Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет310/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

simulation
) ғана екенін қаперде ұстап, өзіміз сахнадағы
кейіпкерлерге толық беріліп кете алмаймыз. Біз олардың қайғысы мен
дертін сезінуіміз мүмкін, бірақ біздің бұл тəжірибемізді «ол əншейін
еліктеді деген ой» əлсіретіп тастайды. Осылайша 
«Король Лир» 
біздің
жауабымызды талап етеді əрі оны шектеп тастайды. Пьеса этикалық
ашықтықтың маңызын насихаттайды. Ал ойын бізге оны көрсете алмайды.
Лир сахнада Корделияның жансыз денесін көтеріп, теңселіп жүргенде,
біздің жауабымыздың сəйкессіздігіне назар аударады. Ол көрермендерді,
сонымен бірге өз жағындағы актерлерді/кейіпкерлерді кінəлап сөгеді:
Бай, бай, бай, бай! Өкіріңдер! Бақырыңдар! Ұлыңдар!
Тастан бетер бедірейген өңшең сұм.
Көздерің мен тілдеріңді
Өзім жұлып алар ем,


Дүниенің берсе тағы билігін. (5.3.231–33) (М.Т.)
Марианна Нови байқағандай, ешбір көрермен оған сəйкесінше жауап бере
алмайды, оған қоса, біздің дəрменсіздігіміз жанды қатты қинайды. Новиге
қарағанда, осы мазасыздандыратын кемшілік біздің əрқайсымыздың
ішімізге оқшаулану сезімін дарытады. Біз Лирдің өкпесін өртеп, жүрегін
жалынға ораған сəтін үнсіз тамашалап отырған кезде, сахнадағы
кейіпкерлерден ғана емес, өзіміздің серіктес-көрермендерден де бірден
оқшауланғанымызды сезе бастаймыз. Дегенмен Нови осы оқшаулану
сезімі, ақыр аяғында, біртұтас болып біріккен сезімге жол береді деп
түйіндейді. Сен жəне менің бір нəрсені сезінгенімізді біле алмаймын, əрі
мен біздің ешқайсымыз жеткілікті деңгейде сезінетінімізді терістей де
алмаймын. Бірақ қарапайым факт мынау – біз екеуміздің де сезінген
нəрсеміз (бұл не болса да) негізгі байланыстың бар екенін дəлелдейді, ақыр
соңында, бізді қамқоршы бірлестікке бейімдейді. «[Шекспирдің] пьесада
һəм театрда ұсынған жалғыз жұбанышы – (бұл маңызды нəрсе) біздің
негізгі байланысымыздың себебінен бір-бірімізді жоғалтып алғанымызды
сезінуіміз». Біздің 
«Король Лир» 
трагедиясына деген эмоциялық
жауабымыз ешқашан лайықты деңгейге дейін жете алмаса да, бұл, жоқ
дегенде, Новидің зерттеуінде бізді бір-бірімізге байлап-матау үшін
жеткілікті.
51
Алайда Нови көрген байланысты сахнадан көру қиын. Пьесаның соңында
аман қалған кейіпкерлер азапты да ебедейсіз түрде бір-бірінен жырақ
қалады. Албани қандай да бір қауымдастық түрін құрастыруға тырысады.
Кейін оның Кент пен Эдгар бірлесіп басқаратын патшалық туралы
ұсынысы күйрейді. Кент өзіне қол салуға ойы бұзылады, ал Эдгар болған
жайттардың жауабын беруге құлықсыз. Патшалықты кім билейді жəне
оның жағдайы не болады деген сұрақтар басы ашық күйде қалады.
Шығарманың осы тұсы тіпті пьесаның соңғы сөзіндегі дəйекпен шатасып
кетеді. Оған сəйкес, əдетте корольдің мұрагері кім дегенде, бұл мəртебе
тұрақсыз түрде 
кварто 
нұсқада Албаниге, ал 
фолио 
нұсқада Эдгарға
телінеді.
52
Белгілі бір мəнде осы көмескі көріністің де айтары бар. Ол
«Патша билігі тарап кеткенде, жаңа король тағайындаудың мəні бола қояр
ма екен?» деген ойды меңзейді. Албани – енді қауымдастық емес, өгей əрі
қорланған, көптеген бөлшектенген адамдардың өкілі. Олардың ыдырауы
күйзеліс тудырады һəм бұл бізді этикаға, əлеуметтік өмір мен саясатқа
қатысты бірқатар күрделі мəселелерді қарастыруға итермелейді. Басқаша


айтқанда, бізді этикалық байланыс саяси байланыспен бірлесе ме, əлде
тіпті селбесіп өмір сүре ме, деген сұрақ қызықтырады. Пьеса əлемінде
тұлғааралық яки тұлға жауапкершілігіне артылған салмақ саясат емес пе?
Лир, бəлкім, теріс жауап береді, өйткені саясат, пьесада айтылғандай,
шексіз жауапкершілікті шектейді. Тіпті Лирдің режимі субъектіге өлшеусіз
міндет сезімін дарытса да, осы міндеттің көрінісі (шынайы ма, жоқ па) өте
тар. Барлық адалдық ресми түрде дербес «Басқа» ретінде, айбарлы даусы
басқа үндеулерді естіртпейтін адам ретінде таққа отырған корольге
бағытталған. Король сарайына деген жауапкершілікті шектеу арқылы
Лирдің монархиялық құрылымы өмір сүруін тоқтатып, өзінен басқалардың
(патша емес) мұқтаждығын елемес еді. Оның үстіне, альтруизмді сарай
қызметінің айқын анықталған жəне жақсы тұтынылған шарттарына
бағыттап, пьесаның саяси жүйесі өзінің мүшелерін этикалық маңызды
құрайтын беймəлім енжарлықтан бөлектейді. Сарай адамдары өте қатал,
олар ашықтық пен шынайылықтың орнына жасанды түрде үйлескен
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет