Lear»
)
(1607–1608) адам мəселесін өрбітуін философиялық талдау үшін
Левинасты пайдалануды ұсынамын. Тіпті Левинас жарық көрген қандай да
бір еңбегінде Лирді талдамағанына қарамастан, осы бір күрделі философ
пен осы бір күрделі пьеса бір-біріне көп нəрсе аңдатуы мүмкін. Мен
Левинас Шекспирдің ұлы трагедиясының өте маңызды сəттері, оның
санаңда серпіліс тудыратын сұрақтары мен жақсы танымал түсіндірмелері
жайлы, тың жəне жемісті идеяларға жол ашып, құнарлы пайымдар тудыруы
мүмкін дегенді айтқым келеді. Бұдан бөлек, Левинас біздің театрда əрі
көрермен, əрі əдеби сыншы ретінде беруге тиісті пікіріміздің сипатын
талқылау үшін пайдалы негіз бола алар еді. Менің білуімше, Левинас бізге
«айтуға тиісті нəрсені емес, сезініп тұрған нəрсені айтудың»
6
(5.3.299) нені
білдіретінін ойланғанда, жанымызға тым жақын келетін, жақсы көмекші
бола алар еді.
Шекспирдің драматургиялық шеберлігінің (
stagecraft
) жүрегінде жатқан
«Мен» жəне «Басқа» арасындағы күрделі байланыс – Левинас
феноменологиясының өзегі мен мəні. Оның біріншілігі (
primacy
)
Левинастың жиі қайталайтын «этика – онтология емес, «алғашқы
философия» деген тұжырымында көрінеді. «Этика бірінші келуі тиіс», –
деп түсіндіреді Левинас. Өйткені «Мен» «Басқа» (
autrui – басқа адам,
менен бөлек кісі
) келместен бұрын болмыс ретінде пайда болмаған еді.
Шынымен де, осы «Басқа» болмаса, «барлық нəрсе «Меннің» жалғасы»
деген ұғымға қарсы қоярлық ештеңе табылмас еді ғой. Дегенмен «Басқа»
мені (
autrui
) өзімнің кейпіме түспейтін жəне менің жағдайыма
бейімделмейтін нəрсемен бетпе-бет қойып, осы өзімшіл жаңсақтықты
күйретеді. «Өзге» кез келген сəтте менің ол жайлы ойлауым мүмкін бүкіл
ойларымды шайып қана қоймай, талқандап кетеді. Немесе Левинас
айтқандай, «Тіпті мен оны өзімнің билігімде ұстасам да, ол менің өзін
маңызды өлшемде ұғынуымнан қашады»
7
. «Басқа» өзінің мүлдем өзгеше
кейпінде маған өз болмысымның шектеулерін ашып көрсетеді жəне осы
мəнермен мені субъект ретінде қалыптастырады. Мен «Басқа» бар
болуымен шектеулі немесе бөлек күйге түскендіктен, «Эгоға» айналамын.
Бірақ осылай қалыптасқан «Мен» сонымен қатар (жəне тікелей) сынға
(сұраққа) да алынады. Мен «Басқаның» келбетінен жалаңаш кейпі мен
мұқтаждығын көргендіктен, оның көзінше емін-еркін өз мүддемнің ізіне
түсе алмаймын. «Басқа» менің өз мүддем бойынша тұтынатын,
бақылайтын я болмаса меншіктейтін бүкіл нəрселерге талап қояды.
«Басқамен» жүздесу бойымдағы өзімшілдікті (эгоизм) тұтқындап, маған
жауапкершілік артып қояды. Бұл өзіме жауапкершілік жүктеуге
келіскендіктен емес, «Басқаның» қарапайым болмысы осы жауапкершілікті
менің арқалауымды міндеттейтіндіктен жүзеге асады. Левинас үшін бұл
жауапкершіліктің мəні – қызмет ету. «Басқаның» келбеті маған қолымдағы
барлық нəрсені өзімде ғана қалдырмай, басқамен де бөлісуді бұйырады.
Мен бұл үндеуді елемеуге тырыссам да, ешқашан «естімеген» сыңай
танытып, оның үнін өшіре алмаймын. Левинастың сөзіне қарағанда,
жауапкершілік – адамның субъективті сипатының бұлжымас (өзгермейтін)
күйі. «Болу» – əрдайым əмірге əзір тұру, ұзақ та ауыр қызметке жегілу
деген сөз.
Бір қызығы, осы таусылмайтын бұйрық менің субъективті сипатымды
төмендетпейді, қайта шынымен де, қолдайды. Өйткені мен басқаның
алдындағы өз міндетімді орындай алатын жалғыз адаммын. Міндетім мені
шексіз даралай түседі. Левинастың тілімен айтқанда, «кемел тұтастық
мəртебесін» береді. Левинастың жазғанындай, «Мен – дербес өлшемдегі
Менмін, Мен жауаптымын, қайталанбас Менмін. Мен өзімді барлық
жанмен ауыстыра аламын. Бірақ ешбір жан өзін менімен ауыстыра
алмайды. Бұл – менің субъектімнің ажырамас бірегейлігі».
8
Оның үстіне,
маған өзімнің бірегейлігімді беретін басқа адам менің шындықты таныған
əлемімді де қоса тарту етеді. Менің əлемім бұл шындыққа басқаға қызмет
қылмай тұрып қол жеткізе алмас еді. Левинастың түсіндіргеніндей, əлемнің
сыртқы пішіні (
Достарыңызбен бөлісу: |