Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет298/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

noncanonical
) еңбектерді кəдеге жаратуға жəне осы
еңбектердің адамда қалау мен мойындау сезімдерін қалыптастыру
тəсілдерін мұқият зерделеуге талпыныс, Джордж Уилл қауіптенгендей,
«Батыс өркениетінің бөлінуіне» əкеле қоймайды. Франк былай дейді:
«Уиллдің заманауи академиялық өмірді суреттегеніне қарамастан, мен
əріптестеріме Шекспир мен Милтон көкірек обыры жайлы лəм-мим демеді
деп күңкілдеген емеспін. Мен өз туындыларында сүт безі ісігін поэтикалық
емдеудің болмауы, олардың нашар жазушы екеніне дəлел деген шешімге
келген жоқпын. Менің бөлімімдегі Шекспир мен Милтонтану курстарын
Мария Эджуорт пен Одр Лорд курстарымен ауыстыруын талап етіңдер.
Мен өзімнің көптеген əріптестерім сияқты сабақта канондық емес
шығармаларды қағидаға сай (
canonical
) туындылармен бірге өткіздім.
Мəселен, Эджуорт пен Берниді Дефо, Ричардсон, Филдинг, Смоллет жəне


Стернмен қатар оқыттым. Уилл Батыс өркениетінің толайым күйрейтіні
жайлы мазасызданады деп ойлаймын. Өйткені канонды (
canon
) тексеруде
көрсеткендей, оның өз түсінігіндегі болмысқа қарағанда ол адамзат
мүддесіндегі лас істерге араласпайтын, «əлеуметтік институт ретінде
танылады».
Егер əдебиет адамзат мүмкіндіктері жайлы түсінікті көрсетсе, біз
таңдайтын əдеби туындылар «біз кімбіз жəне кім болуымыз мүмкін еді?»
деген сезімімізге жауап беріп, оны əрі қарай дамытатын болады.
Біз əдебиет туралы осылай ойлай бастаған кезде басқа бір нəрсені
байқаймыз: 
«Жаңа критицизм» 
өкілдерінің өздерін əдеби еңбектің
əлеуметтік жəне тарихи өлшемдерімен байланыстырмау туралы шешімдері
өз-өзінен саяси əрекет, монтаны түрдегі əрекет мəніне ауыса қалады. Франк
қалыпты мəтіннің этикалық түсіндірмесіне назар аударып, Даниэль
Дефоның «Робинзон Крузосының» (
Robinson Crusoe
) түсіндірмесін қорғап
шығады. Бұл түсіндірме шығарманы отарлау мен құлдыққа қатысты
моральдық мəселелер қызу талқыланған тарихи контекспен тығыз
байланыстырады. Франк айтқандай, «Сізге 
«Робинзон Крузоның» 
тарихи
контексін елемей қою үшін көп еңбектенуге тура келеді. Ал оның өзін
қалай мифтік түрде көрсеткенінің бұған қатысы жоқ».
Осы мəселелерді саналы түрде елемей кету жəне еңбекке шындықтан
алыс миф деп қарау нақты ұстанымды, яғни адам мəселелерінен бөлектену
ұстанымын байқатады. Блумсбери формалистерінің бөлектенуі, бір
қарағанда, саясат тұрғысынан кінəсіз еместей көрінеді. Шындығында, бір
анығы, сіз Белл, Фрай жəне Блумсбери тобының басқа да мүшелерінің
еңбектерін зерделеп отырғанда, олардың ұстанымының Блумсберидің
өзінің күрделі саяси көзқарасымен тығыз байланысты екенін ұғасыз. Олар
жыныс мəселесінде радикал, ал талғам мен білім мəселесінде ақсүйек
(
aristocratic
) бола қалады. Олардың идеясы «бабына келген ерекше
эстетикалық жауаптардың жетілдірілуі мен қорғалуы оларға күнделікті
моральдық қағидалардан аулақтауға (жəне осылайша сексуалды өмірдің
дəстүрлі емес формаларын қорғауға), бірақ сонымен бірге бұқараны
сауаттандыруға 
талпынатын 
уақыттың 
реформистік 
ұсыныстарын
елемеуге, оның орнына достардың шағын көрнекті бірлестігін дамытуға
жол ашады» дегенге саяды. (Блумсберидің идеалы тек жұмысшы тапқа
деген жеккөрінішпен ғана емес, сонымен қатар антисемитизм жəне
этникалық əрі нəсілшіл соқыр сенімдердің басқа формаларымен де тығыз
байланысты. Осы сенім 
«Жаңа критицизм» 
тобының үлкен бөлігіне де


жұққан). Блумсберидің саяси көзқарастары мен оларға қатысты 
«Жаңа
критицизм» 
идеяларының неліктен əдебиет дəрісханасында орын
таппағанына себеп жоқ шығар. Біз бəріміз ерекшеліктердегі қайшы
көзқарастардың байланысынан тұратын дəрістерді үйренеміз. Тіпті бір ғана
дəрісте бір еңбектің өзін байыпты зерделеу кезінде, біз одан көптеген
қайшылықты пайымдарды іздеуге тиіспіз. Əртүрлі дəрісханалар алуан түрлі
типтердің 
саяси 
өлшемдерімен 
бірге 
жүретін 
тəсілдерге 
жол
ашатындықтан, бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Біз саяси өлшем
жоқ деп одан қашпайтынымызды мойындауымыз керек. Осылай жасайтын
болсақ, еңбектердің, əсіресе нарратив еңбектердің нəрінен, олардың
көптеген мəні мен маңызынан айырылып қаламыз. Өнердің моральдық
мазмұны жайлы мұндай ашық пікірталас Батыс дəстүрінің философия мен
əдебиеттегі маңызды элементтерінің бірін құрады. Біздің əдебиет туралы
дəрісімізді шынайы сократтық сарында өрбуін жалғастырмау керек деуге
еш себеп жоқ. Тізімге жаңа еңбектердің қосылуы біздің тарих пен адам
болмысы жайлы ұғымымызды көркейтеді. Əлдеқайда қалыпты еңбектерді
сын елегінен өткізу – моральдық сипаттағы сыншылдық стилі назардан
тайдырып алуы мүмкін мəтіндегі күрделілік өлшемі немесе сыншылдық
көзқарасты ашу арқылы жаңа түсініктерге жол салу (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет