Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет57/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Сопраноға»
дейін сол
алғашқы он үш эпизод өзіндік нарративті топтама ретінде ойластырылып,
қолданылмаған. Америкалық телевизия тарихында үздіксіз маусымның он
үш эпизод арқылы ұзаққа созылған тамаша оқиғаны жеткізудің дара
баяндау формасы пайда болды. Ол айтарлықтай уақыт пен кеңістікті қамту
үшін біршама көлемді болғанымен, соншалықты жайылған, шашыраңқы
сипатта емес еді. Оның ұзындығының он төрт жолды сонет параметріне өте
ұқсас болуы өндірісте туындаған мəселелерге (кездейсоқ апат т.б.)
байланысты болуы мүмкін. Дегенмен осы алғашқы өнімнің ұтымдылығы
тым қысқа маусымды болуында əрі жыл тоқсанындағы шығындарды
бақылауда ұстап, дұрыс бағдарлауында жатыр. Алайда америкалық кино
мен телевизия тарихында корпоративті шешімнің көкжиегін кеңейтетін
шығармашылық салдары бұл сериалдан да молынан байқалады.
3
Біз сонет пен маусымдағы паралелльдер арасындағы ерекшеліктерді сөз


етпей тұрып, сонет табысының себептерін һəм оның өзі мен он үш
эпизодты маусымның қалайша тез əйгілі болғанын қарастырып көрейік.
Сонет бақылау мен ойды дамыту үшін тым ұзақ болғанымен, Уилиям
Шекспирдің қолданысындағы метафоралық нұсқау болуына əрі Роберт
Фросттың диалог қолданысына аса икемді. Оның соңы өзгеріс немесе
алмастыру жасау үшін өзінің бастауынан тым алшақ болғанмен, қиын
жолды игеру үстінде одан тысқары емес.
4
Филипп Сиднейдің «Астрофелі
мен Стелласы» (
Astrophel and Stella
) 1580–1590 жылдардағы сонеттерге зор
қызығушылық туғызғандай, 
«Сопраноның»
алғашқы маусымы соңғы он
жылда он үш эпизодты маусымның (кейбір үлгілерде он екі эпизодтық
маусым) даңқын асырды. 1999 жылдан бастап көптеген сериалдар осы
үлгімен қойыла бастады, атап айтқанда, HBO-ның «
Алты фут жердің
астында», «Тың тыңдау»

«Дедвуд», 
«Үлкен махаббат», сонымен қатар
«Есалаңдар», 
«Декстер»
 
(
Dexter
)
 
сияқты кабелді бағдарламалардың
ұсынылуын айтуға болады. Тіпті алғашқы екі маусымда дəстүрлі жиырма
екіден жиырма төртке дейінгі эпизодтарды шығарған, эфирден тыс желілік
«Тірі қалу» 
атты сериал күнтізбенің отыз алты аптасын еркін қамтыды. Осы
кино соңғы екі маусымында он сегіз эпизодтан он алты эпизодқа дейін
қысқарып, кейінгі апталарда еш үзіліссіз эфирге шығып отырды. Маусым
жеке-дара, қысқартылған жəне аралас объект ретінде бұдан былай беделді
кабельді телевизияның ерекше саласы болудан қалды. Тіпті 2009–2010
жылдардағы Fox тележелісінде өткен «Ойыншық үй»
 
(
Dollhouse
)
 
атты он
үш сериядан тұратын екінші маусымы көрсеткендей, сонет-маусымның
жинақталған ұзақтығы эфирлік лексиконның бөлігі болуы мүмкін.
5
Осы жерде 
«Сопраноның»
пайда болуымен тұспа-тұс келген маңызды
технологиялық инновацияны атап өткен жөн: нақтырақ айтсақ, цифрлық
əмбебап диск немесе DVD. Сонет-маусым секілді бұл инновация
көрерменге эпикалық нарративтің негізгі бөлігін құрастыруға (сақтауға)
мүмкіндік береді. 1999 жылғы телевизиялық драманың көрермені оқиға
желісінің ортасынан бастағысы келсе, нені таңдап аларына назар аударуы
керек. Ол «Блюз Хилл Стриттің ең мықтысы» (The Very Best of 
Hill Street
Blues
) немесе «Заң жəне тəртіп: өндірушінің жинағы» (
Law & Order
:
Producer’s Collection
) яки «Вампирлерді қырушы Баффи» (
Buffy the Vampire
Slayer
)
 
топтамасынан «Баффи жəне хроника періштесі» (
Buffy and Angel
Chronicles
) атты сапасы жоғары екі не үш бейнетаспаны сатып алуы
мүмкін. Анықтаушы бөлік болып саналатын маусым, шын мəнінде,
тұтынушы артефакт ретінде мүлде көрінбеді. Тіпті HBO телеарнасының өзі


алғашқыда бұл жасанды өнімді иелене алмады. Сөйтіп, ол үшінші эфир
шығуға бірнеше ай қалғанша, 
«Сопраноның»
шығуын 2000 жылдың
желтоқсан айына дейін тежеді. 2005 жылы түсіріліп біткен 
«Алты фут
жердің астынданың
» төртінші маусымы өзінің бесінші жəне ақырғы
маусымдары дайын болғанша эфирге шықпады, көрермендердің нарративті
сатып алу мүмкіндігін тежеді. Сол кезден бастап, маусым мен DVD
арасындағы диалог анық байқала бастады. Соның нəтижесінде, қандай
деңгейде болмасын, бірде-бір алдыңғы маусымдағы көрсетілім эфирде
жаңа маусым жүріп жатқанда шығарылмайтын болды. Қазір 
«Вампирлерді
қырушы Баффидің» 
барлық жеті маусымы толықтай қолжетімді, сатып
алуға болады, тіпті мегаполисті құраған отыз екі эпизоды бар
«Бонанзаның»
бірінші маусымы DVD-ге 2009 жылы басылып шығарылды.
Көрерменнің 
тура 
мағынасында 
бөлшектерден 
құрастырылған
маусымдарды басқара алуы мəтіннің нарративті-баяндау динамикасын
айтарлықтай өзгертті.
Он үш эпизодтан тұратын 
«Тың тыңдау» 
үзіліссіз маусым үшін жарқын
мысал бола алады. Оның сериялары 2002 жылдан 2008 жылға дейін жүріп,
бес маусымға созылды. Ұзақтығы бойынша он үш эпизодтан бастап (1
жəне 4-маусым) он екі эпизодқа (2 жəне 3-маусым), тағы он эпизодқа (5-
маусым) дейін өзгерді. Əрбір маусым «Жер бесікке барар жол» («
Way Down
in the Hol
e») кіріспе өлеңімен һəм келер маусымның сценарийлерін
жаңадан монтаждаудан басталды. Бұл екеуі, яғни музыкалық стратегия мен
визуалды стратегия, америкалық телехикаялар үшін бұрын-соңды болып
көрмеген құбылыс болды. Жалпы маусым барысында оқиға желісі қалай
дамиды, не болады деген қызығушылық көзқарас тұрғысынан ақпарат беру
үшін жеткілікті. Əйтсе де кейіпкер мен сюжеттің нақты қалай дамитынын
көрсету үшін мардымсыз. Сюжетті жиектеп, белгілі бір қалыпқа сыйғызу
құралы Диккенстің сериалдары қатарының жалғасы іспетті. «Кішкентай
Доррит» (
Little Dorrit
) тəрізді жиырма бөліктен тұратын кітаптың жасыл
мұқабасы немесе «Екі қала ертегілерінің» (
A Tale of Two Cities
)
 
айлық не
апталық үлгісі романдағы негізгі кейіпкерлердің бейнеленуін көрсетті.
Олар кітап беттерінде графикалық байланыстармен сабақтасып, өткенді
шолу тұрғысынан əлі ашылмаған байланыстар мен салдарды алдын ала
білдіріп тұрғандай көрінеді. Алайда бұл жердегі айырмашылық – тағы да
Диккенс 
шығармасындағы 
маусымға 
баламаның 
болмауы. 
«Тың
тыңдаудың» 
мұқабасын жыл сайын өзгертіп отыру шешімі оның əр
маусымда мүлдем жаңа хикаяны баяндау бағытын таңдағанын көрсетіп


отыр. Балтимордың оқиғаларды байланыстыруына, полиция жұмысына
жəне есірткі бизнесіне қарамастан, негізгі баяндау бағдары үнемі өзгеріссіз
қалады. 1-маусым – тұрғын үй құрылысының объектісі; 2-маусым – верьф;
3-маусым – саяси сахна; 4-маусым – мектептер; 5-маусым газет ісіне
айрықша ден қойды. Осындай назар аударулардың түбегейлі өзгеруіне
байланысты 
«Тың тыңдау» 
тəрізді ұзақ хикаяттармен жиі салыстырылады,
себебі сериалды том-том болып басылып шыққан викториандық кітаппен
салыстырудың еш негізі жоқ.
6
Белгілі бір балама ретінде Бальзактың
«Адамзат комедиясы» (
La Comédie humaine
)
 
атты
 
ауқымды еңбегін
қарастыруға болады. Дегенмен 
«Қапас үй» 
тікелей үлгі ретінде қызмет ету
үшін тым қысқа, ал тоқсан бес тақырыптық шығарма үшін тым ұзақ. 
«Тың
тыңдау»
, Бальзакка қарағанда, өзінің құрылымдық құбылтуды (троптарды)
қолдануы тұрғысынан əлдеқайда оралымды жəне Диккенстің кейіпкерлер
мен контексті өзгертуіне қарағанда əлдеқайда түзу (сызықты) болып келеді.
Басқаша айтқанда, проза генеологиясының тамыры тереңге кетеді, сол
себептен біз поэзияға қайта бет бұруымыз керек.
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет