сезім табиғаттың сұрапыл көрінісі – дауылды ауа райы мен өзінің ойсыз
əрекетінде көрініс тапты. Дауыл мен адамның толқынысы əлі де
тыныштықта.
Мұндай жаңа сипатта, жаңа тəжірибеде Лир сөйлей алады,
бірақ бұл жолы ең биязы дауысқа құлақ түре отырып сөйлейді. Енді
Корделияның 1-көріністегі бейнесіне тағы толықтырулар енгені байқалады.
Оның биязылығы корольді сергітпейді, бірақ ол да жұмсақ сөйлеп, оны
тыңдауды үйренді.
42
Ол Корделияның
даусына құлақ салады, оның
үнсіздігін
əдеттегі
қалпы
сияқты
қабылдағанмен,
Эдмундтың
«қылышынан» келер қауіпті елемейді. Ендігі жерде Лирдің өзі де ойын
жеткізе алмайтын қызының кейпіне енді. Экзистенциялық кеңістік пен
уақыттағы бірдей диалог королдің бір денесіне екі дауыс сала тұра, сөйлеу
ерекшелігін сақтай отырып, бір-біріне
ұқсамайтын екі кейіпкерді
біріктіреді.
Бұл қысқа болса да контекссіз оқиға емес. 4.7-көріністе Корделия азып-
тозған Лирмен кездескенде, өткен оқиғаның бəріне өзі куə болмаса да,
жағдайдың 3-көріністегі хат, дауыл жəне шарасыздыққа тəуелді
екенін
айтты.
…Мына жүз
Алапат дауылдарға қарсы тұра алды ма?
Күннің күркірегені жетті ме құлағына?
Қорқынышты, тудыратын үрейді
Найзағайды көрді ме? Бейшара перду
Билігіне белгі ме? (4.7.31–36) (М.С)
Бір қызығы, Корделияның нəзік даусы əкесінің даусын желге айналдырып
жібергендей болды. Екі кейіпкер де ортақ бір сөзде тоғысады. Эпитеттер,
күрес көріністері мен өзге тілдегі терминдер Корделияның қойылым
ортасында болуын да, болмауын да көрсетеді. Ол
Британ ханшайымы еді,
ал енді өзінің ақылынан адасып, жоғалған, қаңғырып жүрген жерінен
тауып алған кəрі əкесін: «байғұс, перду (жендет)!» (
poor perdu
) деп жоқтау
үшін осы екі тілді біріктіретін француз патшайымы болды. Əкесінің
жүзінен ол
қорқынышты толқуды көріп тұр, қиян-кескі ұрыстың дабылы
құлағына келеді. Оның көп сөйлемейтіндігі мен үнсіздігі «марлолық»
түсінікті (өткен өмірдің жаңғырығынан естілген һəм мүлдем басқа адамның
бейнесінен көрінген орны толмас жоғалту) қабылдауға кедергі болмайды.
43
5.3-көріністегі кері өзгеріс (реверс) Лирдің қызының жүзіне қараған кезінде
пайда болады. 1-көріністе басқалар Корделияны соған бағыттауға
тырысады: ол өзінің əке əрі король ретіндегі рөлін алға тартады. Оның
«
қашанда
» дегені жоғалтуды («
Мəңгілікке кетті
»), қызының ешкімге
ұқсамайтын ерекше қасиетінің де («
қашанда биязы
») жоғалуын білдіреді.
Корделияның алғашқы үнсіздігі «
еш нəрсе
» деген сөзден аспаған еді. Ол
кезде ашулы əке одан бас тартқан, қаталдық танытқан. Ал ажал алдында ол
4-көріністе
басталған оқиғаны аяқтап, өз сөзін келесі қойылымның
ортасында да, соңында да жоқ кейіпкердің биязы даусымен айтады.
44
Лир сөздерінің этикалық құндылығы үш түрлі драмалық сипатқа ие.
Біріншісі – жұмсақтық. Басқаша айтқанда, жұмсақ адам өз даусынан
мүлдем өзгеше дауысты қабылдайды. Бұл
жағдайда ол қызы мен оның
нəзіктігі жайында ашумен айтқан алғашқы ойынан қайтады. Ашуын ақылға
жеңдіріп, сабасына түседі. Екіншісі – мойындау. Өлім келген сəтте
Корделияның бар асыл қасиеттерін мойындайды. Қария қызының денесін
сахнаға өзі алып шығады. Содан кейін қызын оятуға тырысады; оның
тіріліп кеткенін қаншалықты қаласа да, амалсыз өлгенін мойындайды.
Үшіншісі – өзара түсіністік. Үлкен
екі қызы туралы айтқанмен, оларға
бəлендей назар аудармайды. Корделияның үніне еліктеген Лир оның
даусын мақтайды. Қызының алқызыл еріндері оның қоғамдағы өзгерістерін
қайта қалпына келтіргендей болды. Оның дейктикалық (
Достарыңызбен бөлісу: