profanity
) дейтіндей cəт»
40
деп санайды.
Маргрета де Грация осы көрініске қараған кезде, бақытсыз күйі
бірегейлігінен айырған адамды көреді. «Тұлдырсыз» халінде, – деп жазады
Грация, – Лир «жоқтыққа» сіңіп (жоғалып) барады.
41
Алайда Левинас
мəселені басқа қырынан көреді. Левинас үшін Корделияның алдында тізе
бүккен король «жоқтыққа» сіңген жоқ, бірақ «болмыстың шегіне» қарай
қозғалды. Ол «Басқаға» айнала бастағандықтан, бұлай істеуден бой тартқан
жоқ. Бұл – Лир мен оның ойыны басынан бастап іздестіріп жатқан берілу
(self-surrender) күйі. Бұл – эмпатиядан да, өзін құрбан етуден де,
сүйіспеншілік сезімінен де биік қасиет. Эдгар оны «кемелдік» (5.2.11) деп
атайды, бірақ оны Левинас «енжарлық» (
passivity
) дейді, ол мұнымен
инерция яки апатияны емес, «Басқаның» еркімен жүруге дайындықты,
«Басқаның» талабын білмей я болмаса болжамай оның құзырына келуді
білдіреді.
42
Бұл енжарлық, Адриаан Пеперзак жазғандай, «алдын ала
жоспарланбаған, бірақ сезілген мойынсұну мен адалдық ішінде өмір
сүреді». Бұл – трансценденцияның жолы, сонымен бірге қасіретке
ұшырататын да жол. Басқалар үшін өмір сүру – қайғыға ұшырау жəне
тіптен себепсіз, мағынасыз, қараптан-қарап қасірет шегу. Тек осындай
құштарлық қана трансцендентті енжарлықтың таңдаусыз, мүлдем риясыз
сипатын жүзеге асырады».
43
Кент, Корделия мен Сайқымазақ басынан бастап осы азапты этикалық
кеңістікте өмір сүріп жатқандай көрінеді. Олар, Левинастың тілімен
айтқанда, «Басқаның» тұтқыны: тəуелді, қайғылы, жаралы, ауыр жүк
арқалаған жандар. Бірақ Лир жайлы не дейміз? Трагедияның жолы оның
этикалық аймаққа кіруге деген күресімен өрбиді. Бірақ ол осы «тар жол,
тайғақ кешуді» соңына дейін жүріп шықты ма? Бұл – жанға бататын сұрақ,
өйткені 4-көріністегі трансцендентті жүздесуден кейін 5-бөлімде Лирдің
алдында айтылған енжарлығын аяусыз сынақтан өткізетін қатаң
қақтығыстар орын алады. Кейде король өзінің ескі əдетіне басқан сияқты
көрінеді. Корделия, мəселен, қос қызды – өзінің екі əпкесін – көргісі келген
кезде Лирдің мазасызданып: «Жоқ, жоқ, жоқ, жоқ» (5.3.8), – деуі оның
алдыңғы көріністегі «Басқаның» келбетінен теріс айналуға деген
талпынысын еске салады. Басқа кездері оның жауапкершілігі Корделияға
қатты байланғандай көрінеді. Лир кенжесіне көмектесу үшін ештеңеге
бөгелмейтін болса да, ол Кент пен Глостер тəрізді басқаларға айқын апатия
мен сезімсіз күйде көңіл бөле алады. Тіпті оның Корделияға барынша
адалдығының өзі адамды қобалжытады. Сол сəтте Лирдің оған деген
көзқарасы адалдық пен иемдену сезімі арасында теңселіп тұрады. Соңғы
көрініс бізді Лир шынымен де өзін этикалық қатынасқа берді ме, əлде жай
ғана Корделияның махаббаты мен ықыласын меншіктеу үшін əлдеқайда
нəзік əдістерге жүгінді ме деп сұрақтар қоюға мəжбүрлейді.
44
Жүрегі жараланбай тұрған кезде Лир бізге оның бұйрығына шынайы
жауап береді деп сенуге негіз береді. Біз мұның əсерлі этикалық
көзқарасымызды тудыруға деген пьесаның табыстары туралы куəлік
беретініне сенеміз. Корольдің Корделияның салғырт күйіне сенуі, Майкл
Холахан көрсеткендей, этикалық түйсік пен жауапкершіліктің көрнекті
мысалы бола алады.
45
Мейнард Мактың Лир өз-өзіне назар аудармай өледі
дегені шындық. Ол өзінің ақтық демінде «болмысын «Басқаға» арнаумен»
тыныстайды,
46
яғни басқаның қамын жеп жатып дүниеден өтеді. Дегенмен
Лирдің осы альтруистік күйін соңғы сөздері бұзады, олардың кейбірі
адасушылық («Үкілері қозғалды. Кеткей-дағы тіріліп») [5.3.239], кейбірі
салғырттық («Аулақ əрі») [5.3.242] тағы бірі ашудың («Өлім келсін бəріңе,
өңшең жендет, сұмырайлар») [5.3.243] нышанын білдіреді. Пьеса этикалық
байланыс пен абсолютті жауапкершілік идеалына қарай бастайды, бірақ
король оған қаншалықты жақын келді? Бəрі айтылып һəм жасалып
қойғанымен, біздің куə болған көрінісіміз жұмбақ күйде қалады. Ырыққа
көнбейтін «Басқа» сияқты трагедия – біз, оның мазмұнын тақырыпқа
айналдыруға я болмаса оның мəнін ұғынуымызға қарсылық білдіреді.
47
Бірақ пьеса біздің ұғымымызды бұзса да, жауабымызды қажет етеді. Бұл
талап Корделияның жағдайында өткір сезіледі, өйткені король онымен
жүзбе-жүз кездескен жалғыз жан емес. Драма аяқталар кезде Лир
театрдағы барша адамды қызына көз тастауға шақырады: «Көрдіңіз бе?
Қараңызшы оған. Қараңызшы ерніне / Қараңызшы, қараңызшы»
48
(5.3.285–
86). Лирді сомдайтын актер ойын кезінде жүзін бұрып, Корделияның
жансыз денесін көрермендерге көрсету үшін айналдыра көтеріп, осы
жолдарды отырғандарға тікелей бағыштайды. Көрініс дұрыс жасалған,
өйткені соңғы жолдарда король қызының өлі тəнін кезінде Корделияға
араша түсіп, қайта-қайта өзіне ұсынған адамдарға (
Достарыңызбен бөлісу: |