Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет323/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Анамның түсі»
Элис Манроның жалғыз 
«Менесетун» 
əңгімесінде ғана кейіпкер түс көріп
жатып, жауапкершілікке тартылмайды. Егемен субъектілер ретінде
көрінетін қос кейіпкер (олар «монстрлар» деп аталады) арасында шиеленіс
тудыратын 
«Анамның түсі» 
де өзіне осы үндеуді қосып алады. Түсінде
шақалақ сəбиді өз анасының тастап кеткенін көреді («бəлкім, бұл сəбиді
тастап кететін бірінші түн емес, апта немесе айлар бұрын да ол жағдай
қайталанған болуы мүмкін» (294) жəне үндеу, таңғаларлығы, үнсіз түрде
келеді (осы түске дейін сəби ештеңе істемеген, тек жылаған, тіпті сəби өз
анасын осы айғаймен «кепілдік» етіп ұстады деуге болады). 
«Анамның
түсінде» 
орын алатын этикалық жүздесуді оқығанда, мен бұл əңгімедегі
жүздесу сексуалды ерекшеліктің пайда болуымен сəйкес келеді деген
нақты жорамалға айрықша назар аударғым келеді. Манроның əңгімесі,
менің ойымша, этикалық қатынастарды заманауи жыныс/гендер жүйесінің
феминистік сынымен үйлесімді өрбітуде табысқа жеткен.
Фрейдтің сексуалды ерекшеліктің шығуы жөніндегі мифінде бала мен
қыз жоқтық күйзелісін сезінуі тиіс. Бала үшін уақыт – тығырықтан
шығатын жол. Ол енді рақаттана алмайды, бірақ бұл сезімді кейінге
қалдыра алады: бір кезде ол өз əкесіне ұқсайтын болады һəм өз анасы
сияқты махаббат объектісін иеленеді. Сонымен əңгіме басталды. Екінші
жағынан, қыздың тығырықтан шығар жолы жоқ. Ол «шындықты» терістеуі


я болмаса еркек қасиетін еншілеуге тырысуы мүмкін («Ештеңеге
қарамастан, бір кезде еркектік мүшеге ие болып, еркекке айналуға деген
үміті əбден қартайғанша сақталуы мүмкін һəм оғаш əрі түсініксіз
əрекеттерінің мотиві болуы ықтимал» (Фрейд, «Кейбір психикалық салдар»
(
Some Psychical Consequences,
(337); ол жарақатқа ұшырауы мүмкін яки
басқа əйелдерге жиіркенішпен, жеккөрінішпен қарауға жол ашатын еркек
бірегейлігін қабылдауы да кəдік. Əрине, мұнда «шынайы» əйелдік позиция
жоқ. Феминистер сол үшін Фрейдті жек көрген. Олар мұны Фрейдтің
еңбектеріндегі өте көреген ой деп тапқан (Фрейд Джулия Митчеллдің
ықпалды тұжырымымен жəне өнімді бұрмалауымен феминизм үшін
қолданылды: психоанализ – ұсыныс емес, дұрысы, патриархалды
бейсананың сипаттамасы). Олай болса, біз шығынды қалай қабылдаймыз?
Ақыр аяғында, Фрейд айтқандай, біз терең консервативті жаратылыспыз.
Біздің субъект ретінде дамуымыз, таңғажайып түрде, өткенді жаңғырту
желілеріне деген «қызу талпыныстан» тұрады («Нарциссизм жайында»
(
«On Narcissism»
,
 
(95). Біз өте алапат қарсылықсыз рақаттан, қанағаттан,
объектіден бас тартпаймыз.
«Жоғалтуға қарсылық өте қарқынды болуы мүмкін, – дейді Фрейд, –
шындықтан теріс айналу жəне галлюцинаторлық қалаушы психоздың
дəнекер болуымен объектіге жабысу орын алады» («Азалау мен
меланхолия» (
Mourning and Melancholia
,
 
(253). Осылайша Фрейд
сипаттаған əйелдік қасиеттің жұмбағын мен 
кемшін сезіну жұмбағы
(
enigma of lack
) деп түсіндіремін. Əйелдер бұған қалай төзеді? Олар
шынымен де нені қалайды? Менің жазбамда айқын қысқарту болса да
(«Басқаны» жоғалту мен өзін жоғалту немесе толығуды яғни өзара
байланысты (
interrelatedness
) жоғалту), бұл айқын жоғалған əрі кемшін
объектінің өзара байланысы Элис Манро 
«Анамның түсінде» 
терең
сипаттаған оқиғаларымен тоғысатынын дəлелдеймін.
Жақында қалыптаса бастаған психоаналитикалық теорияның феминистер
мен гомосексуалистер жайында зерттеулері дербес һəм мəдени үстем
теңгерімді нұсқай отырып, Фрейдтің жазбасын қайта талдады: «Мен» жəне
«Басқа» арасындағы оппозиция жыныстар арасындағы оппозициямен
бірдей деп ұғынылады. Джудит Батлер былай деп сұрақ қояды: «Бірақ
неліктен сексуалды айырмашылық біздің психикалық өміріміздегі
жоғалтудың басты кепілдігі бола алады? Сонымен қатар барлық бөлу мен
жоғалту құбылысы əлемде бізге сексуалды қасиет дарытатын қарсы
жыныстың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет