Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет297/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Сырттан мəлімет қосу олардың ұстанымдарына тұрақсыз
екенін білдіреді. – Ред.
) Олар бұлай істемесе, мағынасыз сөздер туады.
Контекстің басқа элементтері махаббат пен өлім, мəн мен мылжыңдық
жайлы адамға тəн мəселелер ретінде санаға білдірмей кіріп кетер еді. Ақыр
аяғында, осыған орай əдеби ирония мен күрделіліктің саяси мəніне


қатысты талаптар қойылды. Бірақ əлдеқайда икемді (
elastic
) нұсқасының
өзінде бұл қозғалысқа күрделі нарратив еңбектерді əлеуметтік өлшеммен
қабыстыру қиынға соқты. Сондықтан оған осы саладағы өте көрнекті
кейбір ойшылдар қарсы тұрды. Олардың арасында британдық мораль
сыншысы Ф.Р. Ливис пен америкалық əлеуметтік ойшыл Лионель
Триллинг болды. Олардың екеуі де саяси күн тəртібін жақсы білді.
Триллингтің «Либерал қиялы»
 
(
The Liberal Imagination
) оның либерализм
мен демократияға бейімін айқын көрсетті һəм роман жанр ретінде жəне
жекелеген адам санасының дербестігі мен құпиялығына құрмет
көрсететіндіктен, либерализмге жақын деп тамаша түйіндеді. Ол Генри
Джеймстің əңгімелеріне қатысты сындарын оның жалпы əлеуметтік
сыншылдығымен өте жақын байланыстырды. 
«Либерал қиялы» 
Джеймс
жайлы эсселерді заманауи əлеуметтік мəселелер жайлы эсселермен
салыстырады.
Уэйн Бут пен көптеген заманауи сыншылар, олардың ішінде бір шоғыр
феминист сыншылар осындай көзқарастарды жалғастыра келе, «шығарма
қандай да бір түрде қиялды жандандыруға шақырып, қалау мен ойларды
қалай тудырады» деген өткірлеу сұрақтар қоя бастады. Сол сауалдарымен
оларды əлдеқайда жетілдіре түсті. Мұндай сыни ұстаным кейде сыншыны
танымал əдеби шығармаларға қатысты қатал болуға жетелейді. Осылайша
Уэйн Бут: «Франсуа Рабленің туындылары əйелдерге деген жəбірлеуші һəм
қатал көзқарасты көрсетеді. Мұндай көзқарас тек белгілі бір кейіпкерлерге
ғана емес, сонымен бірге тұтас шығармаға жəне оның ажуаларына (
humor
)
да қатысты», – деп түйіндейді. Бут Раблені жанашырлық сезімнің
жоқтығынан рақымсыз деп табады һəм Рабленің еңбегіндегі қатыгез
сарынға толы юмордың сын найзасына түйрелгенін көруге келгенде, əрі
қарай бұл үшін езу тарта алмайтынын айтады. Сондықтан ол
шығармаларды оқытып, ұсынуға бейім көрінбегенімен, өзінің кітабында
бұларды сыни рухта «оқытуды» жалғастырады.
Екінші жағынан, жанашырлық түсінігі əдетте талданып, оқылған
кітаптардың дəстүрлі тізімін кеңейтуге əкеп соғады. Мысалы, үнсіз
адамдар тəжірибесі жайлы жазбаларды іздеп жүрген сыншылар осы
тəжірибе туралы бұрын көзге ілінбеген қызғылықты əңгімелерді тауып
алады. Мұндай сынға жас феминист сыншы Джудит Франктің «Күткенде»
(
In the Waiting Room
) атты мақаласы көрнекі мысал бола алады. Эмхерст
колледжінде XVIII ғасырдағы ағылшын əдебиетінен сабақ беретін Франк
мақаласының бірінші бөлімінде əйелдердің бейтаныс еңбектері жайлы


зерттеуін сипаттайды. Сол кезеңдегі ер жазушылар еңбегіндегі əйел
денесінің өзгермелі сипаты мəселесіне, ол бұл жұмыстардың теңдессіз
тəсілмен арналғанын ескертеді. Бұл таңғаларлық нəрсе емес. Шын мəнінде,
олардың үшеуі көкірек обырына шалдыққан, Фанни Бернидің журналдағы
жазбасында оның біреуінің мастэктомиясы (
mastectomy
)
 
айтылған, бұл –
«XVIII ғасырда наркоз ретінде тек «жүрек шарабын» (шарап түрі (
wine
cordial
) қолданып жасайтын ота». Франктің сабақтағы пікірталаста өзінің
сүт безі обырынан радиациялық жолмен емделуі жайлы (сабақта сүт безі
обырына қатысты жоспардан тыс үш еңбекті өткеннен кейінгі семестрде
оған осындай диагноз қойылды) жанды, сезімсіз жəне күшті түсіндірмесі
ұсынылады. Сол арқылы оның жазбасын талдау туралы керемет идеясы
осы тарихи һəм этикалық түрде қалыптасқан сыншылдық сипатының
əдебиеттің адам өміріндегі маңызы не деген ғасырлық концепцияға жауап
беретінін оқырманның есіне салады. «Түптің түбінде, – дейді ол, –
көптеген адамдардың жақсы əдебиеттің міндеті деп ойлайтыны мынау – біз
кеселге шалдыққанда тарих жайлы ұғымымызды тереңдет, ойлау мен
сезінуге болатын нəрселер жайлы түсінігімізді кеңейт». Ол «біз неліктен
«саяси күн тəртібіне» қойылған үш қалыпсыз шығарманы талдағаны үшін
оқытушыдан сезіктенуге тиіспіз: əйелдердің денесі мен олар ұшыраған
кеселдерді мойындау саяси мəнге ие ме? Мұндай мойындаудан бас тарту
саясаттан тысқары ма? Сын тек бізден өзіміз бұрын мойындамаған
нəрселерді мойындап, оларға қарауды жəне үңілуді сұраған кезде саяси, ал
бұл қасиетке шақырмаған кезде саяси емес болғаны ма?» деп сұрауға
мəжбүрлейді.
Канондық емес (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет