Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет272/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Түсініктеме
Левинас өзінің 
«Тұтастық пен Шексіздік»
деген еңбегін «сырт көрініске» қатысты эссе» (
Еssai sur
l’Extériorité
)
 
деп бағалаған. Сондықтан мақаланың «Шексіздік пен Келбет» бөлімі адамдардың
басқаларды сырт кейпіне қарап бағалайтыны жайлы толғаммен басталады. Бұл еңбек – оның
докторлық диссертациясының негізінде жазылған монографиясы. Туынды жарыққа шыға
салысымен, француз ғалымдары арасында үлкен сілкініс тудырды. Əсіресе Жак Деррида бастаған
структуралистерді Левинастың адамдар арасындағы қарым-қатынас кеңістігін зерттеуі қызықтырды.
Бұл тəсіл өзіне діни мəйек (теоөзектік) – риторикалық үлгі сипатындағы диалог құрылымдарын да
қамтиды. Сұхбатқа қос деңгейлі байланыс құрушылар қатысуы тиіс: олар «Адам мен Құдай» жəне
«Адам мен адам».
«Тұтастық пен Шексіздік» 
еңбегінде «Басқаны меңзеу» («гетерореференция»)
стратегиясы байқалады. Левинас негізінен «Басқа», «Өзге», «Бөгде» жайлы сөз қозғайды. Ол
рационализм түсінігін сын тезіне алады. Рационализм метадискурс ретінде этикалық, эстетикалық
жəне діни шындықтарды меңгерудің тəсілдерін, құралдары мен эталондарын қалыптастыру үшін
жеткіліксіз болып шықты. Тіпті «шексіздік», «бұлыңғырлық», «көмескілік» сияқты феномендердің
ғылыми анықтамасын беруге де қабілетсіз сипатта тұр. Левинас ақылдың «мен ойлаймын» деген
негізгі мақсаты мен оның алуан түрлі «мен билеймін», «мен өзімді көрсетемін», «мен тұтынамын»
деген өзгеру салаларын да сынайды. Оның зерттеу бағдарламасының мəйегін адамның
коммуникативті-тілдік кеңістіктегі күнделікті өмірінің көрінісі құрайды. Оған ақылдың, сезімнің,
ойдың əртүрлі құрылымдары ғана емес, басқа да адамдар қатысады, адамның əлемдегі өз болмысы
ғана емес, басқалардың қамын жейтін болмысы да атсалысады. «Этика мен Келбет» бөлімінде
адамның «Басқамен» тұлғааралық қатынасының (жүзбе-жүз дидарласу) феноменологиялық
сипаттамасы айқындалады. Мұндағы «Келбет» – этиканың басты категориясы, мүлдем «Басқамен»


байланыс ретінде түсіндіріледі. «Келбет» – барлық «мəндердің» бастауы, адамдағы жауапкершілік,
жақындық, махаббат пен еркіндік феномендерінің көрінісі. «Келбет» жалаңаш қалыпта тұрады.
Левинас «Басқа» жəне «Келбет» сөздерін кейде бірінің орнына бірін қолданады, өйткені «Басқада»
«Келбеттен» басқа ештеңе жоқ. Басқа маған «Келбет» арқылы ғана көз салады. Левинас «Келбетті»
өлтірудің мүмкін еместігін алға тартады. Басқаның келбетін «Бірдей» етуге тырысу деген сөз оның
өзіне тəн қасиеттерін жойып, еркін билеп-төстеуге талпыну дегенді білдіреді. Левинас осыны тілге
тиек ету арқылы Батыс елдерінің дүниежүзіндегі отарлау əрекеттерін айыптайды. «Келбетті басып
аламын деу, оны «Бірдейге» айналдыруға тырысу – ең үлкен қылмыс» деп таниды. Ол «Келбеттің»
сөйлеу əрекетін «Келбеттің алдында құр қарап тұрмай, оған жауап беруім, оның қамын жеп, оның
алдында жауапкершілік арқалауым» деп бағалайды. Сонымен бірге Левинас философиясындағы
маңызды ұғымның бірі – «Шексіздік». Левинас трансцендентті, яғни адамның осы дүниенің аясында
қалып қоймай, оның шегінен асып шығуға бейім қабілетін шексіздікпен теңестіреді. Тек осы
шексіздік идеясы ғана тұтастық ұғымының (
totality
) (бұл жердегі мəні бүкіл əлемді біртұтас билікке
бағындыру дегенге келеді) əлемді өз қарамағына алуға талпынысына қарсы тұра алады. – 
Ред.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет