жағдайда
болмасын, априорлы болмайтын нəрсе – ақылдың өзі. Мəні жағынан
сөйлеу қасиетіне ие «өзіндік болмыс» ретінде көрінетін һəм қалай болғанда
да, объект ретінде шыға алмайтын Басқаның тəжірибесін коррелят (өзара
үйлесімді тілдік бірліктер жұбы) ретінде байқай отырып, біз тəжірибе
арқылы, күшке бағынбайтын, Сократтың ежелгі рух талабымен бірге
келген жаңашылдықты қабылдаймыз. Мұны Лейбниц əрі қарай іліп
алғанымен, əлемге дербес терезе етіп ашпай қойды. Этикалық қатысым –
бір мезетте «бөгде» һəм мəжбүрлеусіз көріну. Субъект ақылдың сөзбен
басталатын əрекеті ретінде өзінің біртұтастығынан бас тартпайды, бірақ
өзінің бөлінісін растайды. Ол дискурсқа жүгінгенде, оның ішінде еріп
кетуді көздемейді. Ол апология болып қала береді. Рационалды қасиетке
өту тұлғасыздану емес, өйткені ол, яғни субъект дегеніміз – тіл, басқаша
айтқанда, ол болмысқа жауап. Бұл оның «Келбетіне» айтылады сонымен
бірге тек тұлғалық жауапты, яғни этикалық əрекетті ғана қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет