Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет291/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

 
(
Frogs
) сақталған əдеби сыншылдық
көрсеткендей, метр, лексика мен өлең формаларының құрылымы өз-өзінен
моральдық мазмұнды жеткізеді. Трагедиялар ашып көрсетуді мақсат еткен
сол кездегі азаматтық білім қандай болды?
Трагедиялар 
жас 
азаматты 
адамзат 
өмірінде 
болуы 
мүмкін
жамандықтармен таныстырады. Өмірде жастар қасіретке ұшырамай тұрып,
ол жайлы мəлімет беруді мақсат етеді. Бұл үдерісте олар көрермендер
қапысыз қабылдайтын, жастарды шабыттандыратын қайғы мен қасіретке
маңыз дарытады. Ол – драманың поэтикалық һəм көрнекі ресурстарына
моральдық мəн беретін тəсілдердің бірі. Көрермендерді трагедиялық
қаһарманмен 
теңестіруге 
шақырып, 
сонымен 
бірге 
«қаһарман,
салыстырмалы түрде алғанда, жақсы адам, оның басындағы қасірет
қасақана зұлымдықпен байланысты емес» деп сипаттап, драма қиялды
баурап, қайғыға жанашырлық білдіреді. Бұл эмоция драмалық формада
құралған.
Осы үдерісте көрермендердің жанашырлық сезімі барлық адам үшін
ортақ мəндегі қауіп ұғымымен кеңейе түседі. Трагедиялар осындай адамзат
өмірінің мүмкіндіктері мен кемшіліктерін, адамзат өмірі мен басқа
құдайлар мен жартылай құдайларға тиесілі шектеуі аз өмір арасындағы
контрасты қамтиды. Бұл үдерісте олар өз көрермендерінің қиялына қанат
бітіріп, оларды ерлердің соғыс əлемінен əйелдердің отбасы əлеміне
көшіреді. Олар ежелгі Афинаның болашақ еркек азаматының өзін, шын
мəнінде, тек қана кедей, босқын, генерал, құлмен теңестіруін емес,
сонымен бірге оның трояндар мен парсылардың, африкалықтар мен


əйелдер, қыздар мен аналардың кейпіне түсіп көруін де сұрайды.
Осындай бейнелеу құралдарының арқасында драмалық ұқсастықпен
қатар 
айырмашылықты 
да 
зерттейді. 
Өзін 
драмадағы 
əйелмен
сəйкестендіріп, жас еркек көрермен өзімен-өзі қала алатынын байқайды,
яғни моральдық ізгілігі мен міндеттері бар адам жайлы толғана алады.
Екінші жағынан, ол осы бірегейлік арқылы өзінің меншігінде жоқ көп
нəрсені байқайды: мəселен, зорлыққа ұшырау ықтималдығы һəм
дұшпанның баласын көтеріп жүруге мəжбүрлік; өзі бағып-қаққан
балаларының өліміне куə болу; өзінің күйеуінен айырылу жəне соның
салдарынан түбегейлі əлеуметтік қолдаудан жұрдай болу. Ол адамдар
қасірет пен сұмдықпен бетпе-бет келгенде айтуға қабілетті фактілерді ой
елегінен өткізеді. Трагедияда болған жайттарды өзіне қатысты нəрсе
ретінде ойлануды өтінеді. Бүгінгі күнге дейін саяси күн тəртібінде болмаса
да, «ұлы кітаптар» ретінде бағаланған осы драмалар соғыс кезінде
тұтқынға түскен адамдарға қалай қарау керектігі жайлы демократиялық
пікірталастарға сəйкес келетін. Көрінбейтін əлеуметтік жайттарды шешуге
күш салған драмалардың белсенділігі осы пікірталастарға да қатысты.
Əдебиет қоғамды жалғыз құбылыс етіп түрлендірмейді. Біз осы күштің,
кей тұрғыда, радикалды драмалық оқиғалардың қоғамда орын алғанын
білеміз. Мəселен, сол дəуірдің өлшемімен алғанда, əйелдерге көрсетілген
қысымның сөз болуы, басқалар жайлы кейбір идеялардың ғұмыры уақытша
болуы мүмкін, бірақ қоғамға əсер ете алмайды. Өйткені үйреншікті
əдеттердің, айрықша мəртебе мен шарттардың тамырын тереңге жайған
құрылымдары бəрібір күшті еді. Алайда өнер пішіндері көрермендерін бір
сəтке өз əлемінің көрінбейтін адамдарын түйсінуге мəжбүрлейді, жоқ
дегенде, бұл – əлеуметтік əділдіктің бастауы.
Трагедия жанры көрермендерінен мəдени һəм ұлттық шектеулерден асып
өтуді сұрайды. Екінші жағынан, өзінің əмбебап əрі дерексіз сипатында ол
күнделікті азаматтық өмірдің басым бөлігіне, адамдардың мəртебе, билік
пен байлықтағы айырмашылықтарына жəне осымен байланысты ойлау мен
сөйлеу тəсілдеріне мəн бермейді. Осы себепті, əдебиетке азаматтықтың
құралы ретінде қызыққан кейінгі демократиялық ойшылдар, əсіресе роман
жанрына қатты көңіл аудара бастады. Романның дамуы заманауи
демократияның көркеюімен сəйкес келді əрі оған қолдау көрсетті.
8
Оқырмандар реалистік романды ерекше құштарлықпен оқи отырып,
трагедияны тамашалаушылар бастан кешірген күйге, тіпті одан да əсерлі
сезімге бөленеді. Олар қарапайым жанға құшағын ашады, патшалар мен


корольдің балалары үшін ғана емес, зауыттың ауыр да азапты жұмысына
жегілген немесе Лондоннан Кентербериге дейін ас-сусыз жиырма алты
миль (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет