Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет300/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Көрінбейтін адам» 
сияқты
шығарманы бағдарламаға қосуды көздейтін этикалық уəж тек Эллисонның


өз дəйегі болып қана қалады. Біздің ұлтымыз этникалық надандық
тарихына қожалық еткенмен, аталмыш туынды барлық азаматтарға
нəсілшіл 
мəселелерді 
барынша 
айқын 
қабылдауға 
көмектеседі.
Мультикультурализмнің 
бірегей-саясатшыл 
нұсқасында, 
керісінше,
«Көрінбейтін адам» 
пайдасына келтірілетін уəждер «ол афро-америкалық
студенттердің тəжірибесін қолдауы мүмкін» деген оймен түйінделеді. Бұл
көзқарас Эллисонның өзіне «қара нəсілді жəне америкалық жандардың
ауыр жағдайында жасырынған адамзат əмбебаптығын (
universal
) ашу» деп
қойған міндетін жоққа шығарады.
Осы əртүрлі əдебиетті қорғау құралдары демократияның алуан түрлі
концепцияларымен байланысты. Əлемдік деңгейдегі азаматтық көзқарас
барша азаматтың өздерімен бірге өмір сүруге тиісті ерекшеліктерді ұғынуы
қажет екенін алға тартады. Ол азаматтардың осы айырмашылықтар арқылы
бір-бірімен сұхбаттасуға жəне ұғынысуға ұмтылатынын көреді. Ол ортақ
мүдде жайлы кеңес ретінде демократиялық пікірталас концепциясымен
байланысты. Бірегейліктің саяси көзқарасы, керісінше, азаматтық ұйымды
билік үшін күресетін бірегейлікке негізделген мүдделер тобының нарығы
ретінде суреттейді. Оны айырмашылықты ұғынуға емес, растауға болатын
құбылыс ретінде қарайды. Шындығында, əдебиет мамандарын оқу
орнында бірегейлік саясатын таратқаны үшін айыптау да қиын. Өйткені
бұл ғалымдар басқа, əлдеқайда қуатты қайнар көзі бар мəдени көзқарасты
алға тартады. Саяси мəдениет ішіндегі рационалды сананың билеуші
экономикалық көзқарастары «демократия қандай да бір ортақ жəне ақылға
қонатын мақсаты жоқ, бəсекелес мүдделер тобының жай ғана нарығы»
деген идеяға жан бітіріп те қойды. Француз əдебиет теориясына қарағанда,
экономиканың біздің өмірімізге əлдеқайда танымал əрі қалыптастырушы
ықпалы бар. Бір таңғаларлығы, 
Заманауи тіл ассоциациясына 
шабуыл
жасаған консервативті сыншылар мұндай антикосмополит идеялар
экономистер нарығы тарапынан көрсетілгенде, олардың қуатты қайнар
көздерін сынауды бəсеңдетеді. Құндылықтар жайлы «адамдар, түптің
түбінде, бір-бірімен күреске түседі»
18
деген постмодернистер емес, Милтон
Фридман болатын. Бұл тұжырым жалған əрі қауіпті. Əлемдегі азаматтар,
қайда жүрсе де, осы идеяны талмай сынауы тиіс. Олардың бұл пікірі
демократияны тар көзқарасқа əкеліп ұрындыратынын шегелеп айтудан
жалықпау керек.
Əдеби академиялардағы бірегейлік саясатының айрықша қатерлі салдары
– студенттер мен ғалымдар үнемі бетпе-бет келетін: тек белгілі бір езілген


топтың мүшесі ғана осы топтың тəжірибесі туралы жақсы жазуы, бəлкім,
жақсы талдауы мүмкін деген наным; тек əйел жазушылар ғана əйелдің
сезімін жақсы ұғынады; яки афро-америкалық жазушылар ғана
қаранəсілділердің тəжірибесін түсінеді деген көзқарас. Бұл тұжырым үстірт
сипатқа ие. Əрине, езілген топ мүшелері өмірлерінің басқа адамдар біле
бермейтін қырларын өздері жақсы білетінін жоққа шығаруға болмас. Бірақ
адамдар да, топтар да өзі жайлы соншалықты терең, жан-жақты білмейтіні
де рас. Ол адамның өмір тəжірибесіне терең бойлаған көлденең бақылаушы
ғана оның ештеңе көрмейтінін байқай алады. Алайда, тұтастай алғанда,
егер біз топтағы жағдайды ұғуды қаласақ, онда осы топ мүшесінің
қаламынан шыққан үздік шығармаларды оқудан бастағанымыз жөн. Сонда
ғана біз, өзіміздің олар жайлы жеке түсінігімізді кеңейте аламыз. Оның
бірден-бір жолы – осындай еңбектерді бағдарламаға қосу. Егер біз
қиялдағы 
топқа 
тəн 
шектеулерден 
асып 
өте 
алмасақ, 
мұндай
шығармалардан еш нəрсені көңілге түйе алмауымыз мүмкін.
Əдеби түсіндірме «біз бəріміз бірдей терімен қапталған ұқсас
жаратылыспыз» деген қарапайым ойды ғана насихаттаса, шынымен де,
үстірт болып қалады. Тəжірибе мен мəдениет «терінің астында»
жасырынған көптеген қасиеттерді қалыптастырады, сондықтан біз оқыған
сайын, ойланған сайын оларды терең аңғара түсеміз. Дəл осы себептен де
бұл əдебиет азаматтардың өмірі үшін де өте маңызды. Ол шынайы өмір
дамытып бере алмайтын жанашыр сезімді жетілдіреді. Бұл – əдебиеттің
бізге бере алатын саяси уəдесі. Ол біз басқаның өмірінде қалып,
ұқсастықтарымызды, сонымен бірге басқа мен өзіміздің өміріміз бен
ойларымыздың арасындағы терең айырмашылықты көргенде жəне оларды
түсінікті немесе, жоқ дегенде, түсініктірек қылуға талпынғанда жүзеге
асады. Осы мүмкіндікті терістейтін кез келген сыни көзқарас, көрініп
тұрғандай, əдебиеттің адамзаттың əлеуметтік игілігі ретіндегі мүмкіндігін
жоққа шығарады. Біз, қай жерде болмасын, мұндай көзқарастарға қатты
қарсы 
тұрып, 
«əлемдік 
азаматтық 
бірегей 
саясатқа 
қарағанда,
мультикультурализм формасы – біздің бағдарламамыздың формасы» деген
ойды алға тартуға тиіспіз.
Əдебиет адам өміріне көп үлес қосады, соған орай бакалавриат оқу
бағдарламасы осы алуандықты көрсетуі керек. Бірақ əдебиеттің азаматтың
өміріне қосқан үлкен үлесі оның, нақты жағдайларда, тіпті сонымен бірге
ой мен сезімде біздің тар əрі қараңғы қиялымыздан өзімізден бөлек
адамдарды шығарып алу қабілетімен түйінделеді. Эллисон сипаттағандай,


көркем əдебиет «менің кейіпкерлерім көрсететін һəм оның тəжірибесін
оқып отырған жанда орнауы мүмкін жалпыадамзаттық құндылықтарды
терістейтін ұлттық тенденцияны жеңуге»
19
жол аша алады. Бұл үлес
жоғарғы білім саласында оны шешуші элементке айналдырады.
Қазір біз бұрынғы дəуірдегі гуманитарлық бөлімдер көмескілендіріп
жіберген өзгелерді көру мен қабылдаудағы кемшіліктердің орнын
толтыратын академия жасауға талпынып жатырмыз. Эллисон айтқандай,
көрінбейтін топтардың бəрі көрінетін академия жасауға тырысуда.
Осылайша бұл радикал саяси күн тəртібіне айналды. Кез келген қоғамда
əрқашан адамдарды бірдей құндылыққа міндеттеу ұшқары сипатта болады
һəм адамдар осы идеалдың талабынан қашудың жолдарын табады. Тіпті
мұның құнын төлеуі мүмкін болса да, осылай істейді. Қазіргі күн тəртібінің
радикал сипатының мəні мынада: Стоиктердің азаматтық түсінігі иерархия
мен мəртебеге негізделген Рим үшін оғаш көрінді, бұл оғаштық «жақыныңа
махаббат» деген христиандық идея мақсаттарына немесе Аспан
Патшалығына ортақ мүшелігімізді терістеуге ұмтылатын əлемге де жат
көрінеді. Біз өзіміздің демократиялық концепциямызға жəне болашаққа
қатысты жоспарымызға лайықты, бірегей əрі радикал күн тəртібін қорғауға
тиіспіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет