Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет30/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
Әдеби KZ 
Қамар: 
Тыңдамасаң, әрі кет мыңқылдамай, 
Жүк артқан өгізге ұсап ыңқылдамай. 
Жерді қап, жемтігіңді жегір, молда! 
Неке қияр алам деп қыңқылдамай. 
Молда: 
Шырағым, ашуланба, жай бір сөзім! 
Монтандығым болмаса егер шықсын көзім! 
Араңа мұсылмандық айтамын деп, 
Бәлеге қалдым, міне, менің өзім. 
Қамар: 
Мұсылман болсаң, ауылыма айт, жылатпасын, 
Көл қылып, көзім жасын бұлатпасын. 
Жас алма, қызыл гүлдей уыз тәнге 
Добыра сақал дуракты құлатпасын. 


54 
Әдеби KZ 
Молда: 
Мұндай іс, білемісің, жаман атақ, 
Бармасаң да береді байлап-матап. 
Малдан құрық, басынан сырық кетпей, 
Бермесе дау көбейер болып шатақ. 
Кіргізбе дау-жанжалға атаң басын: 
О да отыр амалсыздан төгіп жасын. 
"Баталы құл арымас" деген сөз бар. 
Бір жолға бар, қарағым, асыл тасым! 
Қамар: 
Сөзіңді естімеймін кетші, молда! 
Өлемін оған бармай осы жолда. 
Қасық қаным берейін өз қолымнан, 
Підиемді алып мақсатқа жетші, молда! 
Мал үшін малға табынып құдай атып, 
Шырланып бір жауызға мені сатып. 
Мастанып бір тең мен кемді көзі көрмей, 
Жойылсын, жұртым емес, қалсын қатып! 
Талансын дауға малы, жауға басы! 


55 
Әдеби KZ 
Қиылсын қырық буыннан қыршын жасы! 
Осының бәрін қылған Оспан ағам, 
Жібермес, құдай білер, көздің жасы. 
Кеу-кеулеп, қыздырмалап, қымыз ішіп, 
Сыртынан бәрін билеп өлшеп-пішіп. 
Әділдік, құдай, құран естен шығып, 
Қайырлы болып десіп, бір күлісіп. 
Ұялмай оны қостап өңшең күшік! 
Жапырылып, ыңғайына ұшып түсіп. 
Атың өшкір, ақылсыз Оспан ағам! 
Мейірің қансын енді қаным ішіп! 
Құдай-ай!!!.. 
Жас жүрек бола ма екен шалмен күпу? 
Қу ағаш бола ма екен талмен күпу? 
Майысқан өрім талдай жас қыздардың 
Болмайды екі аяқты малмен күпу! 
Ұялмастан "күпу" деп неке оқып, 
Тіпу, молда, жүзіңе тіпу-тіпу! 
Ойласаң, таза менен сасық тең бе? 
Ғалымға қара көңіл пасық тең бе? 


56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет