Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет306/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

 
(
sameness
) онтологиясы
шегінде өмір сүруінен мəн таба алмайды»
17
деген мəлімдемесіне театр
көрінісін 
үстейді. 
Лир 
өзімен 
біте 
қайнасқан 
жауапкершіліктен
қашқандықтан, өзін əспеттейтін əрі айқындайтын қасиеттен де шегінеді. Ол
жауапты адамның «кемел мəртебесі» мен «ажырағысыз бірегейлігінен» бас
тартып, «Лирдің көлеңкесі» деп саналатын біреудің масқарасы мен
жасырын сипатына ұмтылады (1.4.196). Бұдан бөлек, Лир өзінің сыртқы
сипатының шартына баланатын өзгешеліктен (
alterity
) шегінетіндіктен, өз
əлемін өз-өзінен күйреуге мəжбүрлейді. Жапан түздегі дауыл оның жан
дүниесіндегі дауылмен үйлеспейді. Өйткені Лир əр нəрсеге тұрпат пен мəн
беріп, ішкі əлемін сыртқы дүниеден бөліп тұрған «Басқа» адамнан теріс
айналды. Жапан түздегі Лир əлемінің өткір шындығы – оның өз əлеміне
басқаны ендіруден бас тартуының тікелей салдары.
Əрине, Лир шынымен де «Басқаға» деген бұрынғы көзқарасына орала
алмайды («Басқа» əрқашан эгодан бұрын тұрады). Бірақ Лир осы
мүмкіндікті қиялдайтындықтан, бұл, тұспалдап айтқанда, бірегейлік пен
сыртқы сипатты (
exteriority
) өзара байланыстыруға деген ойға жетелейді.
«Мен» жəне əлем «Басқасыз» жоғалып кетуі мүмкін екенін меңзейді. Лир
өзінің шартты солипсизмінде
 
(
жеке бірегей сананы дербес жəне күмəнсіз
шындық ретінде мойындаумен һəм қоршаған əлемнің объективті
шындығын терістеумен сипатталатын философиялық доктрина. – Ред.
)
субъективті сипатынан айырылған һəм өзін жұтып жіберетіндей
қорқынышты – түпсіз, түрсіз əлемге бет алған. Пьесада көрінгендей, егер
ол артқа қайтуға тиіс болса, мұны тек «Басқа» адам арқылы ғана жүзеге
асыруы мүмкін. «Басқалар» – қалтыраған Сайқымазақ, жалаңаш тіленші,


соқыр əке, жəбірленген қызметші, қорланған қыз – бұлардың əрқайсысы
Лирді қайтадан өз міндетіне шақырып, кері оралуға мəжбүрлейді.
Көбісі Левинастың еңбегімен байланыс сəттерін құрайды, мұнда өзара
байланыс «Менді» тұлғасыз өмір сүру үрейінен құтқарады деп айтылады.
Левинас «бар» (
фр. «il y a»
)
 
(
ағ. «there is»
) ретінде осы болу-болмау
жағдайын меңзейді. Оны дүрбелең дүниемен һəм қорқынышпен
астастырады. Алайда ол адамның «Менін» көрсету арқылы, бірақ өзін
«құлаған патшалардың жағдайына» түсіру арқылы «болмыстың жасырын
əрі мəнсіз дүңкілінен» қашып кете алмайтынын қолдайды.
18
Осы құлау
идеясы Шекспирдің пьесасы үшін айқын маңызға ие. Шындығында, Лир
қос құлау 
(Бұл жерде тақтан тайдырылу деген мəнде айтылып тұр. –
Ред.)
түрі арасында айналып жүргендей көрінуі мүмкін: оның бірі – саяси,
екіншісі – этикалық құлау. Саяси құлау, бұдан ертерек, Лир өзінің тағынан
бас тартып, Гонерил мен Реган оның сақтап қалған шектеулі мəртебесіне
қол сұғуды ойластырған кезде жүзеге асады. Алайда Лирдің этикалық
құлауы – мүлдем басқа мəселе. Дегенмен бұл – бізді эгоны күйретудің һəм
«Басқамен» риясыз байланысқа түсудің не екенін ұғынуға итермелейтін
пьесада қозғалған мақсаттың бірі.
Бірқатар сыншылар пьесадағы өзара байланыстарды зерделеу ізденісіне
назар аударды. Олардың ішіндегі сұңғыласы Стэнли Кавелл болды. Ол
Лирдің өзін шынымен де жақсы көретін Кент пен Корделия сияқты
кейіпкерлерден не үшін теріс айналғанын ұғынуға талпынды: «Ақыр
аяғында, кəрі патша олардың сүйгенін қаламайды. Сүйікті болып жүре
алмайды, өйткені сүйіспеншілік оған өзін талап ретінде көрсетеді. Егер ол
басқалардың сүйіспеншілігін мойындаса, король оған лайықты болып,
жауап беруге тиіс болады. Бірақ бұл жүктің салмағы ауыр сияқты.
Сондықтан Лир сүйіспеншілік байланысы мен оны ұсынғандардан қашуға
тырысады».
19
Бұл уəж керемет əрі бұл менің жеке түсіндірмеммен
үйлесетіндей көрінеді. Дегенмен мен Кавеллдің Лирдегі сүйіспеншілік пен
жауапкершілік қатынастарын түсіндіру үшін қолданған қалтқысыздық
принципіне қосылуды əлі құптай қойғаным жоқ. Тұлғааралық міндетті
сүйіспеншілікті ұсыну жəне қабылдаумен байланыстырып, Кавелл
корольдің «Басқаның» əрекетіне қатысты жауапкершілігін əсерлі түрде
көрсетеді. Лир өзін сүйетіндерді сүюге міндетті, бірақ оны сүймейтін
жерде корольдің міндеттері айқын емес. Басқаша айтқанда, Кавеллдің
талдауы Лирдің міндетін тек өзін сүйетіндермен ғана шектеп, оның
үйлесімді 
əрі 
өзара 
күшейтуші 
талаптар 
шеңберіндегі 
жеке


жауапкершілігін шектейді. Король Корделия үшін қам жеуге міндетті. Бірақ
ол Реган, Эдмунд пен Корнуоллге соншалықты қарыздар емес.
Мен Шекспирдің пьесасын бұған қарағанда əлдеқайда терең деп
санаймын. Егер біз қатаң байланысқан қисынды трагедиялық əрекетке
қолданатын болсақ, Лирді өзін сатып кеткен қыздарын жек көруден тежеу
қиын. Бірақ мен Лир Гонерилді, содан кейін Реганды аяусыз қарғап-
сілегенде, тітіркенуге тиіспіз деп ойлаймын. Олардың əкелеріне деген
нашар пиғылдары корольдің қыздарына деген теріс ниетін ақтайды.
Шындығында, егер пьесадағы ең ізгі кейіпкерлердің əрекеті бізге бір нəрсе
үйрететін болса, онда бұл міндеттің бақай есеппен я болмаса шартпен
ортақ тұсы болмауы тиіс. Сайқымазақ, Кент пен Корделия бəрі адал бола
тұра, лайықты бағасын ала алмаған жандарға баланады, нақ осы себептен
олардың əрекеті құпталады. Егер біз пьесаның өте маңызды кейіпкерлері
мен сəттеріне тиісті мəн бергіміз келсе, онда олардың бойындағы ортақ
қасиетті мойындауымыз керек. Бұл – өзара байланыс жайлы барлық
ойлардан һəм барлық айырбас жүйесінен мүлдем ерекше шартсыз
альтруизм (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет