Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет299/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Робинзон
Крузодағыдай»
).
Əлем азаматтығы, релятивизм мен бірегейлік саясаты
Бізді қазіргі саяси сыншылдықта, қандай жағдай болмасын, не
толғандыруы мүмкін? Кейбір саяси сыншылардың Уэйн Бут пен Лионель
Триллингке қарағанда, əлдеқайда радикал, сонымен бірге олардың
кейбірінің консервативті болуы соншалықты мазасызданатын нəрсе емес.
Егер барлық ғалымдар либералдық бағыт ұстанса да, қызықсыз болар еді.
Өйткені 
сын 
моральдық 
жəне 
саяси 
философия 
ретінде 
қызу
пікірталастардан ұпай жинайды. Студенттердің тек кез келген тарихи
немесе этикалық мəндерінен айырылған өлеңдегі ирония жайлы керемет
əңгімелер 
естігеннен 
гөрі 
қайшы 
көзқарастағылар 
арасындағы
пікірталастарды тыңдағаны əлдеқайда пайдалы.
Түптің 
түбінде, 
көптеген 
заманауи 
сыншылардың 
француз
постмодернистік философиясынан бастау алатын, бейтарап бағалаушы
пайымдарды терістейтін моральдық релятивизм формаларын қолдауы да
айтарлықтай алаңдайтын жайт емес. Əрине, бұл сыншылардың


тұжырымдарымен келіспеуге де, олардың уəждерінен мін табуға да болады.
Тұтас алғанда, ақиқат пен объективтілік туралы толғанатын философтар
тіпті постмодернист сыншылар өздерінің релятивизм нұсқаларын басқа
негізде қорғаса да, олардың уəждерінен əсерлене қойған жоқ. Бұл
мəселелердің толық бағасын беру философия, физика, математика жəне тіл
философиясынан 
алынған, 
тегі 
жағынан 
техникалық 
уəждермен
байланысты талап етеді. Бұл мəселелерге қатысты философиялық
тартыстар мен осымен байланысты əдебиет теориясындағы пікірталастар
арасында жүретін кез келген ғалым олардың уəждерінің күрделілігі мен
мұндағы ерекшеліктерді байқамауы мүмкін емес (əдебиет концептуалды
айқындық жетіспейді деп айыпталатын жалғыз сала емес: экономистер
құндылықтар жайлы айтқанда, олар жаппай философияның сынына төтеп
бере алмайтын аңғал релятивизм формасын (
naive form of relativism)
қолдауға бейім тұрады. Біз де релятивизм жайлы əдеби пікірталастарда
осындай философиялық қаталдықты талап етуіміз керек, əйтпесе оның
үстірт (
superficiality
) жəне мəнсіз (
triviality
)
 
күйде қалу қаупі бар.
Бірақ барынша қатал болуды талап ету релятивистік ұстанымды елемеу
яки терістеу керек дегенді білдірмейді. Гуманитарлық дəрістерде
консерваторлар мен либералдар арасындағы сияқты, релятивистер мен
əртүрлі антиреалистер арасында қызу пікірталастар жүруі тиіс. Олар
жоғары деңгейде өткізілген кезде бейтарап бағалау пайымы жайлы мұндай
жарыссөздер біздің баламалар туралы ұғымымызды пайдалы тəсілдермен
байытады.
Əдебиет дəрістеріндегі философиялық кемшіліктер жайлы мұндай
толғаныстар, егер əдебиет сабағы Сократ өнегесіне əлдеқайда адал болса,
өзін сынайтын уəждер мен философияның үлесіне мəн берсе, əлем
азаматтарын дайындай алады деген ойға тоғысады. Əулие Лоуренс (
St.
Lawrence
) колледжінің Философия бөлімі оқытушысы Грант Корнуелл мен
Ағылшын тілі бөлімі оқытушысы Ивв Стоддардтың жасаған жұмыстары
сияқты пəнаралық оқыту, факультет өмірінде һəм студенттерге дəріс беруде
осы қатал тəсілге жол ашудың айрықша үздік тəсілі бола алады.
Деконструктивті 
сыншылардың 
көзқарастарын 
талқылайтын 
əрі
бейнелейтін кез келген əдебиет дəрісханасы мəдени релятивизмнің алуан
формаларына жақтасу не қарсы болудың кейбір негізгі талдауларын құрауы
тиіс. Мұны пəнаралық сұхбат пен пікірталастар жағдайында жеңіл жүзеге
асыруға болады. Өйткені əдебиет оқытушылары этикадан ғылым
философиясына дейінгі мəселелермен шұғылданатын жəне əдеби


түсіндірме 
талдауымен 
байланысты 
нəзік 
жайттарды 
түйсінетін
философтардың бұл сұрақтарды қалай шешкенін бақылай алады. Шын
мəнінде, жаңа теория бойынша, біздің бейімді əдебиет бөлімдеріміз осы
мəселелерді зерттеуде де, оқытуда да нашар философия əсерін туғызады.
Пəнаралық диалог – мұның алдын алудың керемет тəсілі.
Бүгінгі кампустардағы əдебиет жайлы пəнаралық диалог əртүрлі формаға
ие. «Əлемдік өркениет» пен «Батыс өркениетіне» қатысты көптеген кіріспе
курстар маңызды əдеби мəтіндерді талқылау үшін философтарды
əдебиеттанушылармен біріктіреді. Мұндай курстар өзінің дамуы кезеңінде
емен-жарқын сұхбаттасып, жалпы талдау үдерісіне өз пəндерінің
ресурстарын əкеліп, ғылым саласына қолдау көрсетсе, əлдеқайда табысты
болады. Факультет əртүрлі пəндердің мақсаттарын біріктіре отырып, əдетте
оқытуды жоғары деңгейде өткізеді. Факультет сыныптан тыс пəнаралық
диалогке қатыса алады, осылайша олардың дəрісханада өтуіне жол ашады.
Əулие Лоуренс колледжінде факультеттің релятивизмнің теориялық
мəселелерін арқау еткен пəнаралық семинары жекелеген оқытушылардың
оқыту түрі мен тəсіліне əсер еткен. Мұндай əдістер қатты қолдауға зəру,
өйткені оларсыз көптеген студенттер дəрісханаға əкелетін оңтайлы
релятивизм əдетте зерттеусіз қалады, сондықтан да бұл деңгейдегі əлемдік
азаматтық мақсаттары орындалмайды.
Алайда қазіргі əдебиет дəрістеріне қатысты мазасыздықтың маңызды
себебі жеңіл сынап өте салатын кемшін уəждердің болуы емес. Мұның
орнына əдебиетте жанашырлық мүмкіндігінің өзіне күмəн туғызатын тəсіл
үстем тұр. Ол біреуді өз тобынан аластайды, сонымен бірге жанашырлық
сезімінің өзегіне айналған жалпыадамзаттық қажеттіліктер мен мүдделерді
де ығыстырады. Əлем азаматтарын қалыптастырудың мақсаты бірегейлік
саясатының рухына түбегейлі қайшы. Өйткені ол «адам, негізінен, мейлі,
діни немесе этникалық, сексуалды немесе жыныс сипатында бола ма,
жергілікті өз тобына тиесілі» деген ойды алға тартады. Қазіргі оқу
орындарындағы əдебиет сабағы бірегейлік саясаты рухымен қаруланған.
Адамзаттың санқырлылығы мен мəдени күрделілігін тиісінше мойындауға
жататын 
«мультикультурализм» 
шекпені 
астында 
кейде 
жаңа
антигуманистік көзқарас туындайды. Ол алуандықты сыни емес түрде
жоққа шығарады, тіпті өз жеке тобының шегінен шығып кететін диалогтер
мен пікірталастарды түсіну мен жалпы мүдденің өзін терістейді.
Мультикультурализмнің əмбебап нұсқасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет