Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет5/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

(The Trip to Whole Foods)
атты көрініс осындай
тұжырымға алып келді.
Оқиғаларды жүйелі баяндау күрделі əлеуметтік қоғам құруға, əртүрлі
адамдардың бірыңғай мəдениетке бірігуіне, жалпыға ортақ ойлар мен
идеяларды қалыптастыруға жəне мойындалған ортақ қағидалардың
дамуына жол ашар еді. Əңгімелер көбінесе шектеулі ережелік сипатқа ие
болды. Оларды баяндаудағы басты мақсат – жастарға бірлескен қоғамда
өмір сүрудің тəртібін үйретіп, тіршілік тəжірибесіне баулу. Ауызекі
əңгіменің
 
қағазға түсірілген алғашқы үлгілерінің бірі – Гомердің эпосы. Ол
бір қоғамда өмір сүріп жатқан адамдар арасындағы қонақжайлылық пен
сыйластық сынды қарым-қатынас қағидаларынан тағылым береді. V
ғасырдағы грек ағартушылық кезеңіндегі трагедиялар мазмұны жағынан


қалыптасқан тəртіпке қайшы келетін тəрбиеге қарсылық білдіреді.
Əдебиет теориясы баяндау түріндегі əңгімелердің нормативтік қызметі
айтарлықтай маңызға ие болған кезде пайда болды. Теорияның негізін
қалаушылардың бірі – Платон; ол – 2600 жыл бұрын Афинада өмір сүріп,
Батыстағы тұңғыш жоғары оқу орны болған академияның негізін қалап,
оқытушылықпен айналысқан
 
ғұлама. Оның ойынша, əдебиет – жастарды
жақсы мінез-құлыққа тəрбиелеуші құрал. Бұл өте маңызды қадам болды,
өйткені адам танымы біртіндеп дами келе, өмір сүру ортасында
қажеттілікті қалыптастырды жəне жаңа танымдық қабілеттерді дамытуға
жол ашты. Мұндай жағдайға тек қалаларда ғана қол жеткізу мүмкін болды.
Ол мектептерде, жазу түріндегі тəжірибеден көрініс тапты. Психологтер
ақыл-ойдың алдыңғы қатарлы танымдық қабілеті, сондай-ақ ақылдың
азаматтық қарым-қатынаста өмір сүруі оқыту мен модельдеуге тікелей
байланысты екенін жақсы білді. Толық танымдық күштің пайда болуына,
сонымен қатар дамуына қатысты эмоциялық қабілетке сыртқы əсер өте
қажет. Адамдардың ойлау қабілетінің осылайша қалыптасуы, мектеп
сынды оқу-тəрбие орындарының пайда болуы қалыпты жағдайға айналған
кезеңге сəйкес келеді. Адамның танымдық қабілетіндегі даму үдерісі
оларға адамзат басынан кешкен сол кезеңге дейінгі сана жетістіктерін
сақтап қалу үшін, кітап жазу мен дайындау сияқты сыртқы құралдарды
пайдалануға (бүгінде компьютерде қолданылатын қатты диск түрінде)
мүмкіндік берді. Басқа да құралдар мен əдістерді ақыл-ойды жетілдіру,
өткеннің жетістіктерімен танысу үшін қолдану үрдіске айналды. Адамзат
өркениетін сақтауда бүгінгі күні өзіміз мəдени жəне əлеуметтік құрылым
деп атап отырған тұжырымды қолдануға адамдардың қабілеті жеткілікті
болып отыр.
42 мың жыл бұрын пайда бола бастаған абстракцияның жаңа танымдық
күші білімді сезім əсерлері жəне абстрактілі идеялар деген топтарға бөліп
тастады. Ол өз кезегінде жаңа танымдық ойларға жол ашты. Платон өз
философиясын аталған топтардың өзара айырмашылығы негізінде
зерделеді. Ол сезімдік əсерлерге қарағанда, санада дамитын абстрактілі
идеялардың əлдеқайда нақты болатынын терең түсінді. Біздің қоршаған
ортамызда айрықша жаратылған əдемі дүниелер аз болғанымен, санамыз
идеалды, мінсіз сұлулықты елестетуге мол мүмкіндік береді. Платон
сұлулық, шындық, əділдік сынды дерексіз категориялар таза, мінсіз
формалар немесе идеялардың рухани əлемі іспеттес өмірдегі шынайы
ұғымдар деген қате пікірде болды. Қазіргі кезде біз оның тек адам миының


жаңа танымдық қабілеттерін, сезімнен тыс ұғымдарды бейнелей алатын
жаңа қасиеттерін сипаттағанын ұғынамыз. Платонның айналасындағы
бүкіл əлем осы аталған жаңа танымдық қабілет арқылы адамзат ойлап
тапқан ақша, заңнама һəм риторика сияқты соны мəдени құралдарды
пайдалана отырып, жаңа өркениетті құрғанына куə болды. Ол адамзат
тарихындағы оқиғаларды қабылдаудың мұндай өркениеттің құрылысында
маңызды рөлге ие екенін терең ұғынды. Өзгелердің өмірін елестетіп,
олардың өз өмірлерімен ұқсастығын сезіну арқылы бейбітшілікте бірге
өмір сүру қоғам мен мəдениет үшін жаңа адамзат əлеуетінің үлкен маңызға
ие екенін көрсетеді. Сондай-ақ əдебиет пен театр да оқырман мен
көрерменге өзгенің өмір салтын бейнелеу арқылы осы айтылған
тұжырымды жандандыра түсті. Осыдан бірнеше жүз мың жыл бұрын хомо
(homo)
қауымындағылар бір-бірімен күнкөріс үшін жанжалдасатын. Уақыт
өте келе, Афина айтарлықтай өркендеп, дами түсті, бірақ осы өркениеттің
артында Платонның жаңа ойлау əдісі мен даналығы тұрғаны ақиқат.
Платон:
«Қоғамымыздың болашақ иелері өзара түсініспеушілікке бармасын десек, қазірден
бастап тыңдалатын əңгімелер мен назарға ұсынылар көріністерді
 
құдайлар мен алпауыттар
арасындағы соғыстар, досы мен жақындарына сатқындық жасау, зорлық-зомбылық сынды
сюжеттік желілерден тазартуымыз керек. Шынында, біз олардың санасына бір-бірімен
жауласудың дұрыс емес екенін сіңіргіміз келсе, онда балалық шағынан бастап ата-əжелерінен
тыңдайтын əңгіме, ертегілері осындай мазмұнда болуы тиіс; есейген кезде олар тыңдайтын
шығармалардағы сюжеттерде ақындар оқиғалардың балама нұсқаларын беруге дайын болуы
керек... Бүкіл ақпарат уақыт өте келе толықтай қорытылады, сол себепті алғашқы тыңдалатын
əңгіменің адамның тəрбиелік тұрғыдан қалыптасуына барынша ықпалды болуы өте маңызды».
Платонның əділдікке, сұлулық пен шындыққа, тек қана идеалды я
болмаса саналы аяда кездесетін рационал идеяларға деген сенімі
сенсорлық тəжірибеден бөлек абстракцияға қабілетті, менталды ұғымдарды
сезімдік дəйектерден айыра білетін мидың (сананың) пайда болуын
көрсетеді. Ойша елестете білу қоршаған əлемнен бейімделе дамыған
ақылды айырып алып, сезімдік нысандарды бұрынғыдан да нақтырақ
бақылауға мүмкіндік берді. Бұл кезге дейін адамзаттың миы өміріне қауіп
төнген кезде қорғану үшін барынша сақ һəм сезімтал болып келген.
Азаматтық қоғамда өмір сүру адамның миын одан əрі дамытып, жаңа
қатынас пен эмоциялық дағдылары арқылы əлеуметтік өмірге бейімдеп,
сақтық қасиеті сезімталдық қасиетімен тығыз байланыста дамыды. Қауіп
азайып, əлеуметтік байланыс дамыған сайын адамның саналы қабылдау
қабілеті дами түсіп, ендігі жерде ол дүниеге қандай да бір нысан ретінде
қарау қабілетіне ие болды. Осы сəтте азаматтық қоғам мен ғылым қатар
дами бастады. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес,


тек өмірдің көлеңкесі, нағыз шындық өмірлік идеяда деп түсіндірді. Таным
– дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Осы уақытқа дейін
адамның миы өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында сергектікті қамтамасыз
етті жəне қатер төндіретін белгілерге əсер ету сезіміне назар аударып
отырды. Жаңадан пайда болған азаматтық қоғамда өмір тəжірибелері адам
миының одан əрі жетілуіне, айналасындағы əрекеттесуші əлеммен
байланыстыруды қажет ететін жаңа қарым-қатынастық һəм сезімдік
дағдыларды дамыту арқылы əлеуметтік өмірге бейімделуіне мүмкіндік
берді. Қауіп-қатердің төмендеуі мен қоғамның ілгерілеуі сананың өсуіне,
ақыл-ой əлеуетінің дамуына алып келді, əлемді нысан ретінде толығырақ
ұғынуға жəне зерттеуге мүмкіндік берді. Азаматтық өмірдің қалыптасуы
мен ғылымның дамуы бір мезгілде жүзеге асып отырды.
Платонның шəкірті Аристотель əдебиеттің құрылымы мен əсерін
геология ғылымына ұқсатып, осы дүниеде бар, зерделенуге лайықты нысан
ретінде зерттеді. Сондықтан ол əңгімелердің құрылымын сипаттай келе,
баяндау барысында оқиға желісінің өрбуі мен шиеленісуі, шарықтау шегі,
шешімі сияқты сəттердің айналасында шоғырланатынын байқады. Сондай-
ақ ол баяндау тəсілі кейіпкерлердің арақатынасын айқындайтынын жəне
трагедия жанрынан комедияның айырмашылығын, олардың бір-бірінен
ерекшеленетін негізгі сипаттарын, сонымен қатар əдебиеттің аудиторияға
тигізер əсерін талдайды. Трагедия бейнеленетін кейіпкерлердің басынан
кешірген азапты, қайғылы оқиғаларға қатысты күшті əсер, үрей, аяушылық
сезімдерін туғызады. Адамзат өркениетінің дамуында эмоцияның рөлі
ұлғайған сайын Аристотельдің көңіл күй туралы зерттеулерінің маңызы
арта түседі. Жаңа саналық елестету негізіндегі бейнеленген кейіпкерлерге
жанашырлық таныту қабілеті болмаса, адамдар өздері өмір сүріп отырған
жаңа күрделі қоғамды қалыптастыра
 
алмас еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет