Әдебиет теориялары  Аллегория



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата11.09.2023
өлшемі414,29 Kb.
#106886
түріДерексіз
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
әдебиет теориясы жаңа бағдарлама

Поэзия 
- әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы. Мұнда өмір 
құбылыстары сезім талдықпен қабылданып, әсерлі бейнеленеді. 

Поэма
(грек. poiета - туынды, шығарма) - оқиғаны өлеңмен баяндайтын 
көлемді шығарма. Мұнда оқиға өлеңмен, кейде жыр-толғау түрінде 
баяндалады. 
А.Құнанбайұлы, 
Ш.Құдайбердіұлы, 
М.Жұмабаев, 
С.Сейфуллин, І.Жансүгіров поэмалары қазақ поэзиясының көш басында 
тұр. Сонымен бірге М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы да 
бар.

Прототип 
(грек. бірінші немесе саусақ таңбасы, із) - автордың образ 
сомдауына негіз болған нақты тарихи тұлға немесе өмірде болған яки өмір 
сүріп жатқан адам. Яғни, прототип авторға әдеби кейіпкер жасауда үлгі 
ретінде қызмет атқарады. Кейбір жазушылар қаһармандарын өмірде болған 
адамның бейнесіне лайықтап жасайды. Прототипті білу жақсы білдім деген 
кітаптың өзінің жаңа беттерін ашады.

Пролог 
(грек. prologos – алғы сөз ) - көркем шығармаға кіріспенің бір түрі. 
Көркем шығарманың оқиға мазмұны мен мәнін оқырманға таныстыратын 
кіріспе бөлімі. Мұнда кейде негізгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға 
баяндалады, кейде бас кейіпкердің өткен өмірінен бірер көрініс беріледі
кейде автордың ой өзегінен аздаған сыр айтылады.

Перифраз
(грек. periphrasis – айналым ) - ауыстыра қолданудың бір түрі. 
құбылыстар мен заттарды атымен емес, олардың айрықша қасиет- 


белгілерімен орын ауыстыра қолдану. Ауыстыру тәсілінің бұл түрі көркем 
туындының идеялық эстетикалық көркемдігін арттырып, мағыналық 
өсерлілігін күшейтеді. Мысалы: түз патшасы (арыстан), дала кемесі 
(комбайн), дала қоңырауы (Ыбырай Алтынсарин), қара алтын (көмір), ақ 
алтын (мақта), пәниден бақи кетті, аққу ұшып көлге кетті (өлді) және т.б.

Роман
(франц. roman, нем. ағылш. Novel ) – көпжелілі эпикалық шығарма . 
Романда ұзақ уақыт байтақ кеңістік қамтылады. Кейіпкерлер бейнесі ол 
өмір сүрген уақытпен суреттеледі. Қазақ әдебиетінде роман жанрын 
М.Дулатұлы, Т.Жомартбаев, С.Көбеев, Ж.Аймауытұлы, Б.Майлиндер 
қалыптастырды. М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы - ХХ ғасыр 
басындағы ұлттық әдебиетке қосылған үлкен табыс.

Роман-эссе
- роман мен эссе жанрларының негізгі ерекшеліктерін 
жинақтаған әдеби жанр. Мұнда бір дәуірдің көпжелілі оқиғасы 
кейіпкерлердің өмір сүрген уақытымен суреттеліп, оқырманды тың 
ойларға, соны болжамдарға жетелейді. С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ 
кешу», С.Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ.Мүстафиннің «Өмір белестері» 
шығармаларында мемуарлық сипат басым. Ұлттық әдебиетте О.Бөкейдің 
«Ел мен жер», Қ.Салғараның «Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы 
тарихы», «Қазақтар» атты төрт томдық роман-эссесі, З.Қабдоловтың 
«Менің Әуезовім», М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» т.б. роман-эсселері 
бар. Бұл шығармаларды мазмүнына қарай өз ішінен бірнеше топқа бөлуге 
болады. Мәселен, М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінен тарихи- 
биографиялық ерекшелік байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет