Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет296/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

 
(
Hard Times
) романын
еңбекшілер реформасының жоспары ретінде оқып отырсам, көп нəрсе көз
алдымнан сусып өтіп жатады. Эллисон өз романын «үміт, түйсік пен сауық
сəулесі» ретінде сипаттаған еді. Сауықтан бас тартқан адам ең шешуші
түйсік пен үміт сезімін де жоғалтады. Бірақ бұл Диккенс пен Эллисонның
тілінің құрылымы белгілі бір бірлестік орнатуға, адамзат əлемінің кейбір
бөліктері біздің назарымыз бен махаббатымызға лайықты деп мойындауға
бағытталған терең моральдық, саяси сипатта емес дегенді білдірмесе керек-
ті.
Батыс дəстүріндегі көптеген ұлы эстетика теоретиктері ұшқары
формалистік көзқарасты терістеген. Бұл ұзын тізім Платон, Аристотель,
Гегельді, Ницше мен Толстойды жəне Артур Данто, Нельсон Гудман мен
Ричард Вольхейм сияқты заманауи көрнекті теоретиктерді қосып алады.
Сонымен қатар олар тағдырдың тəлкегімен бұл консервативті
теоретиктерді жақтайтын, əдеби классика қағидасын қалыптастырған
Ренессанс гуманистерін де қамтиды. Ал бұл ойшылдар гректер мен
римдіктерге ортағасырлық схоластикаға қарсы жауап беретін жəне əлемге
қатысты əлдеқайда адами көзқарасқа жол ашатын «саяси күн тəртібінің»
бір бөлігі ретінде назар аударды.
Мен Белл мен Буллоудың берген кеңесінің суретке қараудың ең бай тəсілі
екеніне шүбəлансам да, егер бұл кеңес Моненің шаттық пен тыныштықты
бейнелеу тəсілдерін, белгілі бір бірлестік идеалын жаратпай тұрса да, жоқ
дегенде осы əдіспен Клод Моненің кенептегі суретін тамашалап, ұғуға
болады. Тым болмағанда, мұның Малердің симфониясын осылай тыңдауды


білдіретінін бағамдайсың. Тіпті тағы да біреу музыканың жанашыр,
жеккөрініш, батылдық пен салтанатты шаттық күйіне бөленуге шақыратын
қасиетінен бас тартып, көп нəрсе жоғалтатын тəрізді көрінсе де, осы əдіске
жүгінуге болады. Сонымен бірге біреу күмəнсіз, басқалар үшін керемет
жемісті болып көрінетін Малердің жеке көзқарасына қиянат жасауы мүмкін
(ол бірнеше рет хаттарында өз туындыларының өмірдің мəні жайлы
мəселені қалай қозғайтынын һəм жанашыр, иерархиялық емес қоғам
құруға тырысатынын айтқан болатын). Осылайша кейбір заманауи
хореографтардың билеріне көз жүгіртуге болады. Ондай сəтте тағы да
этикалық һəм саяси мəселелер назардан тыс қалуы да кəдік. Мəселен,
Марта Грэмнің миф, жыныстық жəне этикалық конфликт туралы нарратив
зерттеулерін елемей кетуіміз мүмкін.
Бірақ Софоклдің драмасын немесе Диккенстің, не Джордж Элиоттың
романын ерекше тəсілдермен оқудың нені білдіретінін байқау мүмкін емес
тəрізді. Оқу кезінде өз бойыңда кейбір ерекше айқын саяси жəне
моральдық мүдделерді оятпай тұрып, мəтіннің үндеуіне сай, кейіпкерлер
мен олардың игілігі үшін қам жеу де құр сөз. Бұл мүдделер, мəселен,
жұмысшыларға əділ қарауда, сонымен қатар білім беру реформасында
көрінеді. Диккенс пен Элиоттың екеуі де осындай ортақ мүдделерді меңзеп,
оқырманға жиі-жиі үн қатып отырады. Əлеуметтік əлем мен ақылдасу
бірлестіктері туралы сыни ойлау үшін оны құруға талпыныс – міне, оқу
үдерісін барынша тартымды һəм барынша айқын ететін нəрсе де осы.
Əдеби сыншылдықтың бергі тарихында мұндай мəселелерді елеусіз
қалдыруды қалайтын, кейде соған бағытталған шағын сəттер де болды. Бұл
«жаңа критицизм» деп аталған ағымның гүлдену кезеңіне сəйкес келді.
Оған сəйкес, өлеңді талдаған кезде бұл талдауға сырттан ешбір нəрсені,
ешқандай тарихи һəм əлеуметтік контексті, өмір туралы, оны қалай сүру
жайлы ешқандай сұрақ үстеуге болмайды.
17
Аталмыш қозғалыстың үздік
шығармаларды лирикалық поэзияда тудырғаны таңданарлық құбылыс
емес. Мəселен, сыншылар шынымен де «1786 жыл» деген сөз не мағынаны
білдіруі мүмкін деп өздеріне сұрақ қояды делік жəне мұның қандай да бір
басқа мəні 1925 жылы пайда болды деп, сырттан анықтама əкеліп үстеуге
дағдыланған (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет