1) қара өлең ұйқасы (ааба);
2) шалыс ұйқас (абаб);
3) шұбыртпалы ұйқас (aaaa);
4) ерікті ұйқас (абвгб);
5) кезекті ұйқас (абвб);
6) егіз ұйқас ( аабб );
7) аралас ұйқас (аабвбвббб);
8) осы күнгі ерікті ұйқастар (абабвгд).
Қазақ тілінде өлеңдерде жиі кездесетіндері –
қара өлең ұйқасы, кезекті
ұйқас және шалыс үйқастар. Мысалы, шалыс ұйқас:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
Параллелизм ( егіздеу )
(грек. қатарлас, қапталдас) – екі затты не болмаса
құбылысты
жарыстыра отырып, қатарластыра бейнелеу. Көркем
әдебиеттегі бүл әдiс жекелеген қаламгерлердің көңіл күй
құбылыстарын
табиғатпен ұштастыра бейнелеулерінен көрінеді. Абай бастаған қазақ
ақындарының поэзиясынан психологиялық параллелизм анық байқалады.
Лирикалық кейіпкердің көңіл күй
сезімдерін табиғат, жаратылыс
құбылыстарымен
сабақтастыра
суреттеудің
жоғары
сапасы–
психологиялық егіздеу.
Тек қана поэзиялық туындылар емес, барлық жанрлардағы көркем
шығармаларда кейіпкердің жан дүниесіндегі көңіл күй сезімдерін табиғат
құбылыстарымен салыстыра сипаттау оның
эстетикалық өсемдігі мен
оқырманға берер өсерін арттыра түседі.
Пафос
(грек. pathos – сезім, құмарлық) - құлшыныс, құштарлық, асқақтық,
қуатты сезім мен терең шабыт мағынасында қолданылған. Осыған
байланысты пафос көбі несе азап шегумен тоғысып, ым, ишарада, жоғары
эмоционалдық сөйлеуде және т.б. көрініс береді.
Достарыңызбен бөлісу: