choreographed
) мінездер мен серілік көріністерге мəн береді.
Корольдің патша лауазымы оның «Менін» осылайша «Басқаға» дейін
«көтерілуге»
емексітетіндіктен,
оған
өзінің
алдындағы
«Басқаға»
физикалық дене һəм қан ретінде жауап беруге кедергі келтіретіндіктен,
Лирдің өзі монархиялық үлгімен қатты шектеліп қалады. Патша – «Мен»
емес, «Біз», ал оның келбетінің метафизикалық алуандығы «Біреу Басқа
үшін» деген этикалық позицияға бекуіне кедергі келтіреді. Бұл қиындық
беташар көріністе-ақ байқалады. Ə дегеннен, Лир жеке талабын жариялау
үшін король «Менін» пайдаланып, үшінші адамның кейпіне кіреді, көп
ұзамай одан қайта шығады.
53
Оның билігін бейберекет қолдануы, өзін
асатаяғынан бөліп қарауға қабілетсіз екенін көрсетеді. Бұл қабілетсіздік
корольдің «Басқамен» сұхбатына нұқсан келтіріп, оған жақындауын
қиындатады. «Басқамен» шынайы байланыс құру үшін король өз
сарайынан шығуы тиіс: оған бірінші болып сөз бастауға тура келеді. Генрих
V Азенкур түбіндегі шайқас (
Англия мен Франция арасындағы Жүз
жылдық соғыс кезінде 1415 жылы 25 қазанда болған. Бұл шайқаста
ағылшын əскерлерінің саны үш есе аз болғанына қарамастан, француз
қосынын күйрете жеңген. – Ред.
) қарсаңында бір шешім қабылдауға
тырысты, бірақ ол саяси жағдайда мүмкін емес жайтпен бетпе-бет келді.
Байланысқа түсу үшін король патша шапанын киюмен ғана шектеліп
қалмаса игі. Ол «Басқаның» алдында өзін құлатуы керек, бұл, Лирдің
жағдайында, елін патшасыз жəне мемлекеттік биліксіз тастап кету деген
сөз.
Саймон Кричли этика мен саясат тең емес дегенді жоққа шығарып,
керісінше, дербес жауапкершіліктің этикасы «саясат мүддесі үшін» өмір
сүреді деп мəлімдейді.
54
Бұл шындық болуы мүмкін, бірақ Шекспирдің
трагедиясы мұның неліктен бұлай болатыны жайлы жақ ашпайды.
Анархияның зұлматынан бөлек, пьеса монархияның баламасы бола
алмайды. Қанға бөккен елге қарай бет алып, оны құтқаруға дайындалып,
қанатын қомдап отырған таза этикалық-саяси жүйе мұнда жоқ. Дербес
жауапкершілік жүзеге асатын һəм сақталатын саяси жағдайды суреттеудің
орнына
«Король Лир»
жай ғана саясаттан мүлдем бас тартады. Король
жарлықтары мен сарай салтанатымен басталатын драма тұлғасыз
адалдықпен, тікелей бағыштаумен бітеді. Пьесаның соңында патша да,
патшалық та жоқ, тек жауапкершілік қана бар. Этикаға толассыз ұмтылыс
пьесаны өзінің саяси негіздерінен бөледі, бəлкім, саясатқа бейəдеп
құбылыс ретінде қарайды.
Бірақ Лирдің дербес жауапкершілікті əсірелеуі бізді белгілі саяси жүйесіз,
сонымен қатар қалыптасқан этикалық жүйесіз де қалдырады. Пьеса бізді
этикалық (
l’éthique
) аймаққа жетелегенімен, бұл аймақ этика ішінде (
une
éthique
) шешілмейді.
55
Басқаша айтқанда, драма оқиғаның алдындағы
немесе сыртындағы оң əрекет барысын анықтауға қабілетті ортақ ережелер
жиынтығын бермейді, бəлкім беруі де. Категориялық императивтер
Корделиядан махаббатын білдіруді сұраған кезде, не Лирдің үлкен қыздары
опасыздық жасаған кезде немесе Эдгарды өлім алдындағы əкесіне
шағыстырғанда олардың не істеуі тиіс екенін бізге айтпайды. Бұл
кейіпкерлердің басқаларға жауап беруге тиіс екені айқын, бірақ олардың
жауабының сапасы сол сəтке байланып қалады. Қағидалар мен ережелерге
емес, «кемелдік» пен «сезімге» тереңдеп сіңеді. Бұл – пьесаның күрделі
эмоциялық бедері (
landscape
); кейбір елеулі ерекшеліктерімен (мəселен,
Эдмундтың сатқындығы, Корнуолл мен Реганның қатыгездігі) бірге, маған
Левинастың ойы сияқты сезілетін көптеген себептердің бірі, яғни ол
туабітті этикалық өсиеттерге бағытталмауы тиіс. Сонымен қатар Кант
сияқтылар этиканы принцип мəселесіне балайды, сондықтан əділдік
тұлғасыз, саналы ережелерді қабылдаудан я болмаса жандандырудан
тұрады. Левинас «Басқаны» немесе менің оған деген қарым-қатынасымды
əмбебап үлгілер, жалпы абстракциялар ретінде бағалау оны бейсаналы
түрде кемсіту деп сенеді. «Басқа» үлгі де емес, абстракция да емес: ол –
оның өзі. Олай болса, этикалық тəжірибе принципті емес, адами жəне
нақты болуы қажет.
56
Левинас пен «Мен», Лир ауқымды келісім ішінде тұр
деп ойлаймыз. Егер біреу шынайы жауап беруге тиіс болса, онда біржақты
императивтерге жүгінбеуі керек. Дұрысы, оның жасауға тиісті нəрсесі –
толық енжарлыққа мойынсұну. Мұнда жауапкершілік «Басқа» үшін
толығымен тұтас сол сəтте анықталады.
Ақыр аяғында, пьесаның аяқталар кезде талап ететін нəрсесі – осы. Эдгар
(немесе бұл Албани ма?) пьесаның соңғы жолдарында тіл қатып, мұндай
жағдайда не «айту керектігі» туралы түсінігіміздің шеңберінен шығандап
кететін ауыр жауапты береді.
Қайғылы уақытқа жүгіне біз, көндігуге мəжбүрміз,
Не сезінсек соны емес, керегін айтсақ сөздің біз.
Ең кəрісі көрді көбін. Біз жаспыз,
Таңғалдыра алмай ешкімді, пəниде ұзақ тұрмаспыз. (5.3.298–302) (М.Т.)
Біз куə болған нəрселер үшін дөрекіліктің маңызы шамалы. Егер біз
алдымызда тұрғандардың қасіреті мен ашықтығын ақтауға тырыссақ, онда
үйреншікті жұбату сөздерінен де құнды нəрселер ұсынуға тиіспіз. Біз
Левинас «сұхбат» деп, Шекспир «сезінген нəрсемізді айту»
57
деп атаған
дискурстың жазылмаған, өзін жабдықтаушы аймағына батыл енуіміз керек.
Бірақ мен, бастапқыда сауық ретінде жазылған жəне көрсетілген
спектакльге мұндай этикалық салмақ үстеп, тым əріге кеткен сияқтымын.
Поэзияның қуаныш пен тəлімге деген қабілетіне қатысты ерте заманауи
энтузиазмға қарамастан, өнер мен этика сəйкес емес. Шын мəнінде,
олардың арасындағы арақашықтық, біз «Олар бір кездері алшақ
арақашықтықта тұра ма? Өнер бір кезде этикалық мерзімді тудыра ала ма?»
деп сұрақ қоя алатындай болуы мүмкін. Егер этикалық түсінік радикал
өзгешелікпен жүздесу ретінде саналса, еліктеудің құндылығы қандай
болуы мүмкін? Левинастың бұл мəселеге қатысты ойы екіұшты, тіпті
қарама-қайшы десе де болады. Бір жағынан, ол өнерге қашу немесе
жалтару деп қарап, сенбейді. Өнер бізді эгоистік рақатқа бөлейді һəм
жалған трансцендентті қасиет ұсынып, шынайы əлемнен қашуға жол
береді. Бұл мəнінде өнер табынатын пұт сияқты (
idol)
: жансыз, «Басқаның»
орнына қою объектісі. Екінші жағынан, Левинас Ресей мен Шығыс
Еуропаның ұлы авторларына философиялық тұрғыдан қарыздар екенін
мойындайды һəм өзінің ашық жазбаларында олардың əдеби еңбектеріне
жиі жүгінеді. (
Достарыңызбен бөлісу: |