оның кейіпкер дауыстарының басым болуы, кейіпкерлерін үлкен диалогке
қосуы.
Полифониялық роман
– жанрлық мүмкіндіктері орасан мол, адам мен
адам, адам мен қоғам арасындағы өте күрделі
қарым-қатынастарды
бейнелеуде жазушы үшін ең құдіретті форманың бірі» (Нұрғали Р. Телағыс.
Алматы: Жазушы, 1986).
Пейзаж
(франц. ел-жер деген мағына береді) - әдеби шығармаларда
жаратылыстың, яғни табиғаттың әсем көрінісі, көркемдік бейнесі. Көркем
шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін
яки пейзажды адам
образын толықтыра түсетін төсiл деуге болады. Өйткені адамның сыры мен
сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы
мүмкін емес.
Портрет
(франц . Portrait бейнеленген ) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін,
кескін кейпін , бой тұлғасын суреттеу . Яғни, суреттеліп отырған тұлғаның
сыртқы пішінін сөзбен суреттеп беруді портрет дейміз.
Повесть
(орыс. баяндау ) – оқиғаны баяндап айтуға негізделген шығарма.
Қара сөзбен жазылған эпикалық жанрдың орташа түрі. Повесте
романдағыдай қат-қабат оқиғалар кездеспейді. Композициялық құрылысы
жинақы, оқиға желісі біркелкі баяндалады. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов,
С.Мұратбеков, Ә.Кекілбаев, Ә.Тарази, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин,
Д.Досжанов, О.Бөкеев, Д.Исабековтер қазақ повесіне көп үлес қосты.
Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі – осы қатарды толықтыратын туынды
өлең-жыр түрінде шығарылған әдеби шығармалар.
Достарыңызбен бөлісу: