Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет56/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Бұл менің итім»
өз баяндау жүйесіне тек кідіріс енгізген жоқ, 4-маусымда Давид Фишер
траекториясының салдарын тұтастай өзгертіп қана қоймай, оның
айналасындағы кейіпкерлердің орталық тобына да айтарлықтай мінездеме
бере алды (
Nussbaum
, 2004: 2; 
O’Sullivan
, 2009: 221–23).
Маусым мағына бірлігі ретінде
«Алты фут жердің астындағы» (
Six Feet Under
) кідірістің қос
қорытындысы белгілі бір эпизод үшін де, алдыңғы жəне одан кейінгі
эпизодтар үшін де маған жаңа лирикалық формаға қатысты талдау жасауға
жол ашады. Ол – маусым. 1999 жылға дейін телевизиядағы маусымдық
көрсетілімдер таза өндірістің жүйесі ретінде қызмет атқарды. 1960
жылдардың ортасында «Бонанза шоуы» (
Bonanza
)
 
сияқты көрсетілімдер
жылына отыз төрт эпизодтан шығып отырды. Бірте-бірте соңғы кезде
дəстүрге айналған жиырма екі эпизодқа дейін қысқарды. Бұл еркін, кең
қондырма дəстүрлі түрде күзде басталып, көктемнің соңына дейін жүреді.
Маусымның жиырма екі эпизоды жаңа партиялардың топтамаларында өріс
алады. Олар рейтингтер жарнамалық бағаларға байланысты кезеңде
жылдық күнтізбенің «бағдарламалардың танымалдығы шарықтап тұратын»
кезеңіне бағытталған, қайталанған топтамалармен алмасып отырады. Бұл
үлгі, кездейсоқ секірістерін қоса алғанда, көрерменге басталу мен
қорытындыланудың жалпы əсерін береді. Алайда осы маркерлердің
əрқайсысы, яғни басталу, қорытындылану, секірулер салыстырмалы түрде
«баяу» болып келеді. Реймонд Уильямс мұны телевизия «ағымы» деп
айтқан еді.
Уильямс «кез келген телевизияның эфиріне шыққан бағдарламалардың
реттілігі осы тектес сериалдарды, жарнамалар мен жетілдірулерді қамтыған
жанрлар жиынтығының ағымын құрайды; біз тұрақты нарратив əлемі мен
оны үзіп тұратын жарнамалар арасында образдар мен дыбыстарды қолдай
отырып, қабылдаушы тəжірибенің көзі ретінде алға жəне артқа қарай
соншалықты шапшаң жылжымаймыз» деген еді (
Williams, 
1974:91–92).
Джейн Феуэр теледидарды «сегментация мен ағымның диалектикасы» деп
сипаттау арқылы, Уильямстың тұжырымдамасын толықтырады (
Feuer,
1983: 15)

Соңғы кездері бұл ағымды сандық бейне (DVR) технологиясы


ығыстыра бастады, бұл технология көрермендерге көріп отырған
бағдарламаларын белгілі бір авторлардың ойлары арқылы қабылдайтын
пассив көрермендер сияқты емес, өздері толық басқара алатындай
мүмкіндік береді. Жиырма екі эпизодты маусым сегментация есебінен
ағымның түрін айрықша көрсетеді, себебі ол шартты түрде біріктірілген,
қатаң қалыптаспаған əрі шектелмеген. Дəстүрлі маусымның онтологиялық
тұрғыдан айқын болмауы маусымдық телехикаяларды ашық іс-əрекет
ретінде сыни тұрғыдан қарастырудың негізінде жатыр. Дженнифер
Хейворд (1997) пен Робин Уорхол (2003) сияқты жазушылар бұрынғы
сериал формаларының параллельдеріне қызығушылық білдіре отырып,
маусымдар бірлігі жоққа тəн бұрынғы үздіксіз жанр – телехикаяға басты
назар аударған.
1999 жылдың қаңтар айында HBO (
Home Box Office

«Сопрано»
деп
аталатын, зор мəдени дүмпу туғызған тың сериалдардың алғашқы
маусымын эфирге шығарды. Бұл жерде салыстырмалы түрде аңғарусыз
қалғаны – сол маусымға түбегейлі өзгеріс əкелген, апта сайын үздіксіз
қайталану арқылы экранға шыққан ерек қалыптағы он үш эпизод. Мен
1999 жылға дейінгі телевизиялық маусымды таза өндіріс жүйесі дегенімде,
«Сопраноның» 
бірінші маусымы, негізінен, желінің қаржылық жəне
құрылымдық талаптарын қанағаттандыру үшін жасалмағанын меңзеген
жоқпын. Он үш эпизод əдеттегі алғашқы жиырма екі эпизодты маусымға
ұқсас болып келеді. Оның қалған тоғыз эпизодын (немесе «соңы») бірінші
бөлімнің рейтингі осындай көріністердің шығуы үшін инвестиция талап
еткен жағдайда ғана шығару ұйғарылған. Алайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет