сүруіміз себеп болған жоқ, керісінше, біз бір-бірімізбен тілдесу арқылы
үлкен қауым құрдық. Тілдің қызметі
қазіргі қоғам өмірінің пайда болуында
айрықша рөл атқарғанын айтуымыз керек. Болған оқиғалар мен оларға
қатысты əңгімелер бұрынғы адамдарға қоғамдық сипаттағы маңызы бар
ақпаратты сақтап, оны кейінгілерге жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл жаңа
адамзат қоғамының қалыптасуына тікелей əсер етті. Осындай ақпараттар
жалғастығы арқылы қалыптасатын тарих – өткеннің сабақтары жазылатын
жəне оны келесі ұрпаққа жеткізетін жəдігер. Кейбір этнологтер қысқа
мерзімді есте сақтау қабілеті осыдан 42 мың жыл бұрын өмір сүрген
адамның танымдық революциясындағы басты өзгерістерінің бірі болды
деген пікірді қуаттайды. Адамның ерте кездегі əңгімелері бастапқыда есте
қалған оқиғаларға, қарапайым деректерге құрылғаны дау тудырмайды.
Уақыт өте келе, бұл құжаттық жазбалар көркем туындыларға, əңгімелерге
айнала бастайды, өйткені бір кездерде өмір сүрген шынайы кейіпкерлер
ұмытылып, ондағы тұлғалар
əдеби көркем бейнемен алмасады (олардың
кейбіреуі «қарға» немесе «тасбақа» түріндегі қоршаған ортадан, табиғаттан
алынған бейнелер болуы да мүмкін). Естелік əңгімелердің ойда сақталған
белгілі бір бөлігі оқиғаға негізделіп құрылса, толық айтылмаған бөлігі
болашақты болжайтын баян да бола білді. Өмірдегі іс-əрекеттерді белгілі
бір уақыт шегінде өткен шақ, осы шақ пен келер шақ тұрғысынан
қарастыратын мұндай баяндау тəсілінен ертедегі адамдардың табиғат
құбылыстарын күні бұрын болжай алғандығы, іс-əрекетін алдын ала
жоспарлай білгендігі, яғни мақсатты, саналы түйсік қабілеті көрінеді.
Олардың өмірі ендігі жерде қысқа мерзімді физикалық қажеттіліктерді
қанағаттандырумен ғана шектелмеді. «Аңшылық» бейнеленуіндегі «Қорек
табу үшін сапарға шығу»
Достарыңызбен бөлісу: