enjambment
) басталады. Бұл жерде екінші эпизодтың қорытынды актісінен
бастап ұзаққа созылған сюжет желісі бар: бір отбасы мүшелерінің басқа
қылмыстық топпен байланысы, жүк машинасының ұрлануы эпизодтар
арасында үзіліс не саңылау болмағандай аяқасты басталып кетеді. Əрі
тасымал нарративті стратегия ретінде келесі серияларда өте сирек
кездеседі.
Осы
«жалған»
бастамалардан
ерекшеленетін
төртінші
«Мидоулендс» (
Meadowlands
)
эпизоды маусымның тұтас сериалдардың
өзегіне (визиттік картасына) айналған тəсілден, яғни Тони армандарының
жалғасуымен басталады. Алғашқы гамбит (
гамбит
– шабуылды тездету
үшін шахмат ойынының басында бір тасын, не бір фигурасын беру,
жегізу. – Ред.)
ретінде маусымның сегізінші эпизодында төрт сериалы
топтама үлгісінде қатарласа, жарыса қайталанады. Алайда екінші мəрте түс
көру оқиғасынан соң, Тонидің інісі Кристофер пайда болады. Ол осы екі
кейіпкердің бірсарынды үрейінің арасынан бейне бір өзіндік ұйқас
туындатады.
Сөйтіп,
төрт
түрлі
дыбыстан,
бейнелеулер
мен
перспективалардан өзінің алғашқы төрт жолын бастайтын өлең сияқты,
маусымның бірінші төрттағаны қайталанған кезде түрленіп, шеңберге
қарағанда түзу сызықты ерекшелеп көрсетеді.
Екінші просодиялық, назарға алынған маусымға тəуелді стратегия
үзілістен соң, аяқ астынан, стильдің өзгеруімен жəне маусымда екі
параллель сəттердің қатар өрбуімен көрініс табады: бесінші эпизод
«Колледж» (
«College»
)
бен оныншы эпизод «Хит дегеніміз
–
хит» (
A Hit Is
a Hit
).
«Колледж» – «
Сопраноның» барлық эпизодтарының ішіндегі ең
əйгілісі. Чейс оның маңыздылығына тоқталған кезде эпизодтың сериалға
қарсы контрөлшемге мысал бола алатынын баса айтты. Сонымен қатар ол
сериал жасап отырса да:
«Колледж»
жеке дара кино болуға лайықты;
эпизодтары бойынша менің көздеген мақсатыма жақын келеді. Ол өздігінен
толыққанды туынды бола алады» (
Chase,
2002:
viii
),
–
деп тұжырымдады.
Тони мен қызы Мидоудің Мэйнге саяхаты кезінде «егеуқұйрық»
қорғаушыларды кезіктіргені, оған қатысты оқиғалар бұған дейінгі төрт
эпизодта көрсетілмесе де, маусым үшін маңызды емес. Ал
«Хит дегеніміз –
хит
» көрерменнің есінде қалмайды, өйткені ол біртұтас сюжетке
біріктірілмеген.
Бұл
эпизод
күтпеген
жерден
бейтаныс
латынамерикалықтың испандық бақталасын өлтіруінен һəм мол ақша
тауып алуынан басталады. Содан соң ол Кристоферге тиесілі үлесті
пайдалану арқылы рок тобының продюсері болу мүмкіндігіне ие болады.
Бұл эпизодтың алдыңғы екі серияның екеуіне де ортақ, назар аударуға
тұрарлық құрылымдық рөлі бар. Бұл рөл осы серияға дейін көрсетілген,
төрт эпизодта ортақ тақырыбы бар кластер ретінде қарастырылған.
«Колледж»
кішігірім колледж қалашығынан (кампусынан) басталып, сол
жерге біраз айналсоқтайды. Мұндағы əрбір эпизод өнер мен мəдениетке
арналған. Əр серияның соңында көрермен назарына экранда
«Алқызыл
əріптен»
үзінді көрсетіліп, өнер туындысының шынайылығы, мүсін, кино,
əдеби мұра мəселелері жөнінде сөз қозғайды.
«Хит дегеніміз – хит»
əйгілі
əуендер əлемі туралы, атап айтқанда, 1960 жылдың бас кезеңіндегі ақ түсті
менеджерлердің қарамағында болып, қанаушылық көрген қаранəсілділер
мен 1990 жылдардағы ганстер-рэп арасындағы шиеленіс туралы нарративті
эссе болып келеді. Ол жерде «биде» (
bidets
)
деген мəдени құндылықтарға
жəне импортталатын италиялық шыныларға ерекше назар аударылады.
Өнер мен коммерция қалай байланысқан? Оның құны қанша? Битлз
өлеңдерінің, мысалы, формуласының құны қай шамада? Талант пен
сəттілік нендей құдіреттің күшімен «хит» деген танымал құбылыстың
мəніне айналады? Көптеген өлеңдерде поэтикалық дыбыс пен тілдің
материалдық сипаты жөнінде айтылғанындай,
«Сопрано»
өзінің алғашқы
маусымында, біркелкі реттелген уақыт аралығында, екі қайтара үзіліп,
дизайн мен кездейсоқтық, жоғары жəне төменгі өнер
(
high and low art
)
,
тұрақтылық пен жоғалып бара жатқан құбылыс туралы мəселелерді,
басқаша айтқанда, жиырмасыншы ғасырдың соңындағы ең əйгілі
телехикаялардың мəдени өзегіне айналдырды.
Ақырында, маусымның қорытынды үштағаны – «Ешкім еш нəрсе
білмейді» (
Nobody Knows Anything
), «Изабелла» (
Isabella
), «Мен Джинни
Кусанамо жайында армандаймын» (
I Dream of Jeannie Cusamano
) жəне
«Хит дегеніміз – хитте»
сыпайы қиялшылдықтан сериалдардағы жігерлі
ұмтылысқа ауысамыз. Себебі Джуниордің немере ағасы Тониді өлтіруді
жоспарлап, оны өз мойнына алады. Бұл үштаған алғашқы төрттаған сияқты
оқиға желісі, шарықтау шегі арқылы бірігеді. Бұл жағдайда Тонидің ең
жақын досы Пусси Бонпенсьеро жайында ФТБ-ге (орысша ФБР. –
Ред.
)
ақпарат беруші деген күдік бірте-бірте сейіле бастайды.
«Хит дегеніміз –
хитте»
Пусси жайдары һəм сабырлы боп көрінетін. Оның бойындағы
қалыптасқан осы мінезді нарратив таңқаларлықтай жүйесіз етіп жіберген.
Бір эпизодтан соң ол, аяқ астынан, жасырын əрекетке көшіп, əлемнің бар
ауыртпалығын бір өзі иығына салып арқалап жүргендей болады. Маусым,
біз поэмалар деп атайтын шизофрениялық туындылар секілді, бөліктерге
бөлінуден тартынғандай болады. Бөлшектерге немесе тұтас дүниенің
ағысындағы сегменттерге басымдық береді де, қорытынды жасау секілді
талапқа бойсұнбайды. Əсіресе он екінші эпизод жүйесіз. Ондағы көптен
күткен сериялық оқиға, Тониге шабуыл жасауға ұмтылыс, басқа эпизодпен
шырмалып кеткен. Бұл спецификалық эпизодта Тони көрші италиялық үй
күтушісі Изабелла есімді сұлу қызды кезіктірдім деп сенеді. Шын мəнінде,
бұл елес еді. Көрермендер мұндай шым-шытырықтан, əрине, Тонидің өзі
бетпе-бет
келгенге
дейін
хабарсыз
болады.
Субъективтілік
пен
объективтіліктің мұндай шатасып кетуі, бұған дейінгі маусымдарда
көргеніміздей, ұйқыда түс көру құбылтуын (тропын) ойлап табуға
жетелейді. Бірақ бұл жолы Тониді сырттай бақылап, рационал пайыммен
қарайтындай емес, көрерменнің өзін-өзі Тонимен теңестіріп қарауға
құлшындыратындай жолмен жүзеге асады. Мұндай жағдай көбінесе
соңғының алдындағы немесе оның алдындағы таңғажайыпқа толы соңғы
маусымдарға өту барысында орын алады. Сериал контексі үшін елеусіз
саналатын, қар басқан орманда орын алатын «Пайн Барренс» (
Pine Barrens
)
телехикаясындағы орыс өкілінің ізіне түсудің көпшілікке жақсы таныс
жаттанды оқиғасы бола ма, немесе маусымның «Адам түсіндегі сынақ»
(
«The Test Dream»
)
эпизодындағы жиырма минуттық түс көрудің
таңғаларлық жалғасы бола ма, «Цирцеяға» (
«The Circle»
) ұқсас мəнермен
көрсету бола ма – олардың бəрі, айналып келгенде, көлемді хикаяларды
өңдеу ретінде
«Сопрано»
сериалының құрылымдық дағдысына айналады.
Дəл осы жерде қажетті көрінетін бірізді импульсті тежегендей болады. Бұл
жауласушы импульстер сонетті аяқтау үшін екі жауласушы мүмкіндіктің
синтезін ұсынады: Фрост (
Frost
)
сонетіндегі соңғы бұлыңғыр əрекетті
күнделікті бақылауға əрі шешімі жоқ əрекетке айналдыру немесе көкейде
туған əр сұраққа əрдайым жауап табуға тырысатын Шекспирдің
шумақтарын нақтылаумен қорытындылау.
Мен бұл жерде сериалдардың басталуы мен қайта оралу əдістеріне назар
аудартуға тырыстым. Жаңа сериалдардың басталуы мен қайта оралуын
зерттеуді сөз өнерінің көне формаларындағы просодиялық жүйелер арқылы
негіздеуге болады. Жуырда шыққан еңбекте бұл сериалдардың қисынға
толы «қиындықтары», когнитивті мəселелері талқыланды (
Миттел,
2006;
Джонсон,
2005). Бірақ бұл зерттеулер ескі дикурсты емес, жаңа
риториканы өрістетті. Бұл көне дəстүрдің поэтикалық практикаға
бейімделгеніндей емес, телевизия мен бұқаралық мəдениетте теңдессіз,
қайталанбас
дүние
болып
шығады.
Телесериал
лексиконының,
нөмірлерінің,
өлшемі
мен
ритмінің
жəне
сонет-маусымдардың
сегментациясы бұқаралық өнер ретінде ақ өлең үлгісіндегі түпбастауларға
қайта оралуды білдіреді.
|