Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет58/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Сонет-маусым
»
 кейсін талдау: 
«Сопраноның»
 1-маусымы
Телевизияның бай қоры «сонет-маусымның» мүмкіндіктері мен
сипаттарын көрсететін көптеген нұсқаларды ұсынғанымен, осы форманың
көш басында тұрған 
«Сопраноны»
, атап айтқанда, оның бірінші маусымын
қолданған жөн сияқты. Бұл маусым біз 
«Сопрано» 
деп атаған, үздіксіз
жалғасқан он үш эпизодқа арқау болған, шексіз əсер мен айрықша сезімге
жетелейтін сонеттер əлеміне жол салған еді. Он екі жəне он төрт эпизод
арасында бөлуге болатын телевизиялық маусымның осы түрі мен сонет
арасындағы құрылымдық (гомология) телехикая мен сегменттелген
(бөлшектенген) тəжірибе уақыттың əдістері арасындағы байланыстар
туралы ойлануға итермелейді. Мəселен, жылдардың айларға немесе одан
қысқа маусымдардың екі аптаға бөлінуі. Алайда бұл жердегі параллельдер
осы сандармен ғана шектеліп қалмайды. Мен сонеттің қозғалыстарын
қайта туындататын əрі 
контрөлшемдеріне
сəйкес келетін маусымның үш
композициялық стратегиясын ашып көрсеткім келеді: алғашқы тəжірибелік
төрттаған (1 жəне 4-тармақтар); 5 жəне 10-эпизодтардағы əрқайсысын
бұрылысқа ұқсатуға болатын біркелкі орналасқан күрт үзіліс жəне
түйіндеуші үштаған
 
(
tercet
)
.
Мен сегменттердің осындай ерекше
құрастырылуы нақ келесі маусымдарда қайталанбайды деп кесіп айтып
тұрғаным жоқ, бұл 
«Сопраноға»
һəм өзге де сериалдарға да қатысты.


Сонет-маусым ағылшын сонетінің үш төрттағаны мен италиялық октавия-
сессет үлгілеріне келмейді, оған қарағанда, Фросттың формалды
тəжірибелерінде ұқсас үлгілер қамтылған. Мен сипаттаған просодиялық
тəсіл қайталанғанымен, соңғы он жылда он үш эпизодтан тұратын үзіліссіз
маусым жүйеленген тапсырыстарға қарағанда сегментация, сандар, өлшем
жəне ырғақ мүмкіндіктерімен экранға шығарылды. Сөйтіп, айналым мен
қозғалыс қатаңдық пен еркіндік арасында, нақты ережелер мен оларды
үзуге бағытталған себеп арасында телехикаяның динамикасына айналды.
Алғашқы маусымдағы 
«Сопрано»
тəжірибелік төрттаған шумақтық
құрылымы Тони Сопрано мен оның ағасы Джуниор жоғары дəрежедегі
лейтенант болып қызмет ететін, Нью-Джерсидегі қылмыстық топтың
басшысы Джэки Эйприльдің оқиғаларын тоғыстырған, төрт эпизодты
топтамадан тұрады. Осы эпизодтар барысында Джэки ауырып, қайтыс
болады; төртінші эпизод оны жерлеумен бітеді. Бұл төрттаған арқауға
*
(
arc
)
сəйкес келеді. Шығармада күрделі оқиға желісін кеңінен өрбітіп, сюжетке
де, кейіпкерге де қатысты белгілі бір салдарды туындататын тұрақты
сюжеттік желі бар.
7
Осындағы оқиғалар топтамасымен қатар, өлең
құрылысын да атап өтер едім, себебі осы төрт эпизодтың əрқайсысы
басталудың түрлі жолдарын ұсынады.
«Пилот» (сериалдың сынама эпизоды. – 
Ред.
) деп аталатын бірінші эпизод
жүйке сырқатына шалдығып, бойын үрей билеген Тониді қабылдамақ
болған психиатр Дженнифер Мелфидің қабылдау бөлмесінен басталады.
Дэвид Чейс: «Егер бірде-бір желі бұл пилоттық жобаны қабылдамаса, онда
оған жарты сағат қосып, үнемді бюджет жұмсалатын жеке туынды ретінде
шығарар едім», – дейді (
«Сопрано», 
2001)
.
Нəтижесінде эпизод өзінің
оқиғасын баяндауға қарағанда сериалды шаблон құруға аз көңіл бөлді.
Мысалы, пилоттық жобаның бірінші жартысы ақпаратты ұйымдастыру мен
айқындаудың əдісі ретінде Тонидің даусына сүйенеді. Бұл тəсіл келесі
сексен бес эпизодтық хикаяда қайтып қайталанған емес. Келесі нарративтік
тəжірибе – «46 ұзынның» екінші эпизоды. Оның басталуы 
«Сопраноның»
сегіз маусымдағы бірде-бір эпизодына ұқсамайтын «қысқаша скетч
кіріспесінен» басталады. Оқиғаның туындау салдарын алдын ала
көрсететін шағын көрініс гангстерлердің ақша санауын, теледидардан
мафиялық сараптамалық əңгімелерді көрсетіп отырады. «Теріске шығару.
Ашу-ыза. Қабылдау» деп аталатын үшінші эпизоды тасымалмен
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет