қалдырып əрі күні бойы жабық бөлмеде отырған əйелдің денесінің қаны
мен қолаңса аралас тері иісінен қашқанын сезініп, сатымен көтеріледі»
(511). Бірақ оны мазалаған əлгі жағдай да, өзінің мең-зең күйі де емес еді.
«Өйткені ол өрілген раушандар ағып кетеді я болмаса құлпытастар
көшемен асыға жөңкіледі деп ойлаған жоқ. Ол шындық жолында
қателеспейді. Ешкім оны шындық жолында қателестірмейді де. Осылайша
ол өзінің ақылды екенін біледі».
Бірақ сау, ақылды болу, əрине,
шынайылыққа жету жолында үйреншікті тəртіптен көз жазып қалумен
бірдей.
Осы
тұрғыдан
алғанда,
ақылсыздық
этикалық
қатынас
мүмкіндігімен тығыз байланыста тұр. Тіпті Альмеда басқа əйелдің алдында
жаза басса да, оның күйзелісін этикалық деп атау керек болар. Қалай
болғанда да, тұйық тарих тоқтады, мəдени
келісім тоқтады, оларсыз
этикалық жүздесу орын алады деп айтуға болмайды.
«Менесетундегі»
этика қарақанбасыңның ақымақтықпен ақылыңнан тысқары тұрумен
бірдей.
16
Көңілдері жараспай қалғаннан кейін Альмеда Рот пен Жарвис Пултер
бөлек өмір сүре бастайды. Соңында бір-бірінен жырақта өлім құшады.
«Видетте»
аймақтық газеті Альмеданың қазасын былайша хабарлайды:
«Ол өзінің бұрынғы тəкаппарлығы мен кербездігін ұмытқан жандардың көз алдында таныс та
оғаш тіпті мұңды да көңілді бір бейнеге айналды...
Оның соңғы дерті, бақытына орай, тез бітті.
Ол Перл-Стрит батпағында серуендеп жүріп, суға малшынғаннан кейін суықтап қалады. (Су
ішінде бірнеше кірпі оның ізінен қуалады деп айтылады. Біздің кейбір жастарымыздың
немқұрайдылығы мен қаталдығы жəне олардың осы əйелді бей-жай бақылап тұруы осылай
өрбиді» (Əңгіме толық аяқталмаған; 512).
Мұнда Альмеданың қалай толығымен «Басқаға», Перл-Стриттің мүлдем
ерекше емес кейіпкерлерінің біріне айналғанына көңіл аудару керек.
Альмедаақыр аяғында, кəрі, маскүнем «Агги ханшайымын» (
Queen Aggie
),
сонымен бірге атаусыз, келбетсіз, күңіренген
бейнені есіне алып, қайта
оралмау үшін өзінің артқы қақпасынан шығып кетті. «Басқадан» бас
тартудың, «Басқаны» тыңдамай қоюдың орнына, оны аластауға негізделген
келісім жасай отырып, Альмеда əлдеқайда Уайтманға тəн «шешімді»
(«Мен еркекпін, Мен қасірет тарттым, Мен сонда болдым») таңдайды.
«Басқаға» айналуды, кейбіреулер этикалық
деп атауды қаламайтын болса,
Манроның əңгімесі этикалық қасиетті тілдегі, əлеуметтік құрылымдағы
жəне дербес болмыс келісіміндегі дағдарыс ретінде белгілеуге тырысады.
Альмеда жауапкершілікке бір емес, бірнеше рет тартылады: «Оян да,
қоларбаны айда!», – дейді қарға. Бірақ оқырман түс пен мұқият оқуды
айырып үйренгендіктен, Альмеданы шақырған осы үйлесімсіз
белгінің
оның жеке жан қатпарындағы сол күнгі оқиғалардан бастау алып
жатпағанын аңғарады. Ол, керісінше,
«Видетте»
аймақтық газетінің
əңгімесінен немесе баяндаушы құрастырған тарихтан келеді. Бізге
«Агги
ханшайымы»
əңгімесінің басында: «Олар əйелді арбаға салған күйі, бүкіл
қаланы
аралап шығады, содан кейін оны мастығынан айықтыру үшін
арыққа лақтырып тастайды» (496). Бұл жерде «Арба» басқа əйелдің
бөтендігі мен қорланған бейнесін білдіру үшін метонимия ретінде тұр.
Бəлкім, бұл – баяндаушының сенімсіздігін көрсететін тағы бір «кілт»; ол
«Басқаның» «көрген түсін» (Альмеданың) өз түсіне айналдыру үшін өзін
құрбан етеді. Бірақ мен ең тартысты сəт деп арбаның Альмедадан
«тысқары» тұруын айтар едім. Бұл біздің «əйел өзгеше жеке тұлға» деген
қиялымызды жоққа шығарады. «Мені айыптайтын жауапкершілік менікі
емес, – деп жазады Бланшо, – жəне ол əрі қарай мені жетелемейді» (13).
«Арба» (сөздің өзі) Манроның əңгімесінің ішіндегі этикаға үндеуді
білдіретін егемен субъектінің кедергіге ұшырағанын жеткізеді.
17
Достарыңызбен бөлісу: