Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет270/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Third
Meditation»
) соңында ашылды, ол Құдайдың шексіз болмысының
шынайылығына сүйеніп, онымен салыстырғанда «Cogito» немесе күмəннің
шектеулі екенін ойлап біле алатындығымыз. Бұл шектеулі сипатты, қазіргі
ойшылдар айтқандай, шексіздікпен салыстыра анықтау мүмкін емес.
Мəселен, субъектінің ажалды пенде екені оның шектеулі сипатын
көрсетеді. Картезиан субъектісіне сыртқы көзқарас қасиеті берілген, ол осы
арқылы (яғни өз-өзін сырттай бақылау арқылы) өзін түйсіне, сезіне алады.


Егер алғашқы қозғалысында Декарт «Меннің» негізінде сана-сезімнің
күмəнсіз сипатын мойындаса, екінші əрекетінде, яғни ойлау жайлы
түсінігінде ол осы сенімділігі үшін қажетті шартты мойындайды. Бұл
сенімділік «cogito»-ның айқын һəм анық қасиетімен байланысты өрбиді.
Бірақ сенімділіктің өзін іздеудің себебі шексіздіктің шектеулі ойға əсер етуі
болмаса, шектеулі ой өзінің шектеулі сипаты жайлы мүлдем хабарсыз қалар
еді. «...Мен шексіз субстанцияда (жауһар), шектеулі затқа қарағанда, көп
шындық жатқанын түсінемін, сондықтан маған кейбір мəселеде шектеулі
əлемге қарағанда, шексіз əлемді сезіну əлдеқайда жақын, басқаша
айтқанда, өз-өзімді сезінгеннен гөрі Құдайды түйсіну менің табиғатыма
əлдеқайда етене. Егер менде əлдеқайда кемел болмыс (Жаратушы) жайлы
ешқандай ой болмаса, онда мен күмəнданып тұрғанымды, бір нəрсені қалап
тұрғанымды, яғни маған бір нəрсе жетіспейтінін əм менің мінім көп екенін
қалай ұғар ем? Жаңағы айтқан кемел Жаратушымен салыстырғанда, мен
өзімнің кемшіліктерімді тани түсер едім».
4
Оны жаратқан я болмаса оған шексіздік идеясын дарытқан «Шексіз
Болмыс» мəніндегі ойды табу тек тақырыптарды түйіндей алатын толғаныс
не интуиция жолымен байқала ма (санаға қона ма)? «Шексіздікке» тақырып
бере алмайсың жəне сана мен интуиция арасындағы ерекшелік
«Шексіздікке» жол аша алмайды, өйткені «Шексіздік» ақыл мен сезімнің
аясына сыймайды. «Шексіздікпен» байланыс дегеніміз осы ғой? Ол қос
желілі «Шексіздік» құрылымында шектеуліге қатысады, бірақ осы кезде
шектеуліден тысқары тұрады, бұл теорияға жат емес пе? Біз осыдан
этикалық байланысты көреміз. Гуссерль «cogito»-дан сырттан қандай да бір
қолдауы болмаған субъективтілікті көрсе, бұл «cogito» «Шексіздік»
идеясын өзі құрастырады əрі оны объект ретінде көрсетеді. Декарттың не
үшін «Шексіздікті» түсіндірмегені бұл сұрақты басы ашық күйде
қалдырады. 
Шектеулі 
«cogito»-ның 
Құдайдың 
шексіз 
сипатымен
байланысы Құдайдың қарапайым түсініктемесі (тақырыпқа айналуы) бола
алмайды. Кез келген объектіні пайымдауға, түйсінуге менің əлеуетім
жетеді, өйткені мен оларды құрап тұрмын. «Шексіздік» идеясы мен үшін
объект емес. Онтологиялық дəлел (уəж) осы «объектінің» болмысқа
айналуына негізделеді, яғни маған тəуелді емес (менің билігім жүрмейтін
болмысқа айналуға негізделеді). Құдай – бұл «Басқа». Егер ойлау өзіңді
объектімен үйлестіру болса, онда мойындау керек, «Шексіздік» жайлы ой –
ой емес. Онда ол, шын мəнінде, не? Декарт мұндай сұрақ қоймайды. Қалай
болғанда да, «Шексіздік» интуициясы рационалистік мəнін сақтайды һəм


ешқашан Құдайды ішкі сезімдер арқылы таба алмайды. Декарт идеалистер
мен реалистерге қарағанда, ішкі қасиетпен үйлеспейтін, бірақ сонымен
бірге оған қысым көрсетпейтін біртұтас өзгешелікке деген қарым-
қатынасты жақсы ашады. Бұл – сезінушілік, түсінгіштік, бейімдік, бірақ
енжар (
passive
) емес, еркіндіктер арасындағы қатынас.
«Үшінші толғаныстың»
соңғы жолдары бізді «Шексіздікке» деген
қатынасқа жетелейді, ол ойға сүйеніп, ойдың шегінен шығып кетеді əрі
тұлғаның қатынасына айналады. Пайымдау (толғаныс) шаттық, табыну əм
қуаныш сезіміне өтеді. Мұнда, ақыр аяғында, бəрібір тануға, бір жағынан,
түсінуге (тақырыпқа айналдыруға) болатын «шексіз объект» жайлы əңгіме
болып жатқан жоқ, оның Ұлылығы (Кемелдігі) жайлы сөз қозғалып жатыр,
«...мен мұнда Құдай жайлы толғануға, оның сипаттарын лайықты түрде
бағалауға жəне осы Нұрдың тіл жетпейтін сұлулығына қарап, тамсануға
біраз уақыт бөлемін. Бұл менің қараңғы ақылымның қабілет-қарымының
жеткен жеріне дейін, əрине. Өзімнің таңданысым мен табынатынымды
білдіру үшін оның дəргейіне жүгінемін. Құдайдың ұлылығы жайлы ойға
батқан кезде, біздің Жаратушының («Басқа» болмыс) бақыт пен мейірім
нұрына бөленіп, шұғыласына шомылатынымыз тəрізді, осы толғаныста да,
мейлі дəрежесі төмен əрі кемшін болса да, ұлы рақат сезімді бастан
кешіреміз. Біз өмір бойы осы ғажайып күйді сезініп өте аламыз».
5
Бұл жолдар бізге стилистикалық сұлулық та, діннің бақылаушы міндеті де
болып көрінбейді, олар таным арқылы шексіздік идеясының Ұлы Құдіретке
айналуын көрсетеді. Бұл Ұлы Құдіретпен біз келбет арқылы жүздесеміз.
6. «Басқа» мен « Басқалар»
Келбеттің, сөздің, пікірдің көрінісі осы сəтке дейін жабық тұрған ішкі
əлемді ашып көрсетпейді. Таным немесе меншіктеудің жаңа аймақтарын
үстемейді де.
6
Керісінше, ол мені биікке, сөздің екеуміздің арамызға қойған
кедергісінен асып түсетін биікке шақырады. Адамның алған, берген нəрсесі
ашық əрі қолжетімді, тіршілікке жетелейтін құбылыс болып саналады. Ол
меншіктеумен, иеленумен шектеледі. Ал келбеттің көрінісі мені болмыспен
байланыстырады. Феноменге (жердегі құбылыстарға) жатпайтын бұл
болмыстың өмір сүруі шындықтан тыс шындық ретінде ұғынылатын,
жауап талап ететін тоқтаусыз қажеттілікте жүзеге асырылады. Ұқсас жауап
екеуара əңгіме барысында берілетін жауаптан ерекшеленеді. Өйткені бұл
«өз арамызда» қала алмайды. Ал мұны біз заттарға қатысты бір көзқарасқа


бекігенде көреміз. «Біздің арамызда» өткен нəрсені бəрі көреді. Қарап
тұрған келбет тіпті мен сұхбаттасымды айрықша құпия қатынасқа
қатысушыға балап, əлемнен оқшаулансам да, келбет барлық көрініске куə
болады.
Тіл келбеттің қатысуы ретінде бар төңірек ұмыт болған кезде
«Мен»-«Сен» түріндегі жеткілікті қатынаспен, таңдаулы болмыспен
келісімге келуге шақырмайды: өзінің ашық сипатында ол махаббатты құпия
күйде қоюдан бас тартады, əйтпесе ол күлкі мен күңкілге айналып, өзінің
мəні мен ашық сипатын жоғалтар еді. «Басқаның» көзімен маған «үшінші
біреу» қарап тұрады. Тіл дегеніміз – əділет. Егер, алдымен, келбет болып,
содан кейін ол көрсететін əм білдіретін болмыс жаралса, бəрі басқаша
өрбитінінде шəк жоқ. Келбеттің эпифаниясы əділдікке мəн беріп, адами
қағиданың негізін салады. Келбет өзінің тұлдыр жалаңаш кейпінде маған
кедей міскін мен бөтеннің мұқтаждығы жайлы айтып тұрады: бірақ бұл
мұқтаждық пен осы бөтендік (менің билігіме тартылған, маған
бағытталған) билігіме тарту тəрізді беріле салмайды. Ол маған
бағытталғанда, менің мүмкіндіктеріме сенбейді. Олар келбеттің емеурін
сөзі болып қала береді. Бейшара, бөтен адам менімен тең кейіпте тұрады.
Оның теңдігі осы маңызды міскін халінде былай түйінделеді: ол
«Басқамен» байланыс орнатып, кездесу кезінде қатысатын үшінші жақпен
үйлеседі. Ол менімен бірігеді. Бірақ ол менің оған қызмет жасауым үшін
бірігеді, ол маған қожайыным тəрізді бұйрық береді. Бұл биліктің өлшемін
былай сипаттайық: мен өз-өзіме қалай билік жүргізсем, ол да маған дəл
осылай ғана билік жүргізе алады. Бұл маған əмір беруді көздейтін билік
«Сен» «Бізден» бұрын тұрады. «Біз» болу «тобырға» айналуды немесе
ортақ мақсатқа жұмылуды білдірмесе керек-ті. Келбеттің бар болуы
(қатысуы) – Шексіздік. Бұл – қажеттілік жəне «үшінші адамның» да
қатысуын (яғни бізге қарайтын адамдар) һəм əмір беруін көздейтін билік.
Міне, неліктен басқалармен қарым-қатынаста я болмаса еркіндікте «менің
еркіндігім бар ма, жоқ па?» деген сұрақ бас көтереді, неліктен «Басқа» тек
менің жауапкершілігім мен сөзімде тұруға шақырады? Осы сөз бен
жауапкершілік мені жеке бірегейлігімнен айырып, барлығына ортақ,
объективті əлеммен біте қайнасып кетуге үндейді. Сонымен бірге
«Басқаның» лебізінен үгіт-насихат, өсиет, ілім, қағида мен пайғамбар сөзі
естіліп тұрады. Пайғамбар сөзі – мəні жағынан келбеттің эпифаниялық
сипатына берілген жауап. Оның кез келген дискурспен бірге өрілуінің
себебі мораль тақырыбындағы дискурс болғандығынан емес, ең бастысы,


келбеттің қатысуымен туған дискурстың ажырағысыз маңызды сəтін
құрайтындығынан. Өйткені келбеттің маған үңілген көздеріне қарап тұрып,
мен «үшінші адамның» қатысып жатқанын пайымдаймын. Кез келген
əлеуметтік қарым-қатынас табиғи емес, туынды сипатта өрбиді. Ол тек
келбеттің сөзінің, ым-ишарасының, өзінің көмегімен «Басқа» құбылысын
менімен ұқсас кейіпте тоғыстырады. Ортада қандай да бір дəнекер
бейнелер яки таңбалар болмайды. Егер біз қоғамды өзара ұқсас жеке
тұлғаларды (индивидтерді) біріктіретін жай ғана тайпа деп санасақ, онда
оның маңызы жоғалады. Адамзат тегі биологиялық түр ретінде өмір сүреді
не ол əлемде тұтас жүзеге асыратын барлық адамға ортақ қызметтерді,
оларға қатысты ортақ ұғымдарды қолдануға мүмкіндік береді. Алайда
тілдің көмегімен құрылатын адамзат қауымдастығы тектік бірлікті
ұйыстыра алмайды. Оның сұхбаттас мүшелері бір-бірінен мүлдем бөлек
күйде қалады. Ол өзін адамдардың туыстығы ретінде танытады. Барлық
адамдар бір-біріне бауыр деген ойды олардың ұқсастығына я болмаса ортақ
себептеріне қарап түсіндіруге болмайды. Олар бір жерде, бір зергер
дүкенінде соғылған бірдей алқалар емес. Əкесі бір болуы себепті
байланысқа жатпайды (болмыстың адамдар арасындағы генетикалық
байланысын білдіреді), яғни бұл бойынша бір құбылыс (себеп) екінші бір
құбылыстың (үдеріс) өміріне жан бітіреді. Бұған сəйкес, жеке тұлғалар
құпия түрде бір-бірімен байланысады, бұл ынтымақтастық, ниеттестік
құбылысын да жұмбақ күйде анықтар еді.
Маған мүлдем бөтен, жатқа қарап тұрғандай үңіле қараған келбеттің
алдындағы 
жауапкершілігім 
бастапқы 
бауырмалдық 
феноменін
қалыптастырады, ал келбеттің түпкі мəні осы екі сəтпен сəйкес келеді.
Əкесі бір болуы себепті байланыс емес, қандай да бір бірегейліктің,
дербестіктің, даралықтың қалыптасуы; əкенің бірегейлігі балаларының
дара, бірегей қасиеттерімен сəйкес келуі де, келмеуі де мүмкін.
7
Егер
сəйкес келмесе, ол нақты менің бауырымның ұстанымына тəуелді, ол менің
жағымдағы басқа бірегейлікті білдіреді. Менің жеке бірегейлігім бір
мезетте кемел болмысты жəне менің «Басқаның» келбеті алдындағы
үлесімді білдіреді. Келбетті осылай қабылдаған кезде (бұл қабылдау менің
келбетке қатысты жауапкершілігімді білдіреді, яғни ол «Кемел болмыс»
ретінде маған тіл қатып, билігін жүргізеді) теңдік пайда болады. «Басқа»
менімен бірдей болып кетуді қалағанда (яки менің болмысыма сіңгенде) я
болмаса осы жауапкершілікті бірге бөліскенде теңдік пайда болады.
Əйтпесе бұл тек тиянақсыз ой мен бос сөз ғана болып қалады. Теңдікті


келбетті қабылдаудан бөліп қарауға болмайды. Өйткені келбет маған көз
салған сəтте теңдік қасиеті ұшқын береді.
Адамзат мəртебесінің өзі оның бауырластығы мен нəсілінің идеясын
танытады. Осы идея төмендегі концепцияға да түбегейлі қайшы. Яғни бұл
концепция «адамзат өзара ұқсас қасиеттері бойынша бірікті», «Девкалион»
өзімшілдік дертімен күресе жүріп, адамзат қауымын жаратуға бел буды;
сөйтіп, малта тастарды айналаға лақтыра бастады; оның тастарынан алуан
түрлі адамдар жаралып шықты» дегенге саяды. Адамзат бауырластығы қос
қырлы қасиетке ие. Ол жеке 
(
индивидуалды) қасиетті қосып алады, бұл
қасиеттің логикалық мəртебесі адамзат тегінің ішінде өмір сүретін
ерекшеліктермен үйлеспейді; жеке қасиеттің ерекшелігі əрбір тұлғаның
бір-бірімен байланысымен түйінделеді (бір текке жататын жеке тұлға басқа
бір жеке тұлғадан айтарлықтай алшақ, бөлек емес). Екінші жағынан, бұл
əкенің қауымдастығына да қатысты, бейне бір жалпы нəсіл жеткілікті
деңгейде қоғамдаспайтын секілді. Қоғам түзу тізбек деңгейінде болу үшін
бауырластыққа бірігуі керек. Мені қабылдаған келбет маған қандай жақын
болса, бауырларым да маған, мəні жағынан, сондай жақын болуы керек.
Монотеизм адамзат тегі жайлы осындай идеяны білдіреді. Бұл қасиет
келбеттің арқасында «Басқаны» қабылдауға, онымен сұхбат құруға, жоғары
өлшемдерге, өзі һəм «Басқа» үшін «Меннің» жауапкершілік арқалауына
жетелейді.
7. Тұлғааралық байланыс ассиметриясы
Ғайып əлемде пайда болып, мені адамзат бауырластығына бірігуге
үндейтін «Келбеттің» сұхбатқа қатысуы Құдайдың құдіретінің нышаны
ретінде менің бойымда үрей сезімін оятып, тітіркенуіме жол бермейді, мені
басып-жаншымайды. Байланысқа кірмей тұрып байланыста болу тілдесу
дегенді білдіреді. «Басқа» еркіндіктің əрекеті мен билігіне тəуелді феномен
ретінде оның келбетінде пайда болып қана қоймайды. Өзі кірген қарым-
қатынастан шексіз алыс тұрып, ол мұнда абсолют болып көрінеді. «Мен»
бұл қарым-қатынастан тұрмайды, бірақ мұны абсолютті бөлек тіршілікпен
байланыс кезінде жүзеге асырады. «Басқа» «Менмен» келбет арқылы
байланыс құрады, келбет бұл кезде еріп, жоғалып кетпейді. Əділдік іздеп
шарқ ұрған мұқтаж жандардың даусын естігенде, «жауапкершілік» жайлы
ойланып жатпай, өзіңді осыған жауапты адам деп сезінуге тиіссің. Бұл
сезім келбеттің алдында тұрған болмыспен салыстырғанда, бір мезетте


үлкен əрі кіші дəрежеде болады. Кіші болатын себебі – келбет маған
өзімнің міндеттерімді есіме салады əрі мені жауапқа тартады. Келбеттің
ішіндегі болмыс жоғарғы тылсым əлемнен, трансцендентті аймақтан
келеді, мұнда ол «жат», «бөтен» кейіпте көрінуі мүмкін, ол маған кедергі не
болмаса жау түрінде қарсы тұрмайды. Үлкен болатын себебі – «Мен»
ретіндегі ұстанымым «Басқаның» маңызды мұқтаждығына, жанайқайына
жауап бере алатыным, оған қолдау беруге ұмтыла алатыным.
«Басқа» өзінің трансцендентті сипатымен маған билік жүргізеді. Бұл –
жат, бөтен адам, жетім-жесір, яғни көмекке, жəрдемге мұқтаж жан. Мен
олардың міскін халіне қарап, жауапкершілік сезімін бастан кешіремін.
Болмыс бірінші құбылыс емес, ол кейіннен ыдырап, алуандыққа орын
береді, барлық шарттар өзара қарым-қатынасты қолдайтын болады, өздері
бастау алып шыққан тұтастықты меңзейді. Бұл тұтастықтан кейде өз-өзінен
өрбіп, өмір сүретін басқа «Менмен» бетпе-бет келетін «Мен» де пайда
болады (осы жағдайға нұқсан келтіретін тұлғасыз дискурс арқылы негізге
алынатын жағдайлар). Тіпті осы жайлы баяндайтын тіл де «Меннің»
«Басқаға» деген беталысынан тайқып кете алмайды. Тіл үдерісі «Мен»
жəне «Басқа» екеуміз тұлғаға тəн қасиеттерді алған қайнардың қарсы
алдында өтпейді. Тілге тəн жіктелу қасиеті қос жаратылыстың дүниеден
тыс бірігуін, дауыс арқылы бөлінетін ерекше мекенде, яғни көкте болуын
білдірмейді. Бөліну, бəрінен бұрын, бір жерде, бір нəрседен тыс, яғни өзі
ұнататын нəрсемен бірге өмір сүретін бірінші факт. «Меннің» бірегейлігі
оның эгоизмінен бастау алады. Мұнда оның оқшауланған кемелдік қасиеті
рақат сезіміне, сонымен бірге, «Келбет» үйреткен шексіздік қасиетіне
бөленеді. Ал басында осы шексіздік қасиетінен оқшауланған кемелдік
бөлек тұратын еді. Бұл эгоизм шынымен де «Басқаның» шексіздігіне
негізделген, осы қасиетке бір-бірінен бөлінген жаратылыста Шексіздік
идеясын жасау жолымен ғана қол жеткізуге болады. «Басқа» осы бөлінген
жаратылысты өзіне шақырады, бірақ осы үндеу арақатынасқа шақырумен
үйлеспейді. Ол өзінен шыққан болмыс процесіне орын қалдырады. Сөйте
тұра бөлінген жəне өзін шақырған, бірақ сонымен бірге осы шексіздік
Келбетін оның эгоизмінің барлық ресурстарымен, яғни экономикалық
түрде қабылдауға қабілетті. Үндеуге қарсы жабық күйде қалуға қауқары
жетеді. Сөйлеу біртекті немесе абстрактілі ортада қалыптаспайды,
керісінше, өзі біреуге көмектесе алатын əм бір нəрсе беруге міндетті əлемде
құралады. Бұл «Менді» білдіреді, оның қалауында бөлінген тіршілікті
білдіреді, ол басқа жағалаудан келіп жатқан Келбет пен оның əуезін құрқол


қарсы алмайды. Тұтастықтан бас тартатын, бірақ бауырластық пен дискурс
ретінде пішінге ие болмыстағы алуандық мəні жағынан ассиметриялық
кеңістікте орын алады.
8. Қалау мен ақыл
Дискурс ойлаудың шарты ретінде қызмет етеді, өйткені бізге қолжетімді
бірінші нəрсе – ұғым емес, сана. Ол келбет куə болып тұрған сыртқы
күштің тежеусіз зорлығына қарсы «өлтірме» деп өсиет айтады. Дискурстің
мəні – этика. Осылай дей отырып, біз идеализмді терістейміз.
Идеалистік ұғымдылық (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет