қатыстырылады. Кейіпкерлерді сөйлестіруде диалог төсілі жиі
қолданылады.
Миф
(грек. mythos – баян, аңыз, мысал) – әлем мен дүниенің жаратылуы
туралы ең алғашқы көне түсініктер жүйесі. Қоршаған орта мен әлем, аңдар
мен құстар, ру-тайпалар мен адамдар жаратылысы туралы алғашқы
адамдардың наным-сенімдері.
Модернизм
(франц.moderne – ең жаңа, қазіргі) – ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ға-сырдың басындағы әдебиет пен өнердегі идеялық бағыт. Бұл
бағыттың басты ерекше-лігі – болмысты классикалық қабылдаудан
толықтай
бас тарту, стильдің шарттылығы және көркем формалардың
үздіксіз жаңаруы. Модернистер композицияға, тілге көптеген стильдік,
көркемдік сынақтар жасады. Модернистік
шығарма авторы абсолютті
ақиқатты және дайын тұжырымдамаларды жеткізуші емес, шығарма
мәтініндегі ақиқаттың салыстырмалылығын көрсетуші.
Неореализм
– ХХ ғасырдың басында Ресейде пайда болған,
әлеуметтік
шындықты, күнделікті өмірді деректілікпен өте нақты бейнелеуге
тырысқан антифашизмге не-гізделген бағыт. Басты ерекшелігі – көркем
шығармада әлеуметтік мотивтер мен әлеуметтік талдауларды түрлі күрделі
формалық өзгерістерден қашып, барынша
қарапайым тілмен жеткізуге
тырысуында.
Неореализмнің
кинематография
саласымен
тығыз
байланыста болуы – оның негізгі ерекшелігі.
Неоромантизм
– қоршаған ортаны, шынайы өмірді жоққа шығару басым
болып келетін көркемдік әдіс. ХХ ғасыр шығармаларында өмірдің күнгейі
мен жарқын жақтарын көтере суреттеу басым болса, ХХІ ғасыр әдебиетінде
өмірдің көлеңкелі жақтары мен сүреңсіз тұстарын суреттеуге көбірек көңіл
бөлінуде.
Өлең
– ырғағы мен ұйқасы, шумағы мен бунағы белгілі бір тәртіпке
бағынатын шағын көлемді поэзиялық шығарма. Өлең шумақтарға бөлінеді.
Әр шумақ тармақтардан,
тармақ бунақтардан, бунақ буындардан тұрады.
Өлең бунақ пен буындарға өзіндік ырғағына байланысты бөлінеді.
Өлең – сөздің патшасы, // сөз сарасы, (а)
Қиыннан // қиыстырар // ер данасы. (a)
Тілге жеңіл, // жүрекке // жылы тиіп, (0)
Теп-тегіс, // жұмыр келсін // айналасы. (а)
Бүл – бір шумақ өлең. Берілген бір шумақ төрт жолдан, яғни төрт
тармақтан, әр тармақ 11 буыннан, айтылу ырғағына байланысты з бунақтан
құралған.
Достарыңызбен бөлісу: