Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет309/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Бұл жерде Корделия
əкесінің қаһарына ұшырағанда, араша түскен һəм оған тілеулес болған
Кент, Эдгар мен Албани герцогін айтып отыр. – Ред.
) көрсетеді. Дегенмен
біз Лирдің өтінішін орындап, қызына қарасақ, нені көреміз? Біз, бəлкім,
жан тəсілім еткен сүйікті перзентін, сонымен бірге Корделияша киініп,
оның кейпіне енген актерді көрер едік.
«Көрермендерден оның өмірден өткенін көруді сұрайды, – деп жазады
Холахан. – Өйткені бұл – əрі Корделия, əрі ол емес. Оның кейпі тек өткен
өмірдегі актердің ым-ишарасында, яғни өлім мен театрлық қиялдың
таңғажайып бірлігінде ғана көрінеді».
49
Біздің ойымыздағы Корделия –
театр құрылымындағы драмалық кейіпкер бетпердесін киген адам. Олай
болса, біз қандай дəрежеде Лирдің соңғы əміріне мойынсұна аламыз, осы
ізгі қызды сүюге ме, қарауға ма, əлде жоқтауға ма? Тіпті біз үшін осы
арада, өзімізді алдарқату мүмкін бе?
Кавелл осылай екеніне сенеді. Тіпті ол біздің Корделияны əлі толық
танымауымыз мүмкін екенін мойындаса да, театр кейіпкерін мойындау мен
шынайы адамды мойындау арасындағы айырмашылықты бəсеңдетеді. «Екі
жағдайда да, – дейді ол, – қиындық өзін басқаларға мойындатумен, оларға
бұйрық берумен түйінделеді». Драмалық кейіпкерлер бізді мойындамаса
да, тіпті мойындай алмаса да, осы өзін көрсету, əсіресе театрда қиын
сияқты көрінеді. Бірақ Кавелл мəселенің əрбір байланысқа тиесілі екенін де
қолдайды. Біздің өз эгомызбен байланысты, мен сізбен ешқашан да бір
жақты көзқарас ұстанбаймын. Театр ішінде өтіп жатқан нəрсе – оның
сыртындағы да дүние. Біздің өзімізді театр кейіпкерінің орнына қоя
алмайтынымыз анық. Бірақ біз өзімізді шынайы адамның орнына қоя
аламыз. Алайда мен өзімді сіздің орныңызға қоя алмағаныммен, мен өзімді
сіздің кейпіңізде елестете аламын əрі мен мұны сіздің бейнеңізді өзіме
икемдеп, иеленіп барып жасаймын. Мен өзімнің эгоистік көзқарасымды
тежеп яки бір сəтке сізге беріліп, кейпіңізді жасай аламын. Өзімді оның
орнына қоя аламын. Біз басқа адамды əсіресе Корделияны да осылай
мойындаймыз.
50
Кавелдің уəжінің мəні бар, бірақ ол актердің даусын құбылтуына (
elision
)
тəуелді. Егер біз өзімізді Корделияның кейпіне енгізуіміз жайлы айтсақ,
көпше түрде сөйлеуіміз керек. Неге десеңіз, Корделия біздің алдымызда
тұрған кезде қос «кейіп» танытады. Онда өз əкесіне көмектесуге тырысып
жүрген қыздың кейпі жəне еншілеген рөлін жандандыруға тырысып
жүрген актердің бейнесі бар. Біз бір бейнені екіншісінсіз жасай аламыз ба?


Біз актер болмаса, Корделияға назар сала аламыз ба? Актердің «кейпі»
біздің қиял құшағына қалай батқанымызға тəуелсіз түрде сақталуы мүмкін.
Егер актер мүдіріп қалса немесе жөтелсе я болмаса оғаш бір нəрсе сөйлесе,
біз бірден Корделияның емес, оның «кейпін» көрер едік. Бұл көріністе
Корделияны тұрақты елестеткендегі біздің болжамымызды растау
деңгейінде актер көрінбейді. (Яғни, біздің қиялымыздағы Корделия
бейнесімен сəйкес келгенде актердің ойынын емес, Корделияны көреміз).
Бірақ ол біздің «Корделия кім?» жəне «Корделия қалай көрінуі керек?»
деген ойымыздан асып түссе, қиялымызды су сепкендей басса яки өзгертіп
жіберсе, актер мен оның ойыны бірден ойда қалады. Егер біз актер мен
оның əрекеттерін тұрақты бақылап отырсақ, ол бұл көріністе қалай
көрінбей кете алады?
Көрермендер ретінде біз өзіміз толықтай Корделияға беріліп кетуіміз
мүмкін. Дегенмен бірқатарымыз əрдайым актерге мұқият қарап қадағалап
отыруымыз да ғажап емес: оның қайғыны кейіптеу шеберлігі (Бұл
қаншалықты нанымды?), оның бізді таңғалдырудағы табысы (Қандай
керемет ойын!), тіпті оның финал бөліміндегі қауіпсіздігі (Лирді ойнайтын
актердің оның қауіпсіздігін мойнына алуға күші жете ме?) əрдайым
назарда. Сонда оқиғаның жасандылығы қалқып ортаға шығады. Ол біздің
назарымызды бөледі жəне бізге екі тараптан қарауға жол ашады. Мұның
еліктеу ойыны (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет