кейбіреулер баяндауды жақсы қабылдайды деген тəрізді. Басында айтып өткеніміздей, осы үш
айырмашылық – кейіпкер тағдырының өзгеруі, сюжеттің дамуы, шарықтау шегіне жетуі һəм
басты кейіпкердің азап шегуі – трагедияның құрылымдық ерекшелігін айқындайды».
Грек мысалдарынан адам өміріндегі сана–мəдениет–сана
қарым-
қатынасының ерекше маңызға ие екенін көруге болады. Грекиядағы
ағартушылық
дəуірінде
жаңа
əлеуметтік,
мəдени
сана-сезімнің
қалыптасуына сол кезеңде орныққан орта тікелей ықпал етті. Сондай-ақ
Афина өмірінде мектептердің
маңызы өте жоғары болды. Афиналықтардың
ой-танымдарының ерте жетілуі осы мəдени үлгінің нəтижесі екені даусыз.
2100 жыл бұрын римдіктер Грекияны жаулап алғаннан кейін, Батыстағы
адамзат мəдениеті
мен адамзат ақыл-ойының
бірден дағдарысқа ұшырауы
кездейсоқтық емес. Гректер қалыптастырған мəдени үлгінің жойылуынан
олардың тұрақты саналық дамуы да төмендей бастады. Бұдан кейінгі алты
ғасыр бойы саяси жəне қоғамдық өмірдегі ой мен сананы басқару
үдерісінде авторитаризм, қатыгездік
пен қарақшылықтың иелік етуі
қалыпты жағдайға айналды. Рим империясы құлаған кезеңде гректер
қалыптастырған мəдени экожүйе толықтай жойылу алдында тұрды. Бірақ
бейнелі ойлауға деген қабілеттілік толығымен ойсыраған жоқ. Батыстағы
католик шіркеуі Грекияда пайда болған кейбір когнитивті қабілеттерді
сақтап қалды, əсіресе сезімдік тəжірибе немесе айнала дүниені
қабылдаудан ерекшеленетін дерексіз ұғымдарды санада бейнелеу қабілетін
бөлек атауға болады. Шіркеу ойшылдары діни мəтіндерде астарлы
мағыналар
бар деген пікірге, яғни аллегорияға таңданыстарын жасыра
алмады. Інжілдегі əйелінің немесе балаларының ер адамды емдеуі туралы
əңгіме қосалқы мағынаға ие болды, алғашқы мағынасы діни доктринаға
тікелей қатысты болатын.
Шіркеу ойшылдары ізгі тəрбие нормаларына
негізделген Платонның
мəдениет туралы идеясын да сақтап қалған. Аристотельдің мысал түріндегі
мəтіндері болмаса да, Аугустин сияқты кейбір шіркеу ойшылдары талдау
дəстүрін жалғастырып, логика мен тілдің қалай
қызмет
атқаратынын
зерттеді. Олар болашақта мəдениет сарапшылары үшін маңызды зерттеу
нысаны ретінде тіл теориясын əзірледі.
Достарыңызбен бөлісу: