ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯЛАРЫ
Аллегория
(көне грек. Allegoria - пернелеп, тұспалдап айту) - оқырманның
санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей
образ жасаудың бейнелеуші
құралы. Әдебиетте, өнерде дерексіз ұғымды
деректі образдар арқылы
көрсету. Мысалы, түлкі – қулық, аққу – адалдық, арыстан – зорлық , қасқыр
– қастық , қоян – сужүректік қасиеттерін білдіреді.
Аллитерация
(лат.Allіttеrа–дыбыстас)
-
дауыссыз
дыбыстардың
қайталануы арқылы тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік
тәсіл. Мысалы:
Жағама қолдың тигенін,
Жамаулы киім кигенім ,
Жалғыздық, сенен көремін .
Жарлылық, сенен көремін. (Ақтамберді жырау)
Ассонанс
(франц . assonance , лат . assoпo – үйлесім ) - өлең сөзде дауысты
дыбыстардың үндесе қайталануы. Ассонанс сөздің интонация-музыка
мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп,
ерекше елеулі
тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады. Мысалы:
Ассалаумағалайкүм,
Алдыңа келді қарашаң,
Алдияр тақсыр ханымыз!
Арызды қабыл алыңыз. (Жанкісі би)
Әдеби жанрлар
(франц . genre – түр , тек , жанр) - ауызша және жазбаша
шығармалардың даму процесінде қалыптасады.
Көркем әдебиет
- көпсалалы өнер.
Әдебиет туындылары мазмұнына,
құрылысы мен түріне қарай жанрларға жіктеледі . Әдеби шығармалар үш
топқа жіктеледі: эпостық, лирикалық, драмалық жанр. Бұл - әдебиеттің үш
үлкен саласы.
Әдебиеттегі жанр
– белгілі бір дәуірде қалыптасқан , ортақ белгілері бар
көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Әдебиетте айтыс, жыр, әңгіме,
роман, эпопея т.б. жанрлар бар.
Әдеби қаһарман
- қатардағы кейіпкерлерге, персонаждарға қарағанда жан-
жақты сомдалған, толыққанды образ болып саналады.
Көркем
шығармадағы әрбір қаһарман кейіпкер бола алады, алайда әрбір кейіпкер
қаһарман бола алмайды. Қаһарман өзге кейіпкерлерден, ең алдымен, сюжет
дамытудағы маңыздылығымен ерекшеленеді, оның қатысуынсыз ешқандай
сюжеттік оқиғалардың болуы мүмкін емес.
Әдеби сын
– өмір шындығының көркем шындыққа айналуын саралайтын,
оны эстетикалық жағынан бағалайтын жанр. Онда әдеби процестің бағыт -
бағдары қадағаланып отырады. Сондықтан әдеби сында бүгінгі күннің
шығармалары талданып, оларға әдеби баға беріледі . Әдеби сынның міндеті
– шығарманың жетістігі мен кемшілігін кәсіби тұрғыдан саралап, көркем
шығарма туралы оқырманға толыққанды мағлұмат беріп, бағыт сілтеу.
Әңгіме
– шағын оқиғаға негізделген көркем шығарма. Әңгімеде оқиға
баяндалып, қарасөзбен жазылады. Оқиғасы ширақ, тақырыбы мен идеясы
айқын болады. Әңгімеде аса маңызды деген оқиға суреттеледі.
Ы.Алтынсарин, Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов,
С.Мұратбековтер қазақ әңгімесіне мол үлес қосты.
Әңгіме - оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
Әңгіменің
көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз болады . Онда адам және
оның өміріндегі аса маңызды деген оқиғалар жинақы беріледі.
Гипербола
(грек.hyperbole – күшейту) - әдебиеттегі
белгілі бір нәрсені
шамадан тыс ұлғайтып, асыра суреттеу тәсілі.
Шығарманың көркемдігін,
әсерлілігін арттыру үшін қолданылады. Ауыз әдебиетінде,
ақын -
жазушылар шығармаларында жиі кездеседі. Мысалы, «Аққан жасы сел
болған, Етегі толып көл болған ... » ( Д.Бабатайұлы ).