СҰРАПЫЛ ОЙЛАР ТҮССІЗ ЖАСЫЛ ƏЛЕМГЕ
ТАЛАП ҚОЙЫП
ЕРКІН КЕРІП КЕУДЕСІН
ЕРКІМЕН АЛЫСТАП КЕЛЕДІ
ТƏП-ТƏТТІ ЕРКЕЛЕТУ
БАЛ СИЯҚТЫ АРАЛАРДЫҢ ӨНЕРІ
16
(М.С.)
Оқырмандар мұндай поэзиямен таныс емес. Сондықтан бірден «бұл
мағынасыз өлең» деп ойлауы мүмкін. Шын мəнінде, өлең жолдары қиял
тудыратын, байланыссыз бөліктерді жақындастыратын жетекші сөздер мен
тақ салыстыруларға толы. «БАЛ СИЯҚТЫ… АРАЛАРДЫҢ… ӨНЕРІ»
сөздері нағыз эллипстік болып тұр. Ал «ЕРКІН КЕРІП КЕУДЕСІН» деген
жолды түсіну еш қиындық тудырмайды. Егер «ЕРКІМЕН» дегенді «ТƏП-
ТƏТТІ ЕРКЕЛЕТУМЕН» бірге оқысақ күлкілі болып шығар еді.
Маклоудың өзі мұндай поэзияны оқу үшін буддалық «ойсыз» дзэн
тұжырымдамасына ұқсас нəрсені қабылдау керек деген. Яғни əр адам əрбір
лингвистикалық оқиғаны жинақтамастан пайда болып, қайта жоғалып
кететін өз бойындағы элемент сияқты қабылдайды.
Тілдік поэзия пайда болған кезде жұлдызы жанғандар – Рон Силлиман,
Чарльз Бернстайн, Баррет Уоттен, Брюс Эндрюс, Кларк Кулидж, Майкл
Дэвидсон, Боб Перельман, Майкл Палмер, Рэй ДиПалма, Стив Бенсон,
Роберт Гренье, Лин Хеджинян, Лесли Скалапино, Сьюзан Хоу, Карла
Гарриман, Рей Армантраут жəне Ханна Винер сияқты дарынды ақындар.
Силлиманның редакторлығымен көптен бері жарияланып келе жатқан
«Америка бəйтерегі» (
In the American Tree
) антологиясында Маклоу кейбір
адамдардың пікірлерімен санаспастан, «тілдік поэзия басқа əдебиеттерге
қарағанда тілдік орта бола ала ма?» деген сұрақ қояды. Ол көптеген
жазушылар қалыпты синтаксистен ауытқып кеткендіктен, «тақырыптың тез
өзгеретінін» əрі эгоға қатысты белгісіздік пен жекеленудің байқалатынын
мойындады. «Бұл жұмыстардың біразы ғана байланысқан оқиғаларды
баяндайды немесе анық тезисті ұстанады»; «баяндау яки мазмұндау»
болмайды. Сонымен қатар Маклоу «Бұл шығармаларды терминнің
Достарыңызбен бөлісу: