нəрсе емес еді.Мұны кешірім сұраудан гөрі ақталу деуге келетін шығар.
Левинас «Шекспир бүкіл философиялық əрекеттің мəйегінде тұр» деген
өзінің дау тудыратындай əдеби меңзеуін ақтайтын тəрізді. «Маған кейде, –
дейді Левинас, – барлық философия Шекспирдің толғамдары сияқты
көрінеді».
3
Философиялық қатпарды Шекспирдің шығармашылығына телитін
жалғыз Левинас қана емес. Оның талабын айрықша даулы етіп көрсететін
нəрсе (оның таңғажайып əсірелеуінен бөлек) – пьесалардың орындалуын
талап ететін философиялық ойлау түрі. Өзінің кейінгі тұспалдарында да
Левинас Шекспирді «Мен» «Басқадан» бөлек өмір сүре алмайды, «Мен»
тек тұлғааралық қатынас арқылы ғана көрінеді» дейтін өзінің жеке
философиялық позициясына бейімдейді. Ерте заманауи дəуірде бірегейлік
кез келген əлеуметтік желілер мен жағдайлардан бой көтеретін реляциялық
құрылым ретінде сипатталатындықтан, бір қарағанда, бұрынырақ өмір
сүрген автор жайлы бұлай айту оңай сияқты. Бірақ Левинастың
субъективтілік пен Шекспир жайлы тұжырымдары біздің туыстықтың
өзіндік əсерлері, этникалық топ, жыныс, мəртебе мен мамандық жайлы
жұмысымыздың аясынан алыстап, шегінен шығып кетеді. Альфонсо
Лингис ескерткендей, Левинастың
интерсубъективтілік
туралы идеялары
«анархиялық» ойдан басқа түк емес.
4
Олар біздің философия жайлы
ұғымымызды түбегейлі өзгертті, сонымен қатар біздің Шекспирге деген
көзқарасымызды да өзгерте алады. Мен нені меңзеп отырғанымды көрсету
үшін Шекспирдің «Король Лир трагедиясындағы» (
«The Tragedy of King
Достарыңызбен бөлісу: