Тіршілік нышаны жоқ жанда енді қандай құндылық болуы мүмкін?
Картадағы кішкентай ғана жердің құны қаншалықты болмақ? Ол кешірім
алған, бірақ əлі де ұмытылмаған зор қайғыдан кем болмас.
Оның сөздері
«бітті бəрінен»
«демің тоқтадыға»
дейін, содан кейін «
ешқашанға
» дейін
қысқарады. Бұл – мұқтаждық тілі. Ерекшеліктің барша салтанаты
Корделияның соңғы демімен бірге жоғалады, ал одан кейін ең қарапайым
жаратылыс иелері – ит, жылқы, кеміргіштер қалады. Фолиода
толықтырылып жазылған ажал алқымға келген сəт бір мезетте
«бəрі бітті»
деген
жоқтау мен
«енді тірілмейсің»
деген мойындауға айналып кетеді.
Туысқан бауырлар арасындағы тартыс, қылышпен əрі айқаспен сыналған
феодалдық күрес толықтай басымдық танытты. Бірнеше секунд ішінде
Корделияға қойылған сұрақтар оны қоюшыдан да сұралады. Шешуші сəтте
орын алған бұл екі кейіпкердің қазасы ұлттық əскери қақтығыстардан, сері
бауырлардың рəсімдік сайысынан да жоғары мəнге ие.
Тарихи жағдайлар
мен
институттар,
қылышпен
шешілер
барша
жанжалдар
басты
кейіпкерлерге
һəм
кейіпкерлердің
арасындағы
қарым-қатынасқа
байланысты. Жаңа тарихшылдық дəлелдеген нəрселердің бəрі мұндай
əдебиеттің өзегі бола алмайды. Корольдің отбасындағы кейіпкерлер
тарихтың барлық беттерінен көрініп, əмірін жүргізуі керек пе? Қызы
қиналып жатқан əкесіне
«тыныс алмастан»
сөйлейді. Ал
Кент адал
қызметші ретінде үнсіз шақыртуға
«жоқ дей алмайтындығын»
мəлімдейді
(l. 322).
«Бірнəрсенің мəні»
жоқ нəрседен пайда бола ма? Тарих өзін жай
ғана жаңа яки ескі түсініктемелердің айрықша түрімін деп мəлімдеп, бізге
өзінің
не естігенін айтып бере ала ма? Бұл жолы да Корделия биязы
дауыстың үнсіз дыбысы сияқты: барша заттағы ең ғазиз құпияны түрулі
құлаққа ғана айтады. Оның үнсіздігі, Кэтрин Бельси ойлағандай, əйелге тəн
бойсұну емес. Өйткені оның биязы даусы этикалық дамудың көрінісі
ретінде Лирге ауысты. Бұл пьесадағы тұлғалық
қасиеттің шегін анықтау
үшін біз əлеуметтік құрылымның парадигмасын ғана емес, оның
кейіпкерлерінің өзара қарым-қатынасын да зерттеуіміз керек.
39
Достарыңызбен бөлісу: