Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет305/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

 
(
патша тағын
озбыр түрде заңсыз тартып алған адам. – Ред.
)
 
екенін бірден байқайды.
12
Байсалды əрекет етудің орнына ашуға беріледі. Оның ашуы, көрініп
тұрғандай, жалтақ. Корделияны кінəлап, жауапкершіліктен қашу. Сирс
Джейн ескерткендей, Лир «өзінің кінəсінің парқына барып, ұждан отына
өртенген адамдардың əрекетін сипаттайтын қиянатшыл мінезбен»
13
 
жауап
береді. Лирдің құмарлығының азғын қисыны, шамамен, былай көрінеді:
«Сен менің ашуыма тидің, демек, сен жаза бастың. Егер мен қылмыскер
болсам, өкінер едім. Керісінше, мені ыза кернеп тұр, бұл – əділетсіз
көзқарасқа берілген шынайы жауап. Мені осындай халге жеткізген сенің
эмоцияларың. Дəл сол эмоция менің құрбандық екенімді дəлелдейді.
Ендеше, мен мұның есесін алуым керек». Нағыз қаһарлы ашудың кəріне
мінген король Корделияға деген жеккөрінішін растайды. Оның ашуының
қарқыны опасыздығының өлшемі де. Бұл оның сезілген жауапкершілікті
елемеу үшін қандай қадамға да бара алатынын көрсетеді. Егер Лир өзінің
өзімшіл əдетін жалғастыруды қаласа, жауапкершілік сезімін жойқын
ашуымен ығыстыруы тиіс.
Ол дегенінен қайтпайды. Бір жағынан, Лир қызын аластайды жəне оны
мұрасыз қалдырады. Бейне бір əкеліктен бас тартып, жауапкершілігін де
терістей алатын сияқты. Алайда Корделия оның қызы жайлы мəртебесінен
айырылып қалса да, өз əкесінің алдында «Басқаның алдындағы «Біреу»
бірінші (
primary
) этикалық байланыс күйінде тұруын жалғастырады. Оның
тікбақай əрі жалаңаш келбеті – тұрақты жазғыру, Лир тіктеп қарай
алмайтын өте күшті көзқарас. «Бұдан былай көзіме көрінбе!» деп ақырады
ол (1.1.122). Өзіне артылған міндеттен тайқып кету үшін Лир оның
келбетінен теріс айналады:


Ендеше, Франция мырзасы, болсын бұл қыз сіздікі,
Маған енді ол – шіріген бір жұмыртқа,
Түр-келбетін қайта көрмес болайын. (1.1.260–62) (М.Т.)
Кенттің «Жақсылап ойлан, Лир» деген ақылына құлақ асудың орнына,
король кенже қызының жүзін мəңгілікке тəрк етеді (1.1.156). Сыншыларға
осы көріністің қайталанған сілтемелерін көру мен көрегендік жайлы
ауқымды ойларын троп ішінде тілге тиек етуіне тура келеді. Əйтсе де Пол
Алперстің бізге осы пьесаға үңілудің, бəрінен бұрын, қабылдау емес,
байланыс формасы екенін ескертуі шындық. Біреуге үңілу, демек, онымен
байланысқа түсу деген сөз. Осылайша Лирдің Корделиядан теріс айналған
кездегі əрекеті – дерексіз моральдық ақиқат емес, «моральдық міндеттерді
тудыратын шынайы адамдық қатынастар».
14
Король өз қызына қарағысы
келмейді, өйткені ол қызының келбетінен құр бұйрықты көреді.
Корделиямен бірге орнаған жайт өз-өзінен беташар көріністің өн бойында
қайталанады. Король өзгерістермен бетпе-бет келген кезде өзіне ұсынылған
міндеттен қашуға талпынады. Алдымен «Басқаға» кəрін төгеді, содан кейін
өзінің немесе қызының ортадан жоғалуын талап етеді. Мəселен, Кент өзін
«сенің көзіңнің ағы мен қарасындаймын» деп таныстырғанда, Лир оған
қарамауға тырысады (1.1.157). Ол Кентке араласпауын бұйырады («Жоғал
көзімнен!» [1.1.155]), сосын оны өліммен қорқытып, қуып жібереді. Кейін
Гонерил мен Реган жалған келбеттерін лақтырып тастап, шынайы жүздерін
көрсеткенде, Лир оларға қарғыс жаудырады. Ол бұл жолы қыздарын құптай
алмайды. Олар мұнымен бірдейміз деген мəймөңкесін доғарады. Бірақ
король бұл кезде асатаяғын беріп қойған, сондықтан Кент пен Корделияға
істегені сияқты оларды қуып жібере алмайды. Ақыры, өзі қуылады.
Басқаларға бағынудың орнына, Лир жапан түзге бет түзейді. Левинас
«тақуаның құтылуы»
15
деп атаған нəрсені іздеп əуреленеді. Лир басқаның
билігіне түспей тұрып, «Басқасыз» болуға тырысады. Бейне бір ерік-жігері
арқылы қиялдағы «Басқаның» қолы жетпейтін биікке көтерілетін сияқты,
өз қалағанын жүзеге асыратын сияқты сезінеді.
Бұл – сəтсіздікке ұшырап тынатын ақылсыз бұйрық. «Басқасыз»
«Меннің» де болуы мүмкін емес. Ол арқылы Шекспир король оқшау
қалғанда бірте-бірте өзі мен əлеміне деген билігін жоғалтып алатынын
меңзейді. Қанша тырысса да, Лир оны бірге ұстап тұра алмайды. Оның
жан-жағы ыдырай бастайды. Көз жасы төгіледі. Қайғысы арта түседі.


Жүрегі жүз мыңдаған ағаттық ішінде бөлінеді. Маргрета де Грация сияқты
материалист сыншы үшін бұл құлдырау ерте замандағы жандардың да
қазіргі адамдардың «меншігімдегі нəрсе маған тəуелді нəрсе» деген
сипаттағы мүлікке байланған деңгейін көрсетеді.
16
 
Осылайша өзінің тəжі
мен тағын табыстап берген егемен адам ешкімге немесе ештеңеге
айналады. Сайқымазақтың кекесінмен «О, тұлдырсыз» дегеніндей болады
(1.4.158). Осы талдау сұңғыла һəм нанымды болғанымен, біздің Лирдегі
объективті байланыстың бірегейлік əсерлері үшін берген бағамыз
тұлғааралық қатынастың маңызына көлеңке түсірмеуі тиіс. Əсіресе, Лирдің
өзінің ұстанымы оның басқаларға жақындығымен өте тығыз байланысты.
Лир барлық байланыстан тысқары өмір сүруге тырысқан кезде, ол өзінің
ақылынан алжаса бастағанын сезеді. Бұл Левинастың «Мен» бір өзі жалғыз
өмір сүре алмайды, өзінің дүниеде «Бірдейлік»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет